Жаңалықтар

План мероприятий предметной недели русского языка и литературы

2023-2024 учебный год

Активизация познавательной деятельности учащихся при использовании современных педагогических технологий в рамках обновлённой  программы образования.

«Доброта-спасет мир» 

Дата

Мероприятие

Класс

Время

Учитель

Кабинет

4.03.2024г

Открытие предметной недели

Конкурс кроссвордов «Знатоки русского языка и литературы»

 по русскому языку и литературе.

 

5-11 кл.

8.00-10.00

 

Учителя предметники

 

 

4.03.2024г

Открытый урок: Н.Носов. «Фантазеры»

5 «Г»

10.05-10.45

Искендирова М.Б

каб.103

Открытый урок: «Первый учитель»

3 «Ж»

15:35-16.15

Шегебаева К.М.

каб.3102

5.03.2024г

Открытый урок: «Арыстан,я и виолончель»

7 «Д»

18.35-19.20

Сиражатова А.А

каб.103

Открытый урок :Казахская народная сказка «Ер-Тостик»

6 «Д»

17.55-18.35

Бердибай А.С.

каб.304

6.03.2024г

Открытый урок: «Страна чудес»

5 «Ж»

8.00-8.40

Узакбаева А.А.

каб.205

Открытый урок:Н.В.Гоголь «Стросветские помещики».

8 «Д»

14.50-15.30

Нурлыбаева Ж.Т.

каб.105

7.03.2024Г

Закрытие предметной недели. Подведение итогов.

 

12.00-12.40

Учителя МО

каб.202

Конкурс кроссвордов «Знатоки русского языка и литературы» по русскому языку и литературе.
Физика Информатика бірлестігі апталығы аясында Шихина Анар және Джангалиева Анардың өткізген "Ақыл battle" сайысы.
Физика Информатика бірлестігі апталығы аясында Еңсеген Ақеркенің “Электр тогының жұмысы”тақырыбына өткізген ашық сабағы.
Физика-информатика бірлестігі апталығы аясында физика пәні мұғалімі Жеткіншек Ақдананың 10 сыныптар арасында өткізген “Білімді бәсеке” интеллектуалды сайысы
"Үздік ақпараттық оқыту технологиясы" атты физика-информатика пән бірлестігі апталығы өткізілді
Ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаудан “Қолөнер -ұлттық қазына” тақырыбындағы байқаудың қалалық кезеңі

Ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаудан “Қолөнер -ұлттық қазына” тақырыбындағы байқаудың қалалық кезеңінен
ІІ орын иегері “Тоқыма бұйымдарын дайындау:тоқу” номинациясы бойынша 8”ә” -сынып оқушысы Жоламан Айкен
Жетекшісі Маштанова Манзира Көбейханқызы;
ІІІ орын иегері “ Ағашты көркемдеп өңдеу, күйдіргіш станокпен” номинациясы бойынша 8”ә”-сынып оқушысы Құрбанов Ерасыл
Жетекшісі Семирханов Кадырханды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

16.02.2024 жылы күні өткен ІХ халықаралық “Roboland-2024” роботехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің облыстық кезеңі

16.02.2024 жылы күні өткен ІХ халықаралық “Roboland-2024” роботехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің облыстық кезеңінен
ІІ орын иегері «3D прототиптеу» санаты бойынша 6-сынып оқушысы
Нұржанұлы Юсуф
Жетекшісі Рысғалиев Сұлтанбек Сағидуллаұлын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты математика пәні бірлестігінің апталығындағы іс-шаралар жоспары (22.01-26.01.2024)

«Математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты математика пәні бірлестігінің апталығындағы іс-шаралар жоспары (22.01-26.01.2024)

Мазмұны

Уақыты

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы (дәлізді безендіру, 5-11 сыныптарға викториналық сұрақтар, ойындар ұйымдастыру)

22.01

Бірлестік мүшелері

2

«Математика зеректері» 5, 9, 11-сынып оқушыларына арналған ойындар (2-сабақ,  дәлізде)

23.01

Жусипова К.

3

«Параллелограмм ауданына есептер шығару», 8Е-сынып, 306 каб (4-сабақ)  

23.01

Балтабаева А.

4

5-сыныптарға арналған «Математикалық прогрессия» сайысы, (І, ІІ тур), 306 каб, (6-саб)

23.01

Альмуратова П.

Шагатаева К.

5

«Кім тапқыр?» 6,7,8-сынып оқушыларына арналған ойындар (2-сабақ, дәлізде)

23.01

Туралханова Г.

6

«The best mathematician» атты 7-сыныптар арасында сайыс 105 каб (1-сабақ)

24.01

Есімова Ф.

Ерке Ү.

7

«Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру», 5 З-сынып, 306 каб (5-сабақ)

24.01

Ақиқатова Г.

8

«Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері», 9 Г-сынып, 302 каб, (3-сабақ)

24.01

Раимов А.

9

«Есіңде ме сол бір пән?» пән мұғалімдеріне арналған ойындар (2-сабақ, дәлізде)

24.01

Утепова Ж.

10

«Квадраттық функция және оның графигі», 8 Ғ-сынып, (2-сабақ)

24.01

Тоқсанбекова Ә.

11

«Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару»,     6 Ғ-сынып, (5-сабақ)

25.01

Нуралиева А.

12

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» 10-сыныптар арасында сайыс, (12:30)

25.01

Аленова С.

13

6-сыныптарға арналған «Математикалық прогрессия» сайысы, (І, ІІ тур), 306 каб, (12:50)

25.01

Альмуратова П.

Шагатаева К.

14

«Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері», 6А-сынып, 306 каб (2-сабақ)

26.01

Набидоллаева А.

15

Мектеп мұғалімдеріне арналған «Не? Қайда? Қашан?» ойыны (апталықты қорытындылау) (6-саб)

26.01

Бірлестік мүшелері

Бірлестік жетекшісі:                                Альмуратова П.

26.01.2024 ж. күні  6А-сыныбына «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері» тақырыбында Набидоллаева А. ашық сабағын өткізді.  Сабақ барысында оқушылар әртүрлі бағдарламалар қолдану арқылы есептерді қызығушылықпен шығарды. Сабақ жоспары АКТ құралдары мен әдіс-тәсілдерді тиімді таңдау арқылы жоспарланған. Апталықтың жабылуына орай бірлестік мүшелері басқа пән бірлестіктерінен іріктелген мұғалімдерге «Не? Қайда? Қашан?»  ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынға мектеп әкімшілігі мүшелері мен мұғалімдерден бірлескен топ белсене қатысты. Ондағы логикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жауаптарын дәлелді. Апталық шаралары қорытындыланып, сабақтары талқыланды. Жас мамандарға тәжірибесі мол ұстаздар пікір-ұсыныстарын айтты.

«Математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты математика пәні бірлестігінің апталығы бойынша

А Қ П А Р ЛА М А

Ағымдағы жылдың 22-26 қаңтар күндері аралығында математика пәні бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың ашылуында бірлестік мүшелері екі ауысымдағы оқушыларға да математикалық жұмбақтар, есептер, формулалар, сұрақтар қою арқылы  «көңілді үзіліс» ұйымдастырды.

23.01.24 ж. күні математика пәні мұғалімі Жусипова К. 5, 9, 11-сынып оқушыларына арналған «Математика зеректері» ойынын ұйымдастырды. Онда оқушылар есептермен байланысқан түрлі ойындар ойнап, нәтижесінде сабаққа қажетті құралдармен марапатталды. Апталық шарасы ары қарай 5-сыныптарға арналған «Математикалық прогрессия» сайысымен жалғасын тапты. Ол сайыста математика пәні мұғалімдері Альмуратова П. Мен Шагатаева К. олимпиада есептерінен тұратын екі тур ұйымдастырды. Ондағы мақсат олимпиада резервтерін анықтау. Сайыс соңында оқушылар марапатталып, сайыс есептері талқыланды.  Түскі ауысым мезгілінде Балтабаева А. «Параллелограмм ауданына есептер шығару» тақырыбында 8Е-сыныбына ашық сабақ өткізді. Онда оқушылар топтарға бөлініп есептер шығарып, есептері штрих код арқылы тексерілді. Мұғалім сабағын түрлендіріп, АКТ құралдарын мейлінше тиімді қолданып өткізді. Туралханова Г. 6-8 сыныптар арасында «Кім тапқыр?» ойынын қйымдастырып, түрлі ойындар мен есептер шығартты. Көп ұпай жинаған оқушыларды тәттілермен марапаттап, қызығушылығын арттырды. Орта буын оқушылары жоғары белсенділікпен қатысты.

24.01.2024 ж. күні бірлестігіміздің ең жас маманы Ақиқатова Г. 5 З-сыныбына «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыбында ашық сабағын өткізді.  Сабақта оқушылар жаңа материалды меңгерген соң, рандом-генератор арқылы кезекпен есептер шығарды. 9 Г-сыныбында Раимов А. «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Онда оқушыларға бейнеролик арқылы жаңа материал таныстырылды. Оқушылар тригонометриялық функциялар қасиеттерін қолданып бірнеше жаттығулар орындады.  Бірлестік мүшелері Альмуратова П. мен Шагатаева К. 6-сыныптар арасында да «Математикалық прогрессия» сайысын өткізді. Онда жоғары ұпаймен жеңіске жеткен оқушылар марапатталды. Сайыс олимпиада есептерінен құралған 2 турмен ұйымдастырылды. Ал, Есімова Ф. мен Ерке Ү. 7-сыныптар арасында «The best mathematician» атты сайыс өткізді. Оған  7-сыныптар арасынан есептер шығару арқылы іріктеліп алынған оқушылар қатысты. Сайыс жоспары бірнеше турдан тұратын қызықты тапсырмалармен құрастырылған. Оқушылардың қызығушылығы артып, жоғары белсенділікпен қатысты. Жеңіске жеткен оқушылар дипломдармен марапатталды. 8 Ғ-сыныбында Тоқсанбекова Ә. өзінің «Квадраттық функция және оның графигі» тақырыбындағы ашық сабағын АКТ құралдарын пайдалана отырып өткізді. Онда арнайы бағдарлама арқылы квадраттық функцияның графиктерін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар квадраттық функция графиктерінің парабола төбесін, абсцисса, ордината осьтерімен қиылысу нүктелерін есептеуді үйренді. Утепова Ж. басқа пән мұғалімдеріне арналған «Есіңде ме сол бір пән?» ойынын ұйымдастырды. Онда мектеп мұғалімдері математикалық сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарды. Шараға мұғалімдер қызығушылықпен  қатысып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

25.01.2024 ж. күні Нуралиева А. 6 Ғ-сыныбында «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ бірнеше бөліммен құрастырылған. Онда оқушылар мәтінді есептерге бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер құрып, оларды шешті. Сабақ барысында оқушылардың есебі телефондағы әртүрлі бағдарламалар арқылы тексерілді. Аленова С. 10-сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын өткізді. Ойын бірнеше турдан құралған. Бұл ойынға 10-сыныптардан іріктелген 6 оқушы қатыстырылды. Ойын барысында оқушылар әртүрлі пәндер тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты. Жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.

Математикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі І турдан өтіп, ІІ турға қатысып қала бойынша 

Математикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі І турдан өтіп, ІІ турға қатысып қала бойынша “Үздік 200 оқушы” марапатына ие болған 5-сынып оқушысы Жеткізген Гүлназ
Жетекшісі Ақиқатова Гүлжан Сенбайқызын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Үздік 200 оқушы” марапатына ие болған
5 “Ж”-сынып оқушылары Азанқұл Хадиша
Рустам Ләйлә
Қайырбек Аңсар
Жетекшісі Ақиқатова Гүлжан Сенбайқызын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
 “Үздік 200 оқушы” марапатына ие болған
5 “Ғ”-сынып оқушысы Салауатұлы Әли
Жетекшісі Имамединова Ұлмекен апайды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

08.02.2024 жылы күні өткен ІХ халықаралық “Roboland-2024” роботехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қалалық кезеңі

08.02.2024 жылы күні өткен ІХ халықаралық “Roboland-2024” роботехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қалалық кезеңінен

ІІІ орын иегерлері “Шығармашылық” санаты бойынша 5-сынып оқушылары Ардақұлы Ақниет
Ағзам Ақниет

Аманжол Ерасыл

Жетекшісі Андирханова Айгерімді Аллабергенқызы;

ІІ орын иегерлері «Кегельринг-квадро» санаты бойынша 8-сынып оқушылары
Жетибаев Есенияз

Жетибаев Жұманияз

Жетекшісі Андирханова Айгерімді Аллабергенқызы;

І орын иегері «3D прототиптеу» санаты бойынша 6-сынып оқушысы
Нұржанұлы Юсуф

Жетекшісі Рысғалиев Сұлтанбек Сағидуллаұлы;

ІІІ орын иегерлері “Робот құрастыру” санаты бойынша 3-сынып оқушылары
Сағыдулла Исламбек

Қанатбек Нұрсұлтан

Жетекшісі Рысғалиев Сұлтанбек Сағидуллаұлы;

ІІІ орын иегерлері “Басқарылатын роботтардың шағын футболы” санаты бойынша
6-сынып оқушысы Бекберген Бекболат

4-сынып оқушысы Кызылкулов Берекет

Жетекшісі Рысғалиев Сұлтанбек Сағидуллаұлы.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11(12) –сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11(12) –сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен
•ІІ орын иегері қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Қосай Ақбота Азаматқызы
жетекшісі Джумабаева Эльмира Суйеуовнаны
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Математика пәнінен “Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінің

Математика пәнінен “Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінің
•ІІІ орын жеңімпаздары
5-сынып оқушысы Салауатұлы Әли
Жетекшісі Имамединова Ұлмекен;
6-сынып оқушысы Набиханұлы Мансур
Жетекшісі Набидоллаева Айкөркем;
•Грамота ерекше жетістігі үшін
6-сынып оқушысы Айжарық Нұрбек
Жетекшісі Тұралханова Гүлмаржан;
4-сынып оқушысы Оңайбай Алинұр
Жетекшісі Рахметова Гүлімай;
3-сынып оқушысы Кәусар Ерікбай
Жетекшісі Ақмурзина Маржангулді
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

  1. 5-6 сынып оқушыларына арналған “Алтын сақа ” олимпиадасының мектепішілік кезеңіне қатысушылар.
  2. 3-4 сынып оқушыларына арналған “Алтын сақа ” олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 58 оқушы қатысты.

IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Қызғызстан. Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен 385-ден астам мұғалім қатысты.
Маңғыстау облысынан аталған пәндер аясында 27 мұғалім бақтарын сынады.
Оның ішінде 20 мұғалім жеке сайыстар бойынша үздік деп танылып, арнайы дипломдармен марапатталды:
2 Информатика пәні бойынша:
Ү I орын – Мақсатов Шалқар (Түпқараған ауданы);
IIII орын – Мұқан Ақырза Ордалықызы (Ақтау қаласы), Елжанова Гульназ Жексенбаевна (Мұнайлы ауданы);
* IV орын – Акмурзаева Жибек Базарбайқызы (Мұнайлы ауданы).
Жеке сайыстардың нәтижесін есептей келе, топтық сайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы жүлделі * II орынға ие болды.
Байқау соңында жаратылыстану-математика саласындағы білікті мамандар мен ғалымдардың қатысуымен семинарлар, кездесулер өткізілді.
Әріптестерді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылықтабыс тілейміз! Облысымыздағы математика. физика, информатика пәні мұғалімдерінің мәртебесі арта берсін!

05.10.2023

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған, дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету мақсатында өткізілген «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде төрелік жасаған әділқазылар шешімімен жүлделі орындарға ие болған төмендегі оқушылар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды:

«Менің ашық университеттерім» номинациясы
І орын – Мұратова Айым Оралбекқызы, №21 ЖББМ, жетекшісі Думбаева Дамеш Айтбаевна;
«Казақстанның жеті кереметі» номинациясы
І орын – Жауымбай Аружан Жанибекқызы, №21 ЖББМ, жетекшісі Думбаева Дамеш Айтбаевна;
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы
ІІ орын – Серікқалиқызы Іңкәр, № 21 ЖББМ, жетекшісі Шугаева Мадина Берікқызы;
«Жаңғырту полюсі» номинациясы
ІІІ орын – Суингалиева Амина Исатаевна, №21 ЖББМ, Калмурзаева Орынгул Кашкынбаевна;
«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы

І орын – Алдабергенова Айтгуль Ермековна, №21 ЖББМ, Санақова Гүлнұр Асхатқызы;
« Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің І орын жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды. Облысқа жолдама алған жеңімпаздарға сәттілік! 25.09.2023

ЖЕТІСТІКТЕР СӨРЕСІ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ТОЛЫҚТЫ

Солтүстік Каспийдегі теңіз операцияларының басталғанына 30 жыл толу мерейтойы аясында NCOC компаниясының демеушілігімен және ұйымдастыруымен өткен «STEM-2023» Маңғыстау облыстық ашық чемпионатында мектебіміздің 8-сынып оқушылары Жетібаев Есенияз Жетібайұлы “Көрмелер байқауы” бағыты бойынша ІІ орынды иеленсе, Жетібаев Жұманияз Жетібайұлы “Робо Сумо” жарысы бойынша ІV орынды еншіледі.
Жетістік иелерінің жетекшісі мектебіміздің информатика пәні мұғалімі, “Робототехника” үйірмесі бойынша қалалық,облыстық байқауларда жетістіктерге жетіп, республикалық додаларға қатысып жүрген Әндірханова Әйгерімнің айтуынша бұл оқушылар өте алғыр әрі ойлау қабілеттері жоғары, тез меңгеруге машықтанған.
Және осындай алғыр, ізденімпаз, талапты оқушыларға жігер беру мақсатында осындай чемпионаттар жиі өткізілсе дейді.
Оқушыларға арнайы дипломдар мен сыйлық табысталып, ата-аналар да бір марқайып, ұйымдастырушы компания мен мектеп ұжымына, жетекшіге алғыс білдірді.

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік грант иегері анықталды.

Мектебімізден түлеп ұшқан 106 шәкірттің 33-і мемлекеттік грант иегері атанып, 1-еуі университет ұйымдастырған олимпиада жеңімпазы ретінде грант иеленді.
«Алтын белгі» белгісінің иегері:
1. Әнебаева Меруерт Бекболқызы-Химия мұғалімдерін даярлау-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
2. Досаева Аружан Аралқызы-Көлік қызметтері- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

«Үздік аттестат» иегерлері:
3. Сабыр Таңсамал Жасұланқызы- Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар-Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.
4. Жолдыбай Абылай Тимурұлы-Ақпараттық технологиялар-Сулейман Демирель атындағы университет.
5. Ізбасхан Әселхан Қартқожақызы- Ақпараттық технологиялар- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
6. Агартуева Мадина Амалбекқызы- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
7. Талғатова Мадина Асхатқызы- Педиатрия- М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.
8. Уразбаева Арайлым Саламатовна- Медицина- Қарағанды медицина университеті.
Мемлекеттік гранттар:
9. Абдрахман Ернұр Қуанышұлы- Ақпараттық қауіпсіздік- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.
10. Әмірхан Арайлым Талғатқызы- Сәулет- Халықаралық білім беру корпорациясы.
11. Балқожа Қасым Сұңқарбекұлы- Электр техникасы және автоматтандыру- Алматы технологиялық университеті.
12. Басықара Нұрсұлтан Амантайұлы- Механика және металл өңдеу- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.
13. Бердіханов Ернұр Ерболатұлы- Кадастр және жерге орналастыру- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
14. Бөлек Жандос Болатұлы- Кадастр және жерге орналастыру- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.
15. Джамаледин Меруерт Ануарқызы- Кадастр және жерге орналастыру- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.
16. Емельян Алишер Асарұлы- Кадастр және жерге орналастыру- Халықаралық білім беру корпорациясы.
17. Есенжанұлы Айдын- Ақпараттық технологиялар- Қазақстан-Британ техникалық университеті.
18. Жұмабай Нұрахмет Бауржанұлы- Ақпараттық технологиялар- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.
19. Келеман Дана Сәрсенбекқызы- Электр техникасы және энергетика- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.
20. Кенганов Бекзат Клышбекович- Ақпараттық технологиялар- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.
21. Қайратұлы Жансерік- Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
22. Қуанов Данияр Ерланұлы- Ақпараттық технологиялар- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
23. Назархан Жансая Іңірғалиқызы- Шет тілі мұғалімдерін даярлау- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
24. Нәби Кәмшат Тілекбергенқызы- Кадастр және жерге орналастыру- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
25. Оралбай Самат Қанатұлы- Электр техникасы және энергетика- Логистика және көлік академиясы.
26. Орынбасар Дияр Ордабайұлы- Электр техникасы және автоматтандыру- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
27. Оспан Ернұр Қайратұлы- Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
28. Өренқызы Самал- Химия мұғалімдерін даярлау- Астана халықаралық университеті.
29. Өтек Диляра Дәуренқызы- Физика- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
30. Сағын Сержан Таңатарұлы- Механика- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
31. Салимқызы Назира- Кадастр және жерге орналастыру- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
32. Сүлеймен Мәди Ғабитұлы- Ақпараттық технологиялар- Қазақстан-Британ техникалық университеті.
33. Тенельбаев Әлібек Ғалимжанұлы- Ақпараттық қауіпсіздік- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. 

Университет ұйымдастырған олимпиада жеңімпазы, ішкі грант иегері.
34. Аманқос Нұрдәулет Нұрланұлы – География пәні бойынша- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.

Қалаубаева Зейнеп Бекмолдақызы, Маңғыстау облысының  білім басқармасының     
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін  мектеп» КММ, тарих пәні мұғалімі, мектеп директорының орынбасары.
Педагогикалық еңбек өтілі 35 жыл, аталған мектепте 12 жыл еңбек етіп келеді. 
Тарих пәні мұғалімі ретінде педагог-зерттеуші, басшының орынбасары ретінде ІІ санатты басшы орынбасары біліктілік санаты бар тәжірибелі маман.
     1988 ж Гурьев педагогикалық институтын тарих, қоғамтану және заң қосымша мамандығы бойынша бітірген, еңбек жолын Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылындағы орта мектепте бастады. Өзі түлеп ұшқан мектепте тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінде  2001 ж дейін үздіксіз еңбек етті, 2001 ж маусымнан бастап күні бүгінге дейін Ақтау қаласында педагогикалық қызметін жалғастыруда. 
 Жетістіктер                                                                                          
1. 2014 ж Ақтау қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
2. 2014 ж  Ақтау қаласы әкімінің «Алғысы»
3. 2019 ж  Маңғыстау облысы әкімінің Алғысы 
4. 2017 ж  «Өрлеу» БАҰО «Алғыс хаты»
5. 2018 ж «Ақтау 55» мерекелік медалі
1. 2014 ж ,Тарих пәні мұғалімдерінің олимпиадасы қалалық кезеңі, І орын
2. 2014 ж, Тарих пәні мұғалімдерінің  олимпиадасы облыстық кезеңі, ІІІ орын-
3. 2017 ж,  Тарих пәні мұғалімдерінің эссе байқауы, Бас жүлде
4. 2020 ж , І республикалық  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломы 
5. Білім беру ұйымының білім беруді басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың жәрдемдесуімен өткізілген білім беру ұйымдарына арналған аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың және өзге де сайыстардың жүлдегері  болуында өзіндік қолтаңбасы бар.
2016 ж «Орта білім беретін үздік білім беру мекемесі» қалалық кезеңінің Бас жүлдесі                                                                                          
2023 ж «Орта білім беретін үздік білім беру мекемесі» қалалық кезеңінің ІІІ орын                 
Оқушы жетістіктері
1. 2016 ж 5-8 сынып оқушылары арасындаға пәндік олимпиаданың жеңімпазы Қалпан Нуркен қалалық кезеңінің І орын,  облыстық кезеңінің ІІ орын                  
2.2020-2021 оқу жылы республикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін «Тарих ата» олимпиадасы 5 оқушы жеңімпаз –  
3. 2014ж. 11б сынып оқушысы Бекқали Н.КазГЮа өткізген «Егемен Қазақстан» жобасына қатысып, арнайы сертификатқа  ие болды-                       
4. 2022 ж 6 оқушы Қазақстан тарихы бойынша онлайн олимпиада жеңімпазы 
5. 2022ж «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» тақырыбындағы байқаудың қалалық кезеңінде оқушысы М.  Сейітханұлы   ІІІ орын жеңімпазы атанды.
  Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары:
2015 ж «Апталық тартулары» мақала, облыстық «Маңғыстау» газеті;
2015/4  «Білім беру үдерісіндегі ресурстар» республикалық «Ұстаз келбеті» журналында жарық көрген.                        
2018 ж «Жүзден жүйрік шыққандар» республикалық «Білімді ел-Образованная страна» газетінде  мақаласы жарияланды
2023 ж, «Мектептегі әдістемелік және пән мұғалімі ретіндегі қызметтерді ұйымдастыруда Google қызметтерін  тиімді қолдану» мақаласы «Маңғыстау әдіскері» журналында жарияланды №2(32) 2023ж  
2021, 2022 жылдары қалалық мектеп басшылары орынбасарларына арналған әдістемелік семинарларда баяндама жасады.
2022 ж 17 мамырда «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру: тәжірибе және перспектива» тақырыбында ауқымды әдістемелік-практикалық семинар ұйымдастырып өткізді.
2023 ж 18 мамырда жетекші және серіктес мектептер(№15,17,21) жас мамандары арасында «Заманауи жас маман»  байқауын ұйымдастырды.  
2018ж-2023ж  «Акт қолдануды жетілдіру: жеке сандық ресурстарым» (Kahoot.com платформасына 20 материал енгізілді) https://create.kahoot.it/profiles/9d98691b-1d18-4708-8385-b2690bddd68c             
2017-2023 ж қалалық, облыстық  (мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігіне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізетін) сараптамалық кеңес мүшесі
2019-2023 ж Білім және ғылым министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде  сарапшылар кеңесінің мүшесі
 Білім берудегі қол жеткізген шығармашылық жетістіктері, маңызды табыстары мен нәтижелері үшін Қалаубаева Зейнеп Бекмолдақызының кандидатурасы  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  Алғысына ұсынылады.
 

Нетшеева Нурлыгуль Армиевна, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының орынбасары
Педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл, аталған мектепте 10 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі ретінде педагог-зерттеуші, басшының орынбасары ретінде ІІ санатты басшы орынбасары біліктілік санаты бар тәжірибелі маман.
Жетістіктері:
2013ж, «Табиғат ғажайыптары» атты жұмысы Ақтау қаласы деңгейінде таратылды.
2017ж, РеспубликалықБастауыш сынып интернет олимпиадасы 1-дәрежелідиплом
2017ж, Республикалық«Қазақстан Ұстазы» 1-дәрежелі дипломымен марапатталған.
2017ж, Облыстық «Жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын шығармашылық тапсырмалар арқылы қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сынып ұйымдастырды. «Өрлеу»Ұлттық біліктілік арттыру орталығы ұйымдастырған шарада өз тәжірибесің ортаға салды.
2017ж, Облыстық«Жаңартылған білім мазмұнын игерудегі сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді стратегиялары» тақырыбындағы шеберлік сыныпты «Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Облыстық оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығында» әдістемелік көмек ретінде ұйымдастырды.
2017ж, Облыстық«Жануарлардың тіршілік үшін күресі» атты кіріктірілген ашық сабағын «Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Облыстық оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығында» әдістемелік көмек көрсетті.
2023 ж «Бастауыш сынып оқушыларының жазылым дағдыларын қалыптастыру және дамыту жолдары» мақаласы «Маңғыстау әдіскері» жарық көрді №2(32) 2023ж
2022-2023 ж Білім және ғылым министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде сарапшылар кеңесінің мүшесі
Оқушы жетістігі:
2017ж, Қалалық «Көркем жазу»байқауы Жолболдина Қаршыға 2-орын
2017ж, РеспубликалықБастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадада Айтбай Н, Серікұлы А, Тойлыбайұлы М,Бақтыбаев Д,Сартай Х, Махамбетқызы А,Дауіт Д,Қолғанатұлы А,Жарбосин С,Жиенбаева Н,Жолболдина Қ 1,2-орындарды иеленді.
2017ж, РеспубликалықҚР дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізілген «9-мамыр-Жеңіс күні»байқауынан 2-орын, «EXPO-2017» байқауынан Жиенбаева Н 3-орын, «1-мамыр-Ынтымақ күні»байқауынан Бекболатқызы А 1-орын, Тойлыбайұлы М 2-орын, «Құстар біздің досымыз» байқауынан Махамбетқызы А 1-орын иеленді.
2017ж, Республикалық қашықтық олимпиададан Бақтыбай Д 2-орын, Жарбосин С 1-орын,Қолғанатұлы А 2-орын, Жарбосин С 3-орын, Махамбетқызы А 2-орын, Сартай Х 2-орын иеленді.
2017ж, оқушысы Айтбай Нұрғали Ұлттық «Бала дауысы-2017» байқауының жүлдегері атанды.
Нетшеева Нурлыгул Армиевна білім берудегі қол жеткізген шығармашылық жетістіктері, маңызды табыстары мен нәтижелері үшін Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасына» ұсынылады.

Облыстық қоғамдық-саяси “Маңғыстау” газетінің 50 жылдығы, “Маңғыстау-Медиа” ЖШС 10 жылдығына орай өткізілген байқауға Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ атынан қатысқан 11-сынып оқушысы Жолдасбай Жанеркені және педагог-шебер санатты бастауыш сынып мұғалімі Қосжанова Тұрсынгүл Төлепқызын жеңістерімен құттықтаймыз.
Әлеуметтік желідегі парақшаларындағы шағын әңгімелерімен, естеліктерімен көпшілікке танымал Тұрсынгул әріптесіміздің жаңаша әдіс-тәсілдер, сабақты зерттеу мәселелері туралы да салмақты, жүйелі өзіндік ой-пікірлері бар.
Мектептің биылғы түлегі Жолдасбай Жанерке жан-жақты, шығармашылық әлеуетімен ерекшеленіп тұрады. Жетекшісі Мұрсал Жұмагүл Амантайқызы шәкіртінің бойындағы шығармашылық, зерттеушілік, орындаушылық қабілеттерін шыңдай білген жетекші бола білді. 

Мемлекеттік грант үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, жоғары ұпай жинаған түлектерімізді құттықтаймыз!
✅Самат  Әсел 114 ұпай,
✅Жолдыбай Абылай 113 ұпай,
✅Жолдасбай Жанерке 111 ұпай, ✅Назархан Жансая 105 ұпай. Келесі мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, бұдан да жоғары ұпай жинайтынына сеніміміз мол! 

“Робо Маңғыстау-2023″ робототехника қалалық ашық чемпионатынан ІІ орын алған 2″Г”-сынып окушылары Сақтапберген Мерей және Сағыдулла Исламбек жетекшісі Рысғалиев Сұлтанбекті ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 

«Үздік дебат жетекшісі» пікірсайыс турнирі

          Мамыр айында «Амангелді Имановтың 150 жылдығына» орай Ақтау қалалық пікірсайыс жетекшілерінің арасында «Үздік дебат жетекшісі» пікірсайыс турнирі өткізілген болатын.
          Турнирдің негізгі мақсаты – жалпы білім беру ұйымдары арасындағы дебат жетекшілерінің біліктілігін шыңдау, жастардың елдің мәселелеріне талқылау жүргізуіне және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту.
          Мектебіміздің жас мамандары Бүркітова Нұрболған мен Ерке Үміт мүшелері болған «Риторика» пікірсайыс жетекшілер тобы жүлделі І орынды иеленді, сонымен қатар Бүркітова Нұрболған «Үздік оратор» номинациясымен марапатталды. Бұл мамандарымыз сәуір айында өткен «Жастар және ғылым; бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы пікірсайыста да жоғары ұпайларымен топ жарған болатын.
Мектебіміздің оқушылары дебат турнирлерінде қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ерекшеленіп, жетістіктерге қол жеткізуде. Пікірсайыс ойындарының жүйрігі, биылғы 11 сынып бітіруші түлегіміз Аманқос Нұрдәулет өлкедегі жоғары оқу орны Ш.Есенов атындағы университеттің грантын иеленді. Оқушылардың белсенділігін арттыруда, ой-шеңберлерінің, тіл байлығының артуына, байыпты сөйлеу мен ашық, сауатты пікір айтуға баулып жүрген жас маман Н.Бүркітованың еңбегі зор.
С.Қондыбайдың 55 жылдығына орай “Үздік талант ” пікірсайысы турнирінің қорытынды кешінде №21ЖББМ дебат жетекшісі, ағылшын тілі мұғалімі Бүркітова Нұрболған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
17.05.2023
Қалаубаева Зейнеп Бекмолдақызы

“Roboland-2023” халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қалалық кезеңінен ІІ орын иегері 7-сынып оқушылары Жетибаев Жұманияз, Жетибаев Есенияз жетекшісі Андирханова Айгерімді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

            Бастауыш сынып оқушылардың пәндік олимпиадасында ІІІ орын алғаны үшін “№21ЖББМ” КММ -нің 2-сынып оқушысы Ерікбай Кәусар жетекшісі Ақмурзина Маржангүлді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕРІ БОЙЫНША
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ
2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында өтетін 9-11(12) сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі Ақтау қаласы «Балдәурен» демалыс базасында өтті.
Олимпиадаға №21 ЖББМ КММ-нен 10-сынып оқушысы
Қосай Ақбота қатысты. Олимпиада классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі турда қашықтан өткізілді.
Қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәні бойынша грамотамен марапатталған 10-сынып оқушысы
Қосай Ақбота жетекшісі Джумабаева Эльмира Суйеуовнаны ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

Мектеп бітіруші түлектер үшін жоғары оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы Маңғыстау облысы мектеп бітіруші түлектеріне нысаналы білім беру гранты бөлінген болатын. Осы жылы да нысаналы грант бөлінетін болады.
22.04.2023 жылы күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде Білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілі, Ұлттық тестілеу орталығының директоры, еліміздің 42 жетекші жоғары оқу орындары қатысуымен үлкен көрме, кездесу өтті.Шара аясында жоғары оқу орындарының басшылары оқушыларды оқу орындарымен таныстырып, мамандық таңдау бойынша кеңестер берді.
Шараға №21 жалпы білім беретін мектеп түлектері, ата-аналар, мұғалімдер қатысты. #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

III “Абай әлемі” шығармашылық байқауының облыстық кезеңінен «Жүрегімнің түбіне терең бойла……» эссе жазу номинациясынан ІІ орын иегері Ақтау қаласы № 21 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Әлібек Әсет жетекшісі Дәулетқали Сания Сақанқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

Республикалық “Әбіш оқулары” байқауының қалалық кезеңінен иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша ІІ орын иегері 11-сынып оқушысы Тілекбай Райгүл жетекшісі Дәрібекұлы Досатты; Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауынан ІІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Назарбаева Ақырыс жетекшісі Дәулетқали Сәния Сақанқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

Батырлар жырын жатқа айту бойынша “Жақсылар, дастан айтайын…” атты жас жыршылар байқауының облыстық кезеңінен ІІІ орын иегері 7-сынып оқушысы Бақтыбаев Дәулет жетекшісі Абланова Ұлбала Муратбаевнаны құттықтаймыз!!! #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

"ProEco" экологиялық жоба

"ProEco" экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңінен ІІІ орын алған "Туған өлке табиғаты бағыты" бойынша 8 "В" сынып окушысы Қалабаева Жаннұр, "Мені қоршаған әлем - ғажап" бағыты бойынша 8 "В" сынып окушысы Марисова Анеля, " Үздік экологиялық бастама" бағыты бойынша 8 "В" сынып окушылары Мақыш Жарас пен Сұлтанғали Ақбөбек, " Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша 8 "В" сынып окушысы Асхатқызы Орынай жетекшісі Шугаева Мадина Берікқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

“Алтын қазына” көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көркем-байқауының қалалық кезеңінен тоқыма бұйымдарын дайындау номинациясы бойынша ІІ орын алған 8-сынып оқушысы Бердіханова Ақторғын Ерболатқызы жетекшісі Саулебаева Дидара Коскалиевнаны ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #21мектеп #21meqtep @aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

2023 жылдың 21 сәуір күні республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының облыстық кезеңі Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп – лицейі ғимаратында өтті.
Байқаудың мақсаты- философ ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. Республикалық “Мәшһүр Жүсіп оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Білімді зерек адам болаи !”-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен” бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері 9-сынып оқушысы Әлібек Әсет Жалғасұлы жетекшісі Дәулетқали Сания Сақанқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #21мектеп #21meqtep
@aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

Республикалық «Ілияс оқулары» байқауының қалалық кезеңінен «Ұлы тұлғаға арнау» ақынға арнап жазған шығармашылығынан кітапша өлеңдерінің ішінен өзі таңдаған бір-екі өлеңін жатқа мәнерлеп айту бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Қуанышова Жансезім Жетекшісі Ерхан Жанбибі Бақытжанқызын;
«Ілияс- қарасөз шебері» Ілияс Жансүгіровтың прозалық не драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу бойынша 9-сынып оқушысы Есім Мансұр
Жетекшісі Тілекбергенқызы Айнамкөзді жүлделі ІІІ орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14. 03.2023 жылы. Нураганова А

«Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығының VI семинар-отырысы.

28 ақпан күні Маңғыстау облысы бойынша білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығы жоспарына сәйкес  «Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» VI семинар-отырысы болып өтті.

Семинар аясында №21 жалпы білім беретін мектеп  және Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

  • «Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы»/Ашық сабақ/ Әлімбаева Тілектес Аяпбергенқызы.
  • «Өсімдік ұлпаларынан ДНҚ-ны бөліп алу мүмкіндігін зерттеу»/ зертханалық жұмыс/ Жумаев Бекмуханбет Казмухамбетович.
  • «Жаратылыстану бағытындағы сабақтарды жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану»/ Әдістемелік жұмыс/ Даулетов Өтебай Балқыбайұлы.
  • «Каталаза мысалында ферменттердің қасиеттерін зерттеу»/ Зертханалық жұмыс/ тәжірибе алмасу/ Нияз Мадина Мухамбеткалиевна-Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі.
  • «Биология пәні бойынша олимпиадалық күрделі есептерді шығару»/ Шеберлік сыныбы/ Сағадинов Сағындық ӨмірбайұлыАқтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі

28 ақпан 2023 ж 

«Тілші мұғалімдер олимпиадасы-2023»

Олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі , мектебіміздің түлегі, ардагер ұстаз Дәулетқали Санияның шәкірті Гүлшат Таңғали  ІІІ орын алып жүлдегер атанды. Болашағынан үлкен үміт күтеміз, жас маман дайындап сайысқа қатыстырған оқушылары да үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Куразова Акбаян қалалық кезеңнен үздік шығып, І орынды иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен бірге, Акбаянның шәкірті Есгалди Донья (10 сынып) жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының  екінші және үшінші кезеңінің  ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық « Математикалық регата-2023» сайысында мектеп математиктерінен құралған команда  жүлделі ІІІ орынды иеленді, ал қалалық команда құрамында облыстық кезеңіне қатысқан  жас маманымыз  Айбек Раймовты мақтан тұтамыз. Қараша айында өткен «Математикалық прогрессия» сайысында да ерекше көзге түсіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған  болатын.

Ақпан айында өткен «Сұлтан Бейбарыс-ұлы дала елінің барысы» қалалық эссе байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын алған педагог-шебер біліктілік санатты бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынгүл Косжанованың жұмысы білікті қазылар алқасының талқысынан жоғары бағаланды. Тұрсынгүл әлеуметтік желідегі парақшаларында педагогикалық жағдаяттарға арналған жазбалары,әдістемелік ұсынымдары және шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасып отырады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11- сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадасының ​ облыстық кезеңінің жеңімпаздары ІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Есгалди Донья Абдолхалег ағылшын тілінен ​ жетекшісі Куразова Ақбаян Жауынбаевна,

ІІ орын иегері 10-сынып оқушысы қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен Қосай Ақбота Азаматқызы​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ жетекшісі Джумабаева Эльмира Суйеуовна​ ​ , ​

ІІІ орын иегері 11-сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке Мергенқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ жетекшісі Мұрсал Жұмагүл Амантайқызы

1-11-сыныптар арасында ​ І республикалық «ELEMENT-2023» кешенді пәндік олимпиадасы

1-11-сыныптар арасында ​ І республикалық «ELEMENT-2023» кешенді пәндік олимпиадасының қорытындысы

І дрежелі дипломмен ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәні бойынша

4-сынып оқушылары Алтынмерген Ернұр, Кошев Смағұл Азаматұлы, Канаева Жанел жетекшісі Андирханова Айгерім Аллабергенқызын;

2-сынып оқушысы Сағыдулла Исламбек Сұлтанбекұлы, 3-сынып оқушысы Салеш Адина Ғалымқызы, 5-сынып оқушысы Абдагафур Ибрахим Алибекұлы, 6-сынып оқушысы Шоқанқызы Анеля, 7-сынып оқушысы Балабай Рабиға Аманжолқызы, 2-сынып оқушысы Орынғалиұлы ИбраҺим жетекшісі Рысқалиев Сұлтанбек Сағидуллаұлын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11- сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадасының ​ 30.01-03.02. 2023 ж. күндері өткен қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлдегерлерді құттықтаймыз: 9-сынып оқушысы Есгалди Донья Абдолхалег ағылшын тілінен ​ жетекшісі Куразова Ақбаян Жауынбаевна,

11-сынып оқушысы Талғатова Мадина биология пәнінен​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ жетекшісі ​ ​ ​ ​ ​ ​ Майрамов Бексултан Нурмуханович,​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

10-сынып оқушысы қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен Қосай Ақбота Азаматқызы​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ жетекшісі Джумабаева Эльмира Суйеуовна​ ​ , ​

11-сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке Мергенқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ жетекшісі Мұрсал Жұмагүл Амантайқызы,​ ​ ​

10-сынып оқушысы Қартбай Диляра Ғалымжанқызы​ ​ ​ ​ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жетекшісі Жұбан Зоя Темешқызы, ​

11-сынып оқушысы Өренқызы Самал тарих (қазақстан тарихы,​ дүниежүзі тарихы) пәнінен жетекшісі Байталасова Мейрамкул Корабаевна, ​ ​ ​ ​ ​ ​

11-сынып оқушысы Өтек Диляра​ ​ физика пәнінен жетекшісі Узганбаева Нургуль​ Туралиевна​ ​ ​ ​

08.02.2023

"Ұлттық құндылықтар- білімнің қайнар көзі"

2023 жылдың 6 ақпаны күні бастауыш сыныптар бірлестігінде “Ұлттық құндылықтар- білімнің қайнар көзі” тақырыбымен өтіп жатқан апталық аясында “Ұлттық құндылық- тәрбиенің түп қазығы” атты Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді мектептің жоғары санатты мұғалімі- Арипова Құлыншақ жүргізді. Шарада “Қарты бар үйдің қазынасы бар”,”Әке көрген -оқ жонар, шеше көрген- тон пішер”, “Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы” деген мақалдарды негіз ете отырып “Ата-әже”,”Әке-шеше” және “Ұстаз” топтары өзекті тақырыпты талқылады. Құнды пікірлер айтылып, баланы ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып оқытуда үйлесімді жұмыс жасаудың жолдары айтылды. Қатысушылар жоғары деңгейде өткен Дөңгелек үстелден ерекше әсермен тарады.

Жетібаева Балсұлу
21 мектептің оқу ісі меңгерушісі 06.02.2023

7-8-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің мектебіміздің 7-сынып оқушысы Кидирмуканбет Гүлжайна (жетекшісі Абланова Ұлбала Мұратбаевна) жүлделі 2-орын, 8-сынып оқушысы Серікқалиқызы Іңкәр (жетекшісі Таңғали Гүлшат Бекқалиқызы) жүлделі 3-орынды иеленді. Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

25.01.2023

«ЕР ДӘУЛЕТІ -ЕҢБЕК» шеберлік сағаты өткізілді

Мектебіміздің көркем эстетикалық пәндер бірлестігі ұлттық тәрбиені, ұлттық рухты жандандыру мақсатында аянбай қызмет етуде. Мектебіміздің төріне жайғасқан қазағымыздың киіз үйі оқушылардың ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін арттырса, көркем еңбек пәні мұғалімі Семірханов Қадірхан ағайдың өз қолымен құрастырған киіз үй макеті оқушыларды киіз үй құрылымы мен оны құру, әр бөлшектері мен жалпы киіз үйдің шығу тарихына шолу жасауға мүмкіндік берді.
Енді Қадірхан ағай сол үрдісті тоқтатпай, ауа райына байланысты сынып ішінде де ұлттық үйіміздің құрылуын үйрете беретін әдіс тапты. Ол кәдімгі қағаздан киіз үй макетін құрастыруды оқушыларға үйретуде. Қағаздан жасалған киіз үйдің барлық қыр-сырын үйреніп алған оқушылар наурыз айында мектеп алдына ағаштан жасалған макетті оңай құратынына сенімді.
«Шеберлік сағатының мақсаты – оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу. Құндылығымызды құрметтеуге үйрету. Қағаз – өте нәзік материал. Оны құру да оңай болмайды. Дегенмен қағаздан киіз үй құра алған оқушы ағаштан оңай құрып кетеді. Еңбек сабағы – геометрия, физика, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерін қамтып кететінін оқушыларға түсіндіргім келді» – дейді Қадірхан ағайымыз.
Еңбекке баулып жатқан еңбек пәні мұғаліміне шығармашыл идеялар тілейміз!

24.01.2023

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында демеушілер оқушыларға қуаныш сыйлады

Жаңа жылдық мереке күндері мектебімізде білім алатын аз қамтылған отбасы оқушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жаңа жылдық сыйлық беруге демеушілік көрсеткен мекемелерге және мекеме басшыларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
🏢”МаңғыстауМұнайГаз” АҚ
🏢”Ауыл” ХДПП МОФ
🏢”A-Grant” оқу орталығы.
Мектептің белсенді ата-аналары.

Сіздерге жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз!
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!

Мектеп басшысы: Г.Енсегенова және мектеп ұжымы

ЖАҢА 2023 ЖЫЛ – ЖАҢА АРМАН, ЖАҢА БЕЛЕС» атты жаңа жылдық мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды

Араға бірнеше жыл салып қайта аталып өтілген жаңа жылдық мерекені мектебіміз жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткіздік.
Мектеп бойынша барлық сыныптар яғни даярлық тобы оқушыларынан бастап 11-сынып оқушыларына дейін қамтылды. 27-29 желтоқсан аралығында үш күн бойына қойылған кестеден ауытқымастан мектебіміздің жас мамандары оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жас ерекшеліктеріне қарай ертегілер сомдап, ойындар ойнатып, әнмен әрлеп, бимен көңіл көтерді.
«Ертегілер әлемі», «Ертегіге саяхат», «Ең қызықты кейіпкерлер», «Қысқы ормандағы шырша тойы» атты әр-түрлі тақырыптар таңдалып, оқушылар күні бойы ертегі әлеміне саяхаттады.
Жаңа жылдық кеш соңында сыныптар бойынша барлық сыныптарға «Ең креативті сынып», «Ең ұйымшыл сынып», «Ең белсенді сынып», «Үздік костюмдер сыныбы», «Ең шығармашыл сынып», «Ең көңілді сынып» номинацияларымен марапатталды.
5-7 сынып оқушыларына «ТиктокParty» ретінде өтсе, жоғары сынып оқушыларына «Қысқа балл» форматында өткізілді.
Оқушылар толықтай қамтылды. Ата-аналармен сынып жетекшілер онлайн байланыс орнатып, сол сәттерден үзінділерді онлайн көрсетіп отырды.
Балалар қуанды, оған ұстаздар да, ата-аналар да риза болды!
Жаңа жылымыз жақсылықтарымен келгей! Оқу жылымыз үшін керемет жетістіктер жылы болғай!

Жаңа жыл қарсаңында мектебімізде “Жаңа жыл – жаңа арман, жаңа белес” атты мерекелік шаралар өткізілді. Алдымен мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері мен бастауыш сынып оқушыларының ертеңгілігі өткізілді. Балапандар Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетіп, сыйлықтар алды. Қонаққа келген ертегілер әлемі кейіпкерлері мен анимациялық персонаждар оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Жемқорлық – індет, жою міндет!» тақырыбында жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған жиналыс өтті

Желтоқсан айының соңғы аптасы мектебіміз үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты іс-шаралар ұйымдастырылуымен өтті.
Мектеп әкімшілігі мен Қамқоршылық кеңесінің бірлескен жоспары негізінде ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген аталмыш жиналыс барысында төмендегідей мәселелер күн тәртібіне қойылды:
– Мектеп басшысы Г.Енсегенова мен Қамқоршылық кеңесінің қаржының игерілуі жөнінде есеп берді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде түсіндірме бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Қонарбаев сөз сөйледі;
– Тоқсандық жиынтық бағалау(ТЖБ) бойынша талдау және білім сапасы жөнінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Майрамов тоқталып өтті;
– Мереке қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Аманжолова айтып өтті;
Мектеп басшысы ата-аналармен 2023 жылға құрылған жобалар жоспарымен бөлісті. Ата-аналар тарапынан ұсыныстар қабылданып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдерінің IХ халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Қызғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен 385-ден астам мұғалім қатысты.

Маңғыстау облысынан аталған пәндер аясында 27 мұғалім бақтарын сынады. Оған біздің информатика пәні мұғалімдері Сүлейменова Сабира және Мұхан Ағырза қатысты!
🏆Информатика пәні бойынша Мұхан Ағырза Ордалықызы III орын иеленді!
Жеке сайыстардың нәтижесін есептей келе, топтық сайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы жүлделі 🥈ІІ орынға ие болды.

Байқау соңында жаратылыстану-математика саласындағы білікті мамандар мен ғалымдардың қатысуымен семинарлар, кездесулер өткізілді.

Әріптестерді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Маңғыстау облыстық білім басқармасының

Ақтау   қаласы   бойынша   білім    бөлімінің

«№21   жалпы   білім беретін  мектеп» КММ

 «16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар орындалысы

ТақырыбыФорматыСілтемелер
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ»Бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді   «16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесі аясында ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына орай мектебімізде бастауыш сыныптан бастап барлық сыныптар бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтіп жатыр. Оқушыларды патриоттық сезім мен отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа баули отырып, егемендік алу жолындағы тарихи жылдардағы оқиғаларды жеткізу мақсатында өткізілген тәрбие сағаттарында патриоттық өлеңдер, тарихи деректі фильмдер көрсетілімі, слайдтар, желтоқсаншыларды еске алу, тәуелсіз ұрпақтың патриоттық әндерімен өрнектелді.

Сілтеме 1

Сілтеме 2

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТ РУХЫНЫҢ БАСТАУЫ» мерекелік тарихи апталығы өтті

«16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесі аясында апта бойына мерекеге орай арнайы жоспарланған тарих пәні бірлестігінің «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты апталығы ұйымдастырылды.
Апталық барысында:
✔️”Тарихи тұлғалар қонақта” атты тарихи тұлғаларды сомдау, патриоттық ән-хор, мерекеге арналған құттықтау өлеңдері, күй, жыр-терме, мерекелік құттықтау тақырыптық ашылу салтанаты өтті;
✔️ “Үзілген моншақ” – қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай тарихи тәрбие сағаты өтті;
✔️”Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік” тарихи танымдық кеші өтті;
✔️”Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!” патриоттық іс-шара өтті;

Тарихқа көз жүгіртіп, оқушылар бойындағы патриоттық сезімді нығайта отырып батылдық пен ержүректілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген апталық барысы өз мақсатына жетті.

 Сілтеме 3

Сілтеме 4

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРКІНДІГІМ,ҚАСИЕТІМ,ҚАСТЕРЛІМ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды📚📚📚

«16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай мектеп дәлізінде сондай-ақ Буккросинг алаңында және мерекелік шара сәтінде мектеп актзалында аталмыш тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қазақ тарихы, егемендік, тәуелсіздік алу жолындағы ерліктер, қазақ батырлары туралы кітаптар т.б мерекеге сай тақырыптық кітаптар қойылды.
Кітапханашы: Қ.Бақытжанова
“Оқуға құштар мектеп”жобасы жетекшісі: М.Теңелова

 Сілтеме 5

Сілтеме 6

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ОРЫНДАЛҒАН АРМАН.ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ» мерекелік салтанатты іс-шарасы өтті

«16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен аталмыш тақырыпта мерекелік шара өтті.
Тәуелсіздік жолында тар жол тайғақ кешіп, желтоқсан ызғары кеудесін қарса да егемен елдікті, тәуелсіздікті алу жолында құрбан болған батыр ұлдар мен батыл қыздардың ерлігін үлгі етіп, өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара көпшілікке патриоттық жігер мен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Құттықтау тілектер айтылып, әннен шашу, қойылым мен көрініс, бимен өрнектеліп, ұлы тұлғалар мен желтоқсаншыларды еске алу, жігерлі өлеңдермен жалғасын тапты.

 Сілтеме 7

Сілтеме 8

15 желтоқсан күні 1 “А” және 1″Ә” сыныптарында “Тәуелсіздік тұғырым” тақырыбымен сынып сағаты өтті. Мектеп табалдырығын биыл аттаған бүлдіршіндер тәуелсіздік деген қасиетті ұғым туралы түсінік алып, елінің егемендігі үшін күрескен батырлар туралы мағлұматтарға қанықты. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктері артып, ел болашағы үшін білімді болу керек екендігін түсінді. Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісті. Ұлттық рәміздер, батырлар туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндерді шырқады. Мәнді шараның берер тағылымы зор болды.

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген волейболдан “Шұбар доп-Мектеп лигасы” турнирінде мектебіміздің қыздар командасы жүлделі І орынды иеленді. Ал, жалпы командалық есепте 2-орынға тұрақтады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымызды құттықтаймыз! 12.12.2022; 

Қалалық Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында мектебіміздің бір топ мұғалімдері жүлделі орындарды иеленді. Атап айтар болсақ, математика пәні мұғалімі Әленова Сәуле Алтайқызы мен биология пәні мұғалімі Майрамов Бексұлтан Нұрмұханович ІІ орын, физика пәні бойынша Джангалиева Анар Бауржанқызы ІІІ орынды еншілесе, география пәні мұғалімі Темірханова Айнұр Темірханқызы І орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Әріптестерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісі

Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған Дәулетқали Сания Сақанқызы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды. Көп жылғы өнегелі еңбегімен шәкірт жүрегіне жол таба білген, бұл күнде ұстаздардың ұстазы атанып отырған Сания апайымызды мерейлі марапатымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

Құттықтаймыз!!!

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінің география пәні бойынша бірінші орын иегері  , олимпиаданың облыстық кезеңінде “Үздік сабақ” номинациясын иеленген әріптесіміз Айнұр Темірханованы  құттықтаймыз. Алар асуларың алда деп білеміз.

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінде математика пәні бойынша жүлделі екінші орын иеленген  әріптесіміз Аленова Саулені  құттықтаймыз.

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінде биология  пәні бойынша жүлделі екінші орын иеленген  әріптесіміз Майрамов Бексұлтанды   құттықтаймыз.

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінде физика  пәні бойынша жүлделі үшінші орын иеленген  әріптесіміз Джангалиева Анарды    құттықтаймыз.

03.11.2022 жылы күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің № 21 жалпы білім беретін мектеп ” КММ -де жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиадаға 128 оқушы қатысты.

Жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың туризм, өлкетану, экология үйірмелері жетекшілерінің арасында өткізілген «Tourhike» қалалық жаяу жорық байқауының қалалық кезеңі

Жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың туризм, өлкетану, экология үйірмелері жетекшілерінің арасында өткізілген «Tourhike» қалалық жаяу жорық байқауының қалалық кезеңінен мектебіміздің командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ішкі туризмді дамыту мәселелерін шешуге қатысты шараларға тарту, өлкенің тарихын, географиясын, мәдениетін оқып-тануға, зерттеуге ынталандыруды мақсат еткен шарада туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық тудыру; гидтің кәсібін танымал ету; экскурсиялық бағдарламалардың ең қызықты идеяларын іздестіру секілді міндеттер алға қойылды. Осы сындардан сүрінбей өтіп, мектеп мерейін асырған әріптестерімізді құттықтаймыз!

Анонс

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

http://m.egov.kz/survey/

Анонс

Уважаемые услугополучатели, Агентством Республики Казахстан
по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг в 2022 году проводится онлайн анкетирование на площадке «Открытый диалог».

Просим принять активное участие в анкетировании.

http://m.egov.kz/survey/

«Білім-бақыт бастауы»

                 Мектебімізде өткен оқу жылын үздік аяқтаған озат оқушыларды және спорттық-шығармашылық байқаулардан жүлдегер атанып, мектеп мерейін асырған жеңімпаздарды марапаттау шарасы осылай аталды. Білімге құштар оқушыларға Мақтау қағаздары мен Дипломдарды табыстаған мектеп басшысы Г.Еңсегенова зерек шәкірттерді жеткен жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан түспей, білім биігінен көрінулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты шараға қатысқан мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Қонарбаев та қазіргідей бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда білімді адамның ғана алға озатынын айтып, еліміздің болашағының жарқын болуы-балалардың жан-жақты білімді болуымен тікелей байланысты екенін жеткізді.
Мерейі тасыған мектеп мақтаныштарының оқу-білімге деген ынтасы артып, ерекше көңіл-күймен көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

⚜️«1 Қыркүйек - Білім күні» ⚜️

Мектебімізде бүгінгі сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні естілетін және білім баспалдағының алғашқы сатысына қадам басқалы тұрған бүлдіршіндердің толқынысын сезінетін маңызды мерекеге орай ұйымдастырылған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға Маңғыстау облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы және Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Танирбергенова Сара Рзахановна, мектебіміздің қамқоршылық кеңесі және ата-аналар кеңесінің төрағасы, “Маңғыстау Руханият” қоғамдық қоры басшысы Қонарбаев Аллаберген Әзірбайжанұлы қатысты.
Бірінші сыныптар бойынша 400-ге жуық, 11-сыныптар бойынша 100-ден аса оқушыны қамтыған салтанатты жиын ҚР Әнұранымен бастау алып, мектеп директорының құттықтауымен жалғасын тапты. Немересін мектепке алғаш әкеліп тұрған атамыз ақ батасын беріп, жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбие алуға шақырды. Мектебіміздің өнерпаз оқушылары ән-жырдан шашу шашты. Осылайша білім ұясында алғашқы қоңырау салтанаты өз дәрежесінде аталып өтті.
🗓01 қыркүйек, 2022 жыл.

2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспары педагогикалық кеңесте талқыланды.

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биылғы оқу жылының жұмыс жоспарына арналған №1 педагогикалық кеңес өтті. Жиында 2021-2022 оқу жылының қортындысы, Тамыз кеңесінің қарарлары мен шешімдері, өндірістік жоспарды бекіту туралы мектеп басшысы Г.Еңсегенова, мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Санақбаева, мектеп қызметкерлерін тарифтеу жайында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Майрамов баяндама жасады. Мектеп әдіскері З.Қалаубаева аттестациялық алқа құрамын бекіту, жас мамандарға тәлімгерлерді тағайындау, дене шынықтыру пәні мұғалімдерін (дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы) қолдауға тоқталып, кеңеске қатысушыларды әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды. Сондай-ақ, жиында «Үздік аттестат» пен «Алтын белгіге» үміткерлер ұсынылып, мектептің ақпараттық-инновациялық жұмыстарының жаңа оқу жылына дайындығы жайында директордың ақпараттық-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.Жумаев ақпарлама жасады.
Педкеңес соңында өткен оқу жылында жоғары жетістіктерге жеткен бірқатар ұстаздар марапатталды.

Еленген еңбек жемісі 📖🏅

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Егизгараев Қосай Қуанышұлы ҚР бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі және ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне оқушылар дайындағаны үшін ҚР оқу-ағарту Министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Сертификатымен марапатталды. Әріптесімізді жеткен жетістігімен құттықтап, телегей табыстар тілейміз!

“Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында өткен Ақтау қаласы педагогтерінің тамыз конференциясында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі, білікті ұстаз Сулейменова Сабира Абдикадировна Маңғыстау облысы әкімінің Алғысына ие болды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Еленген еңбек жемісі 📖🏅

Бірімізге біріміз сәрсенбінің сәтті күнін тілеп бастаған бүгінгі күніміз мектебіміз үшін, ұжым үшін жақсы жаңалықпен қорытындыланды.

Білім саласында 30 жылдан аса қызмет етіп, ұлағатты ұстаздық жолға бар күш-жігерін салып, “Білім” мұхитында ұстаздар мен шәкірттерді жетелейтін “Мектеп”атты алып кемеге мұхиттың сан-қилы толқындарына қарамастан жол көрсетіп келе жатқан, еңбек жолы жемісті жетістіктерге толы мектебіміздің басшысы Енсегенова Гулзада Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

Құрметті, Гүлзада Еңсегенқызы!
Сізді ерекше еңбегіңіз үшін берілген лайықты төсбелгіңізбен, айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Абыройлы қызметіңізге жеміс пен табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Білім саласында бір шәкіртті тәрбиелеу арқылы бүкіл ұлтты тәрбиелейміз деген ұстанымдағы етіп жатқан еңбегіңіз елене берсін!

Ізгі ниетпен: Мектеп ұжымы

🗓24 тамыз, 2022 жыл.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты.
Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр.
⭕⭕⭕Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
Науқанға кез келген адам қатыса алады: ✔️еріктілер;
✔️бизнесмендер;
✔️меценаттар;
✔️үкіметтік емес ұйымдар және т.б.
Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады. «Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз.
«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне хабарласу қажет.
Білім бөлімінің сенім телефондары:
8 (7292) 33-65-61
8 (7292) 33-65-59
8 (701) 072 70 77
8 (701) 582 01 28
8 (701) 610 03 34

Құрметті ата-аналар! ​

26 мамыр мен 17 маусым аралығында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында мектеп жанынан “Жазғы мектеп” ұйымдастырылатынын қаперіңізге береміз.

  • Жазғы мектепте білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.
  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
  • Тек негізгі пәндер оқытылады.
  • Сабақтар спорттық шаралар және қолөнер үйірмесімен кіріктіріліп оқытылады.

Мектебіміздің оқушылары республикалық “Тарих ата” қашықтық олимпиадасының қорытынды турының жүлдегері атанды. Атап айтқанда,
І дәрежелі дипломмен 6-сынып оқушысы
Аманқос Ақтілек
(жетекшісі Балапанова Қалампыр),
8-сынып оқушылары
Жұмажан Алтынбек,
Мұратова Айым,
Алдабергенова Айтгүл,
Кудайберген Азиза,
Молдадасова Айдана,
ІІ дәрежелі дипломмен
Сарғали Диана,
Қайнарбай Тоғжан,
ІІІ дәрежелі дипломмен
Медеу Аружан,
Алпысбек Жанелия,
Адилча Альмира
(жетекшісі Думбаева Дамеш Айтбаевна) марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

«№21 Жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 03.05.22-06.05.22 аралығында өткен математика апталығы туралы
Ақпарлама

Мектебімізде 03.05.22-06.05.22 аралығында «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында математика апталығы өтті.
Апталықтың ашылуы барысында оқушылар мен мұғалімдерге логикалық сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді. 8-сыныптар арасында С.Аленова, Ұ.Имамединова ұйымдастырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сыныптан тыс шарасы жоғарғы деңгейде өтті. Интеллектуалдық сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Жас ұстаздар А.Раимовтың 9 «А» сыныбында өткізген «Ықтималдық теориясының негіздері» тақырыбындағы ашық сабағы, А.Жарлыкапбаевтың 10«В» сыныбында «Функция» сайыс сабағы, Ф.Есімова мен М.Құлшықовалардың 5«Б» және 6«Е» сыныптарында берген ашық сабақтары сәтті шықты. Оқушылар жаңа тақырыптарды тез меңгергендерін сабақ барысында байқатты.
Тәжірибелі ұстаздар Ж.Утепова мен К.Жусипова 6-сыныптар арасында «Бақытты сәт» сайысын, Г.Туралханова, М.Құлшықова 7-сыныптар арасында «Қызық екен» интеллектуалды сайысын қызықты өткізді. Аталған шараларға қатысқан оқушылар математикалық сауаттылықты арттыруға байланысты логикалық тапсырмалар мен есептер шығарып, білім көкжиектерін кеңейтті. Жас маман Ү.Ерке 5«Д» сыныбында өткізген «Тік бұрышты параллелипипед» тақырыбындағы ашық сабақ барысында АКТ-ны тиімді пайдаланып, оқушылар арасында «Бәйге» ойынын топтық жарыс ретінде ұтымды ұйымдастырды.
Апталықтың қорытынды шарасы ретінде ұстаздар П.Альмуратова мен Қ.Шагатаева «Ұстаз-оқулық авторы» атты әйгілі математик, халыө ағарту ісінің үздігі Қ.Вановпен кездесу кешін өткізді. Кешке жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысып, Қ.Рзаұлының еңбек жолына қатысты, мамандық таңдауға байланысты сұрақтарына жауап алды. Еркін форматта өткен мағыналы шарадан оқушылардың да, ұстаздардың да алған әсері ерекше болды. #21мектеп
#21mektep
@aktau_bilim_bolimi @mangystau_education @aktau_oku_adistemelik_ortaligi

Бүгін мектебімізде 7-мамыр ,, Отан қорғаушылар” күніне арналған ,, Жас сарбаз” сайысы өтті. Оқушылар АК-74 автоматын бөлшектеп-жинаудан және винтовка атудан жарысты. Командалық есепте 1-орын мен Чемпион кубогын 10Г сыныбы жеңіп алды(сынып жетекшісі Айман Қоңыратбаева). Жеке жарыстарда 1, 2, 3- орындарды Жолдыбай Абылай, Нағим Абзал, Атағазы Мақсат, Әділхан Ардақ, Джанғазы Айсұлу, Ағартуева Мадина, Махмут Надира, Джанғазы Айсұлу, Талғатова Мадина иеленді. Болашақ Отан қорғаушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

 06.05.2022 
Ағымдағы жылдың 4-мамыр күні 25744-ші әскери бөлімде мектеп оқушыларына арналған ,,Сарбаз болғым келеді” атты экскурсия өткізілді. Оған мектебіміздің ,,Жас сарбаз” клубы мүшелерін әскери жетекші Қоңыратбаев Мұратбек ағай апарды. Болашақ Отан қорғаушылар жаңа әскери қарулармен, солдаттардың өмір салтымен, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Тәрбиелік мәні зор шарадан көп нәрсе үйреніп, тамаша әсер алып қайтқан жас жеткіншектердің әскери өмірге қызығушылығы арта түсті. 

Жерлес ғалым-зерттеуші С. Қондыбайға арналған “Маңғаз дала мақтанышы” қалалық квест ойындары байқауының ІІІ орын иегерлері “Маңғыстау кереметтері” номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Молдадасова Айдана, Көбеген Ақмейір;
“Үздік мифологиялық комикс” номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Қасер Абылай, Медет Миржан
Жетекшісі Турлыбекова Жалгас Мейрамбекованы құттықтаймыз!!!

ҚР Кіші ғылым академиясының ХХІІ Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына өз баяндамаларын ұсынып І орын алған 11-сынып оқушысы 

Тлеген Саяжан
Жетекшісі Дәулетқали Сания Сақанқызын, 7-сынып оқушысы Серікқалиқызы Іңкәр
Жетекшісі Сәрсен Алтынай Жетекқызы,
10-сынып оқушысы Төлеғожаева Інжу
Жетекшісі Жұбан Зоя Темешқызын,                                                                     Сертификатқа ие болған
7-сынып оқушысы
Тенельбаева Альбина
Жетекшісі Сиражатова Алтынай Абдикаримовна

Логика 🔡Есеп 🔢 Сауаттылық 🔣

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық сауаттылықты шыңдау мақсатында мектебіміздің 4, 9,11- сынып оқушылары “Қазақ-түрік лицейінің” түлегі, “Математикадан логикалық есептер жинағы” кітабының авторы Н.Өтеповпен кездесті.
Логикалық есептер шығару, тапсырмаларды шапшаң орындау, жарыса жауап беру – оқушылардың математикалық есептерге деген қызығушылығын арттырды.
🗓29 сәуір, 2022ж.

                    Мектеп мақтаныштары

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың  27 сәуірі күні өткізілген «Жас Новатор-2022» қалалық байқауына қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізген «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас мамандарын құттықтаймыз!

 Байқауда  математика пәні мұғалімі Жарлыкапбаев Асет Канатович қазіргі таңдағы өзекті әлеуметтік желіні сабаққа пайдалануға және әртүрлі фигуралардың аудандарын оңай табатын формулаға арналған «Пик және Тикток» жобасын қорғады. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бүркітова Нұрболған Болатқызы мектеп базасына “EduStep” бағдарламасын енгізу жобасын таныстырды.

Қазылар алқасы жоғары бағалаған бұл жұмысымен Н.Болатқызы  І орынды иеленсе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бердибай Альбина Сабитовна «Использование креолизованных текстов в обучении русскому языку» тақырыбында жобасын қорғап, ынталандыруға қол жеткізді. Аталмыш жоба қазақ тілді мектептерде оқушылардың орыс тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Жоба мақсаты оқушыларға шетелде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы ақпарат беру,  шетелдік оқу орындарына (грант, стипендиялар) түсуге көмектесу. Еңбек жолын енді бастаған жаңашыл жас мамандарымызды мақтан тұтамыз!

Жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Семей полигонының жабылуының 31 жылдығы аясында онлайн форматта өткен “Жасыл әлем, жасыл қала” байқауының
қалалық кезеңінен 7-сынып оқушылары Сұлтан Ақмоншақ, Сәндібек Мөлдір, жетекшісі Шугаева Мадина “Табиғатқа бірге көмектесейік” номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды. Табиғат жанашырларын жеткен жетістіктерімен құттықтап, телегей табыстар тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне мектебіміздің 9 – сынып оқушысы Қосай Ақбота қатысып, 3-орын иегері атанды. Ақботаны және жетекшісі Ниязгалиева Рима Бухарбаевнаны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орынға ие болған, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын иегері 9-сынып оқушысы Қосай Ақботаны,
жетекшісі Ниязгалиева Рима Бухарбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Қартбай Дильяраны,
жетекшісі Жұбан Зоя Темешқызын, өзін-өзі тану пәні бойынша ІІІ орын алған 9-сынып оқушысы
Ерекенов Жалғасты,
жетекшісі Тасболатова Махаббат Амантаевнаны құттықтаймыз!!!

Маңғыстау облыстық білім басқарқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық мектеп лигасы жарысында Маңғыстау облысы білім басқармасы, Ақтау қалалық білім бөлімінің №21 жалпы білім беру мектебінің оқушылары топ жарды. Атап айтар болсақ, футболдан 9-11 сыныптар командасы І орын, 7-8 сыныптар командалық есепте І орын, 5-6 сыныптар командасы І орын, волейболдан 9-11 сыныптардың ұлдар командасы І орын, 9-11 сынып қыздар командасы ІІ-орын, футболдан ІІІ-орын иеленіп, мектеп мерейін өсірді.
Асық ату сайысында да оқушыларымыз намысты қолдан бермей, үздік өнер көрсетті. 5-6 сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы І орын, 5-6 сыныптардың қыздар командасы І орын, 9-11 сыныптардың қыздар командасы І орын, 9-11 сыныптардың ұлдар командасы ІІ орын, 7-8 сынып қыздар командасы ІІІ орын алды.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Теңбіл доп» облыстық мектеп лигасы жарысында мектебіміздің 9-11 сынып ұлдары командасы жүлделі І орынды иеленсе, гандболдан ІІІ орынға тұрақтады. Футзалдан 5-6 сынып ұлдары командасы жүлделі ІІ орынды еншіледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Теңбіл допты торда тулатып, білім ордасының абыройын асырған оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

05.03.2022 ж Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Заманауи ағылшын тілі пәні муғалімінің рөлі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарда ашық сабақ берген, сыныптан тыс шаралар өткізген мұғалімдер, шын мәнісінде заманауи мұғалімдердің шет тілін меңгертудегі ролінің зор екендіктерін көрсетті. Шет тілі пәні бірлестігінің ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен өткізген жұмыстарына семинарға қатысушылар жоғары баға берді.
Семинарды қорытындылай келе, оқу – әдістемелік орталығы әдіскері Садыкова пән мұғалімдеріне арналған «Озат педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу» тақырыбындағы жобаға шолу жасады.
Семинарға қатысушылар QR код арқылы тіркеуден өткізіліп, шара соңында сертификаттар берілді.

Құрметті ата-аналар!

26 мамыр мен 17 маусым аралығында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында мектеп жанынан “Жазғы мектеп” ұйымдастырылатынын қаперіңізге береміз.

  • Жазғы мектепте білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.
  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
  • Тек негізгі пәндер оқытылады.
  • Сабақтар спорттық шаралар және қолөнер үйірмесімен кіріктіріліп оқытылады.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты.
Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр.
⭕⭕⭕Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
Науқанға кез келген адам қатыса алады: ✔️еріктілер;
✔️бизнесмендер;
✔️меценаттар;
✔️үкіметтік емес ұйымдар және т.б.
Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады. «Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз.
«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне хабарласу қажет.
Білім бөлімінің сенім телефондары:
8 (7292) 33-65-61
8 (7292) 33-65-59
8 (701) 072 70 77
8 (701) 582 01 28
8 (701) 610 03 34