Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ):
ББЖМ – білім алушылардың білім сапасын бақылаудың дербес құралы. Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы № 17769 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келеді.
4 Сынып.
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл – 30.
ББЖМ 9-сынып. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы. Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл – 75.