ББЖМ – білім алушылардың білім сапасын бақылаудың дербес құралы. Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы № 17769 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келеді.

4 Сынып.

 4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:   Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;  Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл – 30.