Математика пәні бірлестігі

«Математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты математика пәні бірлестігінің апталығындағы іс-шаралар жоспары (22.01-26.01.2024)

«Математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты математика пәні бірлестігінің апталығындағы іс-шаралар жоспары (22.01-26.01.2024)

Мазмұны

Уақыты

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы (дәлізді безендіру, 5-11 сыныптарға викториналық сұрақтар, ойындар ұйымдастыру)

22.01

Бірлестік мүшелері

2

«Математика зеректері» 5, 9, 11-сынып оқушыларына арналған ойындар (2-сабақ,  дәлізде)

23.01

Жусипова К.

3

«Параллелограмм ауданына есептер шығару», 8Е-сынып, 306 каб (4-сабақ)  

23.01

Балтабаева А.

4

5-сыныптарға арналған «Математикалық прогрессия» сайысы, (І, ІІ тур), 306 каб, (6-саб)

23.01

Альмуратова П.

Шагатаева К.

5

«Кім тапқыр?» 6,7,8-сынып оқушыларына арналған ойындар (2-сабақ, дәлізде)

23.01

Туралханова Г.

6

«The best mathematician» атты 7-сыныптар арасында сайыс 105 каб (1-сабақ)

24.01

Есімова Ф.

Ерке Ү.

7

«Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру», 5 З-сынып, 306 каб (5-сабақ)

24.01

Ақиқатова Г.

8

«Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері», 9 Г-сынып, 302 каб, (3-сабақ)

24.01

Раимов А.

9

«Есіңде ме сол бір пән?» пән мұғалімдеріне арналған ойындар (2-сабақ, дәлізде)

24.01

Утепова Ж.

10

«Квадраттық функция және оның графигі», 8 Ғ-сынып, (2-сабақ)

24.01

Тоқсанбекова Ә.

11

«Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару»,     6 Ғ-сынып, (5-сабақ)

25.01

Нуралиева А.

12

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» 10-сыныптар арасында сайыс, (12:30)

25.01

Аленова С.

13

6-сыныптарға арналған «Математикалық прогрессия» сайысы, (І, ІІ тур), 306 каб, (12:50)

25.01

Альмуратова П.

Шагатаева К.

14

«Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері», 6А-сынып, 306 каб (2-сабақ)

26.01

Набидоллаева А.

15

Мектеп мұғалімдеріне арналған «Не? Қайда? Қашан?» ойыны (апталықты қорытындылау) (6-саб)

26.01

Бірлестік мүшелері

Бірлестік жетекшісі:                                Альмуратова П.

26.01.2024 ж. күні  6А-сыныбына «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері» тақырыбында Набидоллаева А. ашық сабағын өткізді.  Сабақ барысында оқушылар әртүрлі бағдарламалар қолдану арқылы есептерді қызығушылықпен шығарды. Сабақ жоспары АКТ құралдары мен әдіс-тәсілдерді тиімді таңдау арқылы жоспарланған. Апталықтың жабылуына орай бірлестік мүшелері басқа пән бірлестіктерінен іріктелген мұғалімдерге «Не? Қайда? Қашан?»  ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынға мектеп әкімшілігі мүшелері мен мұғалімдерден бірлескен топ белсене қатысты. Ондағы логикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жауаптарын дәлелді. Апталық шаралары қорытындыланып, сабақтары талқыланды. Жас мамандарға тәжірибесі мол ұстаздар пікір-ұсыныстарын айтты.

«Математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты математика пәні бірлестігінің апталығы бойынша

А Қ П А Р ЛА М А

Ағымдағы жылдың 22-26 қаңтар күндері аралығында математика пәні бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың ашылуында бірлестік мүшелері екі ауысымдағы оқушыларға да математикалық жұмбақтар, есептер, формулалар, сұрақтар қою арқылы  «көңілді үзіліс» ұйымдастырды.

23.01.24 ж. күні математика пәні мұғалімі Жусипова К. 5, 9, 11-сынып оқушыларына арналған «Математика зеректері» ойынын ұйымдастырды. Онда оқушылар есептермен байланысқан түрлі ойындар ойнап, нәтижесінде сабаққа қажетті құралдармен марапатталды. Апталық шарасы ары қарай 5-сыныптарға арналған «Математикалық прогрессия» сайысымен жалғасын тапты. Ол сайыста математика пәні мұғалімдері Альмуратова П. Мен Шагатаева К. олимпиада есептерінен тұратын екі тур ұйымдастырды. Ондағы мақсат олимпиада резервтерін анықтау. Сайыс соңында оқушылар марапатталып, сайыс есептері талқыланды.  Түскі ауысым мезгілінде Балтабаева А. «Параллелограмм ауданына есептер шығару» тақырыбында 8Е-сыныбына ашық сабақ өткізді. Онда оқушылар топтарға бөлініп есептер шығарып, есептері штрих код арқылы тексерілді. Мұғалім сабағын түрлендіріп, АКТ құралдарын мейлінше тиімді қолданып өткізді. Туралханова Г. 6-8 сыныптар арасында «Кім тапқыр?» ойынын қйымдастырып, түрлі ойындар мен есептер шығартты. Көп ұпай жинаған оқушыларды тәттілермен марапаттап, қызығушылығын арттырды. Орта буын оқушылары жоғары белсенділікпен қатысты.

24.01.2024 ж. күні бірлестігіміздің ең жас маманы Ақиқатова Г. 5 З-сыныбына «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыбында ашық сабағын өткізді.  Сабақта оқушылар жаңа материалды меңгерген соң, рандом-генератор арқылы кезекпен есептер шығарды. 9 Г-сыныбында Раимов А. «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Онда оқушыларға бейнеролик арқылы жаңа материал таныстырылды. Оқушылар тригонометриялық функциялар қасиеттерін қолданып бірнеше жаттығулар орындады.  Бірлестік мүшелері Альмуратова П. мен Шагатаева К. 6-сыныптар арасында да «Математикалық прогрессия» сайысын өткізді. Онда жоғары ұпаймен жеңіске жеткен оқушылар марапатталды. Сайыс олимпиада есептерінен құралған 2 турмен ұйымдастырылды. Ал, Есімова Ф. мен Ерке Ү. 7-сыныптар арасында «The best mathematician» атты сайыс өткізді. Оған  7-сыныптар арасынан есептер шығару арқылы іріктеліп алынған оқушылар қатысты. Сайыс жоспары бірнеше турдан тұратын қызықты тапсырмалармен құрастырылған. Оқушылардың қызығушылығы артып, жоғары белсенділікпен қатысты. Жеңіске жеткен оқушылар дипломдармен марапатталды. 8 Ғ-сыныбында Тоқсанбекова Ә. өзінің «Квадраттық функция және оның графигі» тақырыбындағы ашық сабағын АКТ құралдарын пайдалана отырып өткізді. Онда арнайы бағдарлама арқылы квадраттық функцияның графиктерін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар квадраттық функция графиктерінің парабола төбесін, абсцисса, ордината осьтерімен қиылысу нүктелерін есептеуді үйренді. Утепова Ж. басқа пән мұғалімдеріне арналған «Есіңде ме сол бір пән?» ойынын ұйымдастырды. Онда мектеп мұғалімдері математикалық сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарды. Шараға мұғалімдер қызығушылықпен  қатысып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

25.01.2024 ж. күні Нуралиева А. 6 Ғ-сыныбында «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ бірнеше бөліммен құрастырылған. Онда оқушылар мәтінді есептерге бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер құрып, оларды шешті. Сабақ барысында оқушылардың есебі телефондағы әртүрлі бағдарламалар арқылы тексерілді. Аленова С. 10-сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын өткізді. Ойын бірнеше турдан құралған. Бұл ойынға 10-сыныптардан іріктелген 6 оқушы қатыстырылды. Ойын барысында оқушылар әртүрлі пәндер тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты. Жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.

Жетістіктер
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика» атты математика пәні бірлестігінің апталығындағы іс-шаралар жоспары

Мазмұны

Уақыты

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы (дәлізді безендіру, 5-11 сыныптарға викториналық сұрақтар, ойындар ұйымдастыру)

 

20.02

Пән мұғалімдері

2

«Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу», 5 Ғ-сынып, 306 каб

21.02

Нуралиева А.

3

«Тригонометриялық формулаларға қатысты есептер шығару», 9А-сынып, 306 каб

22.02

Аленова С.

4

«Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу», 5 Б-сынып, 306 каб

22.02

Утепова Ж.

5

«Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік»,  

6 Б-сынып, 302 каб

22.02

Есімова Ф.

6

«Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру», 7 Ғ-сынып, 306 каб

22.02

Құлшықова М.

7

«Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік»,

6 В-сынып, 306 каб

23.02

Жусипова К.

8

«Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»,  

6Д-сынып, 302 каб

23.02

Ерке Ү.

9

«Трапецияның ауданы», 8 Е-сынып, 306 каб

23.02

Шагатаева К.

10

«Олимпиада есептерін шығару жолдары» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар, 306 каб, (13:00-14:00)

23.02

Раимов А.Ә.

11

«Туындыны табу ережелері», 10 Б-сынып, 306 каб

24.02

Туякбаева Р.

12

«Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; …, және 0,1; 0,01; 0,001…  сандарына көбейту», 5 И-сынып, 207 каб

24.02

Туралханова Г.

13

«Сабақ үдерісінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» машықкерлерге арналған тренинг (16:00-17:00)

24.02

Альмуратова П.

14

Апталықты қорытындылау

24.02

Бірлестік мүшелері

Математика пәні мұғалімдер тізімі

116

Избасарова Сәндеш  Тулегеновна

01.02.1961

Математика

117

Имамединова Улмекен

28.03.1963

Математика

118

Аленова Сәуле Алтайқызы

03.07.1996

Математика

119

Шагатаева Карылгаш Сайлауовна

08.12.1982

Математика

120

Изтурганова Индира Кемелбайқызы

22.03.1983

Математика

121

Утепова Жамал Саиновна

03.09.1969

Математика

122

Қайрлапова Аяжан Қайрлапқызы

10.10.1998

Математика

123

Жусипова Калбиби  Абеновна

18.06.1968

Математика

124

Жарлыкапбаев Асет Канатович

22.08.1999

Математика

125

Ерке Үміт Басболакқызы

27.08.2000

Математика

126

Құлшықова Мөлдір Ниязбекқызы

13.10.1992

Математика

127

Раимов Айбек Әнуарұлы

31.01.1994

Математика

128

Альмуратова Перизат Керизбаевна

14.08.1982

Математика

129

Есімова Фариза Алтайқызы

20.07.1999

Математика

130

Туралханова Гулмаржан

28.04.1973

Математика

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика» атты математика пәні бірлестігінің апталығында өткізілген шаралар туралы

А Қ П А Р Л А М А

Ағымдағы жылдың 20-24 ақпан аралыңында математика пәні бірлестігінің апталығы өтті. Бірлестік мүшелері апталықтың ашылуын 5-11 сынып оқушыларының арасында викториналық сұрақтар мен ойындар ойнатудан бастады. Сұраққа жауап берген, ойыннан жеңіске жеткен оқушыларға әртүрлі сыйлықтар берілді.       

Апталық аясында бірлестіктегі ең жас маманымыз Нуралиева Айсәуле 5 Ғ-сыныбына  «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында АКТ құралдарын тиімді пайдаланып, әртүрлі ойындар ойнату арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятты. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, кері байланыс жасады. Келесі сабақты «Тригонометриялық формулаларға қатысты есептер шығару» тақырыбында 9А-сыныбына Аленова Сәуле өткізді. Оның  сабағы оқушылар үшін қызықты, әрі тартымды болды. Оқушылар түрлі бағдарламалар арқылы жасалған тапсырмаларға QR арқылы жауап беріп, өздерінің есептер шығару барысында жинаған ақшасына сабақ соңында тәттілер сатып алу арқылы бағаланды. Сабақ жүйелі, оқу мақсатына сай құрастырылған. Утепова Жамалдың «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» тақырыбында 5 Б-сыныбына өткізген сабағы оқу мақсатына сай,  жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілді. Оқушылар әр бөлімде өзінің деңгейін теңіз жағалауындағы кемелер арқылы белгілеп отырды. Сабақта өзін-өзі бағалау көрініс тапты.  Есімова Фаризаның 6 Б-сыныбына өткізген «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік» тақырыбындағы сабағында бірнеше жаңа әдіс-тәсілдер мен ойындар көрініс тауып, сергіту сәті тақырыппен байланыстырылды. Ал, 7 Ғ-сыныбына «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында өткізген Құлшықова Мөлдір өзінің сабағын топқа бөлумен бастады. Топқа бөлу кезінде өткен сабақты қайталауға шолу жасап, сабақты сайыс түрінде өткізді. Оқушылар сабақ мақсатына қол жеткізу барысында белсенділікпен қатысты.  Жүсіпова Қалбибінің 6 В-сыныбына өткізген «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік» тақырыбындағы сабағы оқу мақсатына сай құрылымдалған. Оқушыларға сабақ материалын меңгертуде тиімді әдіс-тәсілдер таңдалып, қызықты өтті. Ерке Үміт 6Д-сыныбына «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу», Шағатаева Қарлығаш 8 Е-сыныбына «Трапецияның ауданы», Тұяқбаева Рабиға                 10 Б-сыныбына  «Туындыны табу ережелері», Тұралханова Гүлмаржан 5 И-сыныбына «Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; …, және 0,1; 0,01; 0,001…  сандарына көбейту» тақырыптарында сабақтар өткізді. Барлық пән мұғалімдері де өз сабақтарын жаңаша әдіс-тәсілдермен, заманауи форматта өткізді. Оқушылар апталық аясында өткен сабақтарғаға жоғары белсенділікпен қатысты. Раимов Айбек «Олимпиада есептерін шығару жолдары» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізді. Онда геометрия есептерін шығаруда Чева теоремасын тиімді қолдануды үйретті. Семинарда бірлестік мүшелері жарыса есептер шығарды.  Апталық соңында Альмуратова Перизат мектебімізде дипломалды іс-тәжірибеден өтіп жатырған машықгерлерге арнап «Сабақ үдерісінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тақырыбында тренинг өткізді. Онда машықгерлер сабақ үдерісінде оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауға машықтанды. Әдіс-тәсілдердің сабақ кезеңдерінде тиімді қолданылуын айтып өтті. Олар өздерінің тренинг туралы ой-пікірлерін ортаға салып, кері байланыс орнатты.