Ерболат Нұрмағанбетов
мектептің алғашқы директоры
1991-2001 жж аралығында мектепті басқарды
1965 жылы 16 сәуірде Атырау обылысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау селосында дүниеге келді. 1982 жылы Ш.Еркінов атындағы орта мектепті оқып бітірді. 1982 – 1985 жылдары Қызылту совхозының комсомол – жастар бригадасында жұмыс жасады. 1985-1987 жылдары кеңес әскері қатарында қызмет етті. 1987-1988 жылдары Жангелдин құрлыс бригадасында қызмет жасады.
1989 жылы Атырау университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы бітіріп шықты. 1992-1996 жылдары Ш.Еркінов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
1996-1997 жылдары Маңғыстау облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кешенінде әдіскер, Ақтау қалалық әкімшілігінде аудармашы қызметін атқарды.
1997-1999 жылдары 13 мектеп-гимназиясында мұғалім, Ақтау қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінде бас маман, 1999-2000 жылдары 11 орта мектепте директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.
2001-2003 жылдары 21 орта мектебінің директоры, 2003-2009 жылдары Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы болып қызмет етті. Жанұяда 3 баланың әкесі.
Қайырбаев Өтеген Тілегенұлы Мектебіміздің екінші директоры
2001-2003 жж аралығында мектепті басқарды
Шудабаева Сауле Сансызбаевна
Мектептің үшінші директоры
2003-2018 жж аралығында мектепті басқарды
Туған жылы: 1957 жылы 22 қыркүйек. Білімі: жоғары. Лауазымы: №21 мектеп директоры.
Марапаттары: «ҚР-ның мәслихатына 20 жыл», «ҚР-ның 20 жылдығы», «Маңғыстау облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Үздік қызметкері», «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медальдарымен, «Нұр Отан» халықтық Демократиялық партиясының, облыс, қала әкімшілігінің «Құрмет грамоталары» , «Ерен Еңбегі үшін» медалі
Үздік мектеп директоры -2016 Қалалық байқауы Шудабаева С.С,№21 мектеп директоры.
1990 жылы сәуірдің 19 –ы күні Шевченко қалалық депутаттары Кеңесінің Атқару комитетінің №269 шешімі мен 1990 жылдың 1 шілдеде №21 қазақ орта мектебі ашылды. 1990 -1991 оқу жылын 1197 оқушымен бастады. Мектеп тарихында 45 үздік куәлік, 15 «Ерекше үлгідегі» аттестат, 7 «Алтын белгі» иегерлері бар.
- 2015ж шілде. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру курсының СЕРТИФИКАТЫ. БЖ №000003.
- 2015ж қараша. «Маңғыстау Кәсіптік Академиясы» МЕББМ «Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» курсының СЕРТИФИКАТЫ. Тіркеу № 00386.
- 2016ж ақпан. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» курсының СЕРТИФИКАТЫ. Тіркеу номері № 0099875.
- 2016ж қараша. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары орталығының» ұйымдастыруымен «Қазақ тіліне бойлау моделі- мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді құралы» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының СЕРТИФИКАТЫ.
- 2016ж қараша. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру курсының СЕРТИФИКАТЫ. БЖ №025560.
- 2016ж. Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының «Математикалық білім беру: бүгіні және ертеңі» тақырыбындағы облыстық математика пәні мұғалімдерінің форумының СЕРТИФИКАТЫ.
- 2017 ж қаңтар. «POSITIVE PARTNERS» ЖШС-нің «Коррупционные правонарушения, судебные споры, организация и проведение государственных закупок» курсының СЕРТИФИКАТЫ. Тіркеу номері №1162.
- 2017ж сәуір. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «WORLDDIDAC» халықаралық ассоциациясының «Заманауи ақпараттық-білім беру ортасы: дәстүр және инновация» халықаралық тәжірибелік конференциясы мен семинарының СЕРТИФИКАТЫ.
- 2017ж мамыр. «Өркен» кәсіби оқыту орталығының «Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі №414-V. Заңнама базасындағы 2017 жылғы енгізілген өзгерістерді ескере отырып кадр іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» атты оқу семинарының СЕРТИФИКАТЫ. Тіркеу №00001019.
- 2018ж қазан. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның «Жаңа дәуірдің мектебі» Х-шы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының СЕРТИФИКАТЫ.
- 2019ж сәуір. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтау қалалық филиалының «Жетекші мектеп- білім беру мазмұзын жаңарту аясындағы даму алаңы» ІІІ аймақтық жетекші мектептердің форумының СЕРТИФИКАТЫ.
2016ж. Қалалық «Мектеп директоры-2016» байқауы. І ОРЫН.
Мектеп директоры: Енсегенова Гулзада
2018 жылдан бастап мектепті басқарды
Ұлағатты ұстазға құрмет көрсетті
«Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі»
Ы. Алтынсарин.
Қаржаубаев Ізтұрған 7.01.1933 жылы туған. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған. 1958 жылы жоғары оқу орнын тамамдап келіп, Форт-Щевчекно шаһарында математика пәні мұғалімі болып ұстаздық жолын бастады. Содан бастап Жетібайдағы орта мектепте, одан соң Ақтау қаласындағы №11, №13 орта мектептерде жұмыс жасады.
1990 оқу жылынан өмірінің соңына дейін №21 орта мектепте оқу ісі меңгерушісі болып жұмыс жасады. Ізтұрған Қаржаубаев өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, істің мән-жайын тез аңғарып, оң бағытта шеше білетін білгір басшы болды. Өз ісін адал атқаратын, қарамағындағы мұғалімдерді керек жерінде қамқорлап, ағалық пейілін де аңғартып отыратын. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» – деп кейбіреулерді сынап та алатын.
Үкімет көп жылғы ұстаздық еңбегін ескеріп, 24.06.1967 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісі үздігі» төс белгісімен марапаттады. 17.02.1989 жылы «Еңбек ардагері» медальі, 02.10.1992 жылы №21 орта мектептің «Құрмет кітабы» тізіміне енгізілді. Өз білгенін жастардан аямайтын ағайдың бейнесі жұмыстастардың жүрегінде мәңгі қалды.
Саясат Медеуов
№21 орта мектептің ардагер ұстазы
Көкімбаева Көшім – 1956 жылы Маңғыстау ауданындағы Ленин атындағы орта мектепті бітірген бірінші түлек. Сол жылы Гурьев (Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1961 жылы «Үздік белгімен» математика және физика мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1961 жылы Т.Г. Шевченко атындағы мектеп-интернатта мұғалімдік қызметтен бастаған жас маман 1962-1966 жылдары Жыңғылды аулындағы Куйбышев орта мектебінің директоры болды. Ал 1966-1996 жылдары Шахта орта мектебінде математика пәнінен сабақ берді. Көшім апайдың бұдан соңғы қызметтері Ақтау қаласында жалғасты. 1996-1998 жылдары №13, 1998-2003 жылдары №21 орта мектебінде математика пәні мұғалімі бола жүріп, «І санатты методист-мұғалім» атағын алды. Қазақ ҚСР және ҚСРО «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, ҚР Білім Министрлігінің «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен», «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды. Өзі жетекшілік еткен және математикадан сабақ берген 1976-1977 оқу жылының түлегі Қиынова Шолпан мектеп тарихында 1-рет «Алтын медальмен» бітірсе, 1985-1986 оқу жылының түлегі Өтебаев Мәжібек математика ғылымдарының кандидаты атағын алды. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» демекші, бүгінде қаншама шәкірттері ұстаздық жолын қалап, математика пәнінен дәріс беріп, ұстаздарының еңбек жолын жалғастыруда. Атап айтқанда:
- Асылбаева Маржан – Ақтау қаласы №16 орта мектеп;
- Есқалиева Маржан – Ақтау қаласында;
- Сарсенбаева Туғанай – Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы;
- Әбуова Нұржамал – Ұштаған ауылы;
- Қуатов Сайлау – Шахта орта мектебі;
- Қаниева Оңай – Шахта орта мектебі;
- Ізтұрғанова Света – Ақтау қаласы №21 орта мектеп;
- Көшерова Оңай (зейнеткер) – Ақшымырау ауылы.
1942 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген Үркімбаева Кәмила Аймұқанқызы. 1962 жылы педагогикалық училищесін бітіріп, еңбек жолын Кеңкияқ ауылынан бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Өте шыққан 5 жыл ұстаздық қадамның игі бастамасы болып, облыстық мақтау қағазымен алғаш рет марапатталған Кәмила 1967 жылы Алматыда өткен мұғалімдердің IV съезіне делегат болған. Өмірлік серігі Қуанышпен отбасын құрып, жолдамамен Маңғыстау өлкесіне келген. Өмір мектебінің парақтарына алтын әріппен жазылатын ұлағатқа толы 1967-1985 жылдарда Маңғышлақ станциясындағы № 26 білім ордасында жасаған қызметтері: оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры – үлкен бір белес. 1985-1990 жылдары орыс тілі пәнінің маманы ретінде қаладағы №13 мектепте жұмыс жасады. Одан кейінгі тәлімдік жолдар тізбегі, 1990 жылдан бастап 2003 жылға дейін зейнетке кеткенше, №21 мектепте өтті. Бұл білім ошағында да әдіскер ұстаз, оқу ісінің меңгерушісі, орыс тілі бірлестігінің жетекшісі, сынып жетекшісі болып, өз мамандығының қыры мен сырын таныта білді. 1993-2000 жылдары түлеткен шәкірттері де өмірден өз орындарын тауып, еңбекке араласқан. Енді біреулері ұстаздық жолын қуып мұғалімдікті қалаған. Әр уақыттағы еткен еңбегі текке кетпей6 «Оқу ісінің үздігі» төс белгісімен, 1990, 1991, 1992, 2000 жылдары қалалық, облыстық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған. Бұл күнде ардагер ұстаз, абзал ана, ардақты ене, асыл әже болып, немерелері Есет пен Әділетті тәрбиелеуде. Өзі жұмыс жасап кеткен мектебіне енді ата-ана ретінден келеді. Сағынып келеді.
- Аты -тегі: Ақерке Қанайқызы Дармұханова
- Туған жері: Маңғыстау облысы, Шайыр ауылы
- Туған жылы: 01.02. 1960 ж
- Білім: Қызылорда П. 1979 ж
- Санаты: Жоғары
- Шығармашылық тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық әулетін дамыту
- Технологиясы: “Дамыта оқыту”
- Жетістігі: Іс -тәжірибесі облысқа таратылған, 2009ж, “Жыл сынып жетекшісі-2002 ж”, Пәндік олимпиада ІІ орын
- Марапаты: ҚББ “Құрмет ” грамотасы 2008 ж.
- Ұстанымы: “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста”