«Білім әлеміне еркін шарлаудың кілтін-зерттеу» aтты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы 2022-2023 оқу жылы
2023 жылдың 13-17 ақпан аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында №21 жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің «Білім әлеміне еркін шарлаудың кілті-зерттеу» атты ағылшын апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Мектеп ішінде директордың бұйрығымен жоспар жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылды. Апталық салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты сап түзеу мемлекеттік Әнұраннан басталып , шетелдік әнмен жалғасын тауып, ағылшын мұғалімдердің жасаған әзірлемесі бойынша жүргізілді.
Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бойынша апталықтын салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан іс-шаралар өткізілді.
13.02 Апталықтың ашылуы екі ауысымда оқитын оқушылар үшін, екі тілде (ағылшын және қазақ) жүргізілді. Оқушылар ағылшын, қазақ тілінде өлеңдер оқып, 5-10 – сынып оқушылары әлем туларымен ,мәдениетімен таныстырылса, 11 сынып оқушылары ағылшын тілінде Ұлыбританияның символдарын таныстырды. Апталықты оқушылар әртүрлі грамматикалық тапсырмалар орындаумен жалғастырды.Оқушылар үшін әр үзіліс кезінде арнайы тапсырма беріліп ,жауабын дұрыс тапқан оқушыларға ,белсенділігі үшін дәптер,қалам және тәттілер таратылды. Соңында бірлестік жетекшісі Темирова Айзада оқушылар мен мұғалімдерге апталық жоспары мен таныстырып, оқушыларды апталыққа белсене қатысуға шақырды.
13.02 Губайдуллина Меруерт ағылшын пәні мұғалімдерін « Lesson Study-даму мен ілгерілеудің басым бағыты» атты сабақты зерттеу бағытымен таныстырды.
Кейін бастауыш сыныптардың ашық сабақтары жүргізілді.Алғашқысы Сатан Мөлдір 4а –сыныбында өткен «Healthy bodies»атты ашық сабағы өтті.Байғали Айнұр 3а –сынып оқушыларына «Exploring Space»,Есіркепова Айсулу 4в- сынып оқушыларына «Healthy bodies 1» тақырыптарына ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер көп ізденген,оқушыларды қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында көрнекіліктерді ,ақпараттық құрылғыларды пайдаланған.
Апталықтың екінші күнін Жанғалиева Сымбат 2в-сынып оқушыларына «Special day» атты ашық сабағымен бастады.Оқушылар жұптық тапсырмалар орындап ,белсенді оқушылар бағаланды.
Ағылшын пәні мұғалімі Қоңырбай Гулфайруздың 5ә сыныбында «Robin Hood» атты ашық сабағымен жалғасты. Оқушылар топқа бөлініп ,ертегі кейіпкерлерін сипаттап ,мұғалім дайындаған тапсырмаларға белсене жауап берді.
Бұдан кейін Утеулиева Бибигуль 9г-сынып оқушыларына «Remembrance day in Australia » атты ашық сабағы өтті. Сабақ бастан аяқ ағылшын тілінде жүргізіліп, оқушылар ағылшын тілде сөйлеу шеберліктерін көрсетті. Сабақ өте қызықты өткізіліп, оқушылар жеке, топтық жұмыстар орындап, қалыптастырушы бағалаулар өз деңгейінде жүргізілді.
Білім алу әр кезде қызықты болу керек. Сонда ғана білімнің қалыптасуы нәтижелі болады. Осы бағытта 14 ақпанда ағылшын пәні мұғалімдері Мақсатова Камила мен Сәрсенғали Майра 9-10 сыныптарға арналған «Valentine’s day » жұптық сайыс өткізді.Сайыстың мақсаты оқушыларды осы күннің тарихымен таныстырып,ағылшын тілінде өлең құрастыру ,оқушылардың тапқырлықтары мен шеберліктерін айқындау.
Осы күні жас маман Кенжеғалиева Айгерімнің 8 в –сыныбына дайындаған «Nature reserves around the world» атты ашық сабағы өтті. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына толық жауап беріп, сергіту сәтінде би билеп ән айттып, стикерлермен бағаланды.
15.02 Апталықтың үшінші күні жас маман Аманжан Інжу 5 ж-сыныбында ағылшын пәні бойынша «The pearl of Kazakhstan » атты ашық сабағы өтті.Оқушылар Қазақстанның ең әді Ұлттық паркімен танысып, тақырыпқа байланысты видеоматериал қарап,сұрақтарға жауап берді.Соңында кері байланыс жасалып,оқушылар бағаланды.
Омирзакова Периде 2 е-сыныбына «Special days» атты ашық сабағын жалғастырды.Оқушылар тақырыпқа байланысты жыл мезгілдерімен ,айлармен танысып, осы бағытта тапсырмалар орындады.Әр оқушы сабақ соңында бағалады.
Осы күні ағылшын пәні мұғалімдері Темирова Айзада мен Қоңырбай Гулфайруз 7-сыныптар арасында сыныптан тыс үш тілде «Polyglot» топтық байқауын өткізді . 4 кезеңнен тұратын сайыста оқушылар әр елдің мәдениетіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, Quiz арқылы тапсырма орындады.Арнай дайындаған қазылар алқасы сайыстың куәгері болып ,ұтқан топты марапаттады.Оқушылар бар ынтасымен қатысып,соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындап , стикерлермен, қаламдармен бағаланды.
Бұдан соң ағылшын пәні мұғалімі Смайлова Мерекемнің 8 в –сыныбына өткізген «Travel and transport» ашық сабағымен жалғасты .Оқушылар транспорт түрлерімен танысып, саяхаттау туралы өз ойларымен бөлісті.Оқушылардың бұл пәнге деген білімі мен құштарлығы байқалды.
15.02 күнге жоспарланған Сейлханов Нұрболаттың 6д-сыныбына «Parks around the world» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақ өте жоғары деңгейде , ағылшын тілінде өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс толық жүзеге асырылды.Сабақта жүргізілген тапсырма бағыттары бағалаушы тараптың көңілінен шықты.
16.02 апталығымыздың төртінші күні 10-11 –сыныптар арасында Нурлибаева Бибигульдің «Education in foreign countries» атты шетел азаматымен кездесу өткізді. Шет елде білім алғысы келетін әр оқушыға өте пайдалы ақпараттар айтылды.
Мектеп мұғалімдерінің қызығушыларының арттыру мақсатында «Shopping day» атты ағылшын сөздерін аударып ,керекті сөздерді тапты.Дұрыс тапқан мұғалімге тәттілер таратылды.
17.02 күні Бекова Елена 4в –сыныбына «Healthy bodies» атты ашық сабағы өткізді. Оқушылар мұғалімнің нұсқаулығымен салауатты өмір салтына қажетті тағамдар дайындады.Әр тағам түрін ағылшынша атаумен атап, сабаққа деген ынталарын көрсетті.Тақырыптағы ережемен танысып, тапсырмаларды орындады.
17.02 күні «Closing Ceremony of English Week» атты ағылшын апталығының жабылу салтанатты жиыны өтті. Жоспар бойынша 4-5- сыныптар арасында «Ертегілер әлемінде атты» әдемі кештің куәсі болдық. Оқушылар өте жоғары дайындықпен келген, сахналары ертегілеріне сай безендірілген.Ертегі бастан соңына дейін ағылшын тілінде жүргізілді.
Оқушылар заманауи әндерді ағылшын және қазақ тілдерінде керемет орындады.Мектеп ұжымы,апталықты жоғары дәрежеде бағалап,жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жұмысымызға сәттілік тіледі.
Бірлестік жетекшісі Темирова Айзада
Шет тілі пәні мұғалімдер тізімі
№ | Аты-жөні | Туған жылы | Лауазымы |
87 | Абдисадықова Жанар Габитовна д/к | 08.07.1991 | Ағылшын тілі |
89 | Беккалиева Ғайша Жоламанқызы | 17.11.1991 | Ағылшын тілі |
95 | Тлегенова Айгерим Мукитовна | 21.09.1985 | Ағылшын тілі |
97 | Ягнисова Дина Мугалбаевна | 18.02.1982 | Ағылшын тілі |
98 | Смайлова Мерекем Сырымқызы | 22.03.1994 | Ағылшын тілі |
101 | Қалабай Гүлназ Жолболдықызы | 23.01.1997 | Ағылшын тілі |
102 | Бекова Елена Есболатовна д/к | 16.04.1988 | Ағылшын тілі |
106 | Жеткизген Гүлнұр Нұрбайқызы | 15.11.1995 | Ағылшын тілі |
110 | Утеулиева Бибигуль Сембаевна | 04.02.1992 | Ағылшын тілі |
113 | Айтанова Индира | 01.11.1987 | Ағылшын тілі |
115
| Айкимбаева Нургуль Нуралиевна
| 03.04.1980
| Ағылшын тілі
|