«Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығының VI семинар-отырысы.
28 ақпан күні Маңғыстау облысы бойынша білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығы жоспарына сәйкес «Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» VI семинар-отырысы болып өтті.
Семинар аясында №21 жалпы білім беретін мектеп және Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
- «Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы»/Ашық сабақ/ Әлімбаева Тілектес Аяпбергенқызы.
- «Өсімдік ұлпаларынан ДНҚ-ны бөліп алу мүмкіндігін зерттеу»/ зертханалық жұмыс/ Жумаев Бекмуханбет Казмухамбетович.
- «Жаратылыстану бағытындағы сабақтарды жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану»/ Әдістемелік жұмыс/ Даулетов Өтебай Балқыбайұлы.
- «Каталаза мысалында ферменттердің қасиеттерін зерттеу»/ Зертханалық жұмыс/ тәжірибе алмасу/ Нияз Мадина Мухамбеткалиевна-Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі.
- «Биология пәні бойынша олимпиадалық күрделі есептерді шығару»/ Шеберлік сыныбы/ Сағадинов Сағындық ӨмірбайұлыАқтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі
28 ақпан 2023 ж
№ | Аты-жөні | Туған жылы | Лауазымы |
17 | Майрамов Бексултан Нурмуханович | 17.06.1994 | Биология |
18 | Даулетов Өтебай Балқыбайұлы | 06.01.1994 | Биология |