МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҮЛГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.Жалпы ережелер

1.Кітапхананы пайдалану қағидалары — оқырманның кітапханамен арақатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, қорларды пайдаланудың жалпы тәртібін кітапхана мен оқырмандардың құқыктары мен міндеттерін белгілейді.

Қызмет керсетудін жеке тәртібі мен технологиясын нақты жайларды ескере отырып әр кітапхана өздері белгілеп реттейді.

2.Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар, кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді ұйымдастырады.

3.Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылар мен қызметқерлердің, сондай-ақ ата-аналар мен жақын мөлтекаудан тұрғындарының да кітапхананы пайдалану құқығы бар.

4.Кітапхананы  пайдалану тегін.

5.Үйге әдебиет абонементте беріледі. Кітапхананың оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді. Кітапханада жоқ ғылыми әдебиетке кітапхана оқырмандары (мұғалімдер) талабы бойынша кітапхана аралық абонемент (КА) арқылы тапсырыс береді.

6.Кітапханада компьютер және басқа техникалық құрал-жабдықтар бар болған жағдайда, оқушылар мен мұғалімдерге дербес жұмыс жасауы үшін компьютердің бағдарламалық қоры, компакт-дискілер /СД/, белгілі электрондық қор, бейнежазбалар, слайдтар, магнитофондық жазбалар, диафильмдер, кодопозитивтер беріледі.

7.Шежірелер(энциклопедия), анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.

8.Кітапханақорында бар кітап, газет-журналдар, басқа да баспа шығармалары және слайдтар, бейнежазбалар, магнитофондық жазбалар, СД, белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі ұйымдастырылады.

9.Кітапханаға  оқырмандар жазылу тәртібі былайша жүргізіледі: 

оқушылар — сынып тізіміне сәйкес, қызметкерлер — төлқұжат бойынша.

10.Кітапханағажазыларда  оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс.

11.Әр оқырманға бес жыл бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры, кітапханада  компьютер бар болған жағдайда — электрондық оқырман формуляры толтырылады.

12.Электрондық оқырман формуляры мен кітап формуляры оқырманға  баспа туындыларының берілгені мен оларды кітапхана қызметкерінің қабылдаған фактісі мен күнін растайтын құжаттар болып табылады.

13.Басылымдардыжоғалтқаны немесе байқаусызда бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана құны мен мазмұны бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда — олардың шынайы нарықтың құнын өтеуге міндетті. Кәмелетке толмаған оқырмандардың қордан баспа туындыларын жоғалтқаны  немесе оған  орны толмас  зиян келтіргені үшін олардың    ата-аналары, олардың орнындағы адамдар жауап береді.

14.Жылсайын оқу жылының басында (қыркүйекте) кітапхана өз оқырмандарының атына жазылған әдебиеттердің барлығын міндетті түрде көрсетіп, оларды қайта тіркейді.

  1. Оқырмандар (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы) абонементте алған басылымдардың әрбір данасы үшін оқырмандар немесе кітап формулярына қол қояды.

16.Оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы №157 қаулысымен бекітілген  Білім ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтарымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережесіне сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

17.Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі мен абонементтен берілген басылымдар саны шектеліп, сапалы түрде белгіленеді:

мұғалімдер үшін:

оқу әдебиеті — тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

әдістеме әдебиеті — 1 ай мерзімге, даналар саны жеткілікті жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

оқушылар үшін:

бағдарламалық әдебиет — оқушыларды оқытудың барлық кезеңіне

беріледі;

бағдарлама бойынша сабақтарда оқылатын шығармалар оқыту бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі;

сыныптан тыс оку үшін — 15 күнге беріледі;

мерзімді басылымдар 2 атау санымен 15 күнге беріледі,

Бір мезгілде берілген даналар саны (оқулықтарды санамағанда) 8 дакадан аспауы тиіс.

18.Пайдаланумерзімі материалға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс жоқ болса ұзартылуы немесе материал бір данада немесе көп сұралатын болса қысқартылуы мүмкін.

19.Кітаптарды қайтарған кезде кітап формулярындағы оқырмандар қолы кітапханашының қолымен өшіріледі.

20.Баспатуындыларын пайдалану мерзімі біткесін 15 күннен кейін кітапханашы оны он күндік  мерзім ішінде қайтаруы керектігі туралы ескерту жасайды. Егер баспа туындылары бұл мерзімде кітапханаға қайтарылмаса, кітапханашы оқушының ата-анасына немесе екі ай мерзімде мазмүны мен құны бірдей басылыммен алмастыру туралы хат-талап жібереді. Талапта қайтарылмаған немесе ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оқырманнан бұл баспа туындыларының кұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріліп алынатын туралы ескертіледі.

  1. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері
  2. Мектеп кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтер, қызметкерлер) мынаған құқылы:

кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға; абонементтен кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алуға;

кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алуға; кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін іздеу мен тандауда кеңесшілік қызмет алуға;

кітапхана қорында жоқ кажетті ғылыми әдебиеттерді кітапхана аралық абонемент (КА) арқылы алуға (тек оқушылар);

кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық білім алуға, ақпараттық дәстүрді және электронды таратқыштарды игеру және пайдалана білуге; кітапхана өткізетін шараларға қатысуға;

кітапхана кеңесіне сайлауға және сайлануға, кітапханаға нақты көмек көрсетуге;

қосымша ақылы қызметтерді (қосымша қызметтер тізбесі мен құнын әр кітапхана жеке белгілейді және мектеп директоры бекітеді) пайдалануға.

 22.Оқырмандар мынаған міндетті: әр оқу жылының басында оқырмандар қайта тіркелуге; кітапхананы пайдалану қағидаларын (мектеп кітапханасын пайдалану қағидаларының 3-22 тармақшасына сәйкес) сақтауға;

кітапханадан алған басылымдарын белгіленген мерзімде қайтаруға; кітапхана қорынан алынған баспа шығармаларына, ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға;

кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, бөлмеге үлкен портфелдер мен сөмкелермен кірмеуге;

оқырман кітапхана қорынан дәстүрден тыс ақпарат тарату құжаттарын алғанда, қызметкердің қатысуымен тексереді, ақауы болған жағдайда, белгі соғу үшін кітапхана қызметкеріне ескертеді. 

23.Оқырмандарға:

кітапханадан өздері қол қоймаған кітаптарда алып шығуға; кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгілер салу, сызу, парақтарын жырту, мұқабасын бүгу т.т.);

каталогтер мен картотекалардан кәртішкелерді шығарып алуға; ашық кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бұзуға; қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге болмайды. 

24.Кететін оқушыларға жеке іс қағаздары кітапхана абонементінен алған әдебиетін қайтарғаннан кейін ғана беріледі. Кететін мектеп қызметкері кітапханада өзінің кету парағына белгі қойдырады.

3.Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

25.Кітапхананың жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді.

26.Кітапхана:берілген кітаптардың, баспа туындылары мен басқа да материалдардың кітапханаға қайтарылуы үшін тұракты бақылау жүргізуге;

оқырманнан бұрын берілген, пайдалану мерзімі өткен баспа туындыларын алғаннан кейін гана кезекті беруді жүргізуге;

КА қағидаларын бұзған абоненттерді әр жағдайда бұзушылык дәрежесіне қарай белгіленген мерзімге КА пайдалану құқығынан айыруға құқылы.

27.Кітапханамынаған міндетті:

оқырмандардың кітапхана қорларын тегін және ашык пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға тегін беруге;

оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге; білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға; ұсынба әңгімелер мен оқырмандардың пайдалануына каталогтер мен картотекаларды, ұсынба тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және ақпарат материалдарын беру жолымен оларға қажетті баспа туындысын таңдауға, сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін, жаңа әдебиеттер көрме- шолуын, Ақпарат күндерін, әдеби кештер, мерекелер мен басқа да шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге;

өз қорларын насихаттауға, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға және ынталандыруға;

компьютерлендіру мен озық технологияларды еңгізе отырып, оқырмандарға кітапхана және ақпарат қызметін көрсетуді жетілдіруге;

қорда бар кітаптарды, баспа туындылары мен басқа да материалдарды белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алуды, сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;

ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге;

кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуі үшін қажетгі жағдайлар  жасау мен ұстауға;

оқырмандарды демалыс уақытына қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуге;

жұмысқа оқырмандарды қатыстыра отырып, баспа туындыларын шағын жөндеуді (жыртылған және түсіп калған беттерді, түптемелерді, мұкабаларды желімдеу және т.т.) тұракты ұйымдастыруға;

оқу жылының басында оқырмандарды жыл сайынғы қайта тіркеуді жүргізуге;

мектеп кітапханасы туралы ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге.

  1. Оқу залы бар кітапханалар үшін оку залын пайдалану қағидалары

28.0қу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.

29.Оку залына сөмкемен, және жеке кітапхана кітаптарымен, газет- журналдарымен, баспа туындыларының кесінділерімен және басқа да баспа материалдарымен кіруге рұксат етілмейді.

30.Оку залында берілетін кітаптар, басқа баспа туындылары мен материалдар саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс көп болған жағдайда берілетін даналар саны шектелуі мүмкін.

31 .КА арқылы алынған кітаптар тек оқу залында, ал ол жоқ болса  кітапхана бөлмесінде пайдалануға беріледі. КА бойынша баспа туындылары мына мерзімге (қайта жөнелту уақытын санамағанда): кітаптар — 30 күнге, мерзімді басылымдар — 15 күнге, көшірмелер — 45 күнге беріледі.