«BOOKCROSSING» кітап оқу алаңы ашылды📚📖📕📗📘📙

Мектебімізде өте керемет жаңалық! 💫
ІІ оқу тоқсанының алғашқы оқу күні ұстаздар мен мектеп оқушылары үшін рухани қазыналы күн болып басталды.
Күзгі апталық демалыс бойы дайындық жұмыстары жасалып, мектеп төрінен мұғалімдер мен мектеп оқушыларына берер рухани азыққа толы жарқыраған әрі еркін кітап оқуға мүмкіндік жасалған шағын орталық ашылды.
Арнайы осы күнге әрі жақсы нышанмен, әрі оқушыларға жаңа серпін сыйлау мақсатында алдын-ала жоспарланған «100 СЫНЫП — 100 КІТАП» акция өткізілді.
Мектебімізде жүзден аса сынып бар екенін ескере отырып, әр сынып кітап сөресіне сынып атынан бір-бір кітаптан сыйға тартып, сөренің сәнін де, мәнін де кіргізді.
Мектеп басшысы Г.Енсегенова және мектеп ұжымы, 11-сынып оқушылары мен ”Өзін-өзі басқару” ұйымы мүшелерінің қатысуымен ашылған кітаптар әлемінің лентасын мектеп парламентінің Президенті Д.Қартбай кесті. Кітап сөресіне ең алғашқы кітаптарды мектеп басшысы сыйға тартып, сөреге орналастырды. Сонан соң рет-ретімен әр сыныптар бойынша дәліз бойына шағын жиын өткізіліп, оқушылар сөреге әкелген кітаптарын таныстырып, алғашқы бетіне естелік тілектерін жазды.
Ең қуаныштысы бұл акцияға ата-аналар да өте белсенді ат салысты. Кейбір сыныптар тіпті авторы бір кітаптың 3 томын әкелді яғни 3 кітаптан, 4 кітаптан сыйға тартты.
“Оқуға құштар мектеп” жобасының қатысушылары акцияның бастапқы рөлінде болып, кітаптарын жарыса әкелді.
Нәтижесінде екі күнге жалғасқан акцияда кітап сөресіне 150ге жуық кітап қойылды.
Қоңырау сәтінде сөре жанында қолындағы кітабына үңіле қарап, әр бетін парақтап отырған оқушыларды көргенде керемет күйге бөленіп жүрген мұғалімдер де дән риза!

Оқуға құштар мектебімізде оқуға құштар оқушылар көбейсін деген ниетте жасалынған керемет дүние баршамыздың игілігімізге жарасын!

Кітап сөресі кітапхана жанында орналасқан. Кітапханашы Қ.Бақытжанова оқырмандарының екі есе көбейгеніне қуанып, ризашылығын білдірді.
Іске сәт, “Оқуға құштар мектеп” жобасы!📚

🗓️07 қараша, 2022жыл.