Жетекші мектеп есебі. 2023-2024 оқу жылы
Жетекші мектеп есебі. 2022-2023 оқу жылы

«Самғау»   серіктес мектептер қоғамдастығының 2021-2022 оқу жылында   ұйымдастырған іс-шараларының есебі (бейнежазбамен дайындалды)

 Серіктес мектептер  қоғамдастықтың атауы: «Самғау»

Серіктес мектептер қоғамдастығына №15,№17 орта мектептер  және Ақтау қалалық білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ  кіреді.

Қоғамдастық тақырыбы:  Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылдығын дамыта отырып және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

 Қоғамдастықтың мақсаты: Бағдарламаны кеңінен тарату, жұмыс мазмұнына басты тақырып, мазмұн ету; Желілік қауымдастықты құру арқылы  ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен  біліктілікті дамыту. Ортақ шешімге келу, ортақ  жұмысты  жоспарлау

Сабақты және іс-әрекетті  зерттеуді жоспарлы жүргізу

Кәсіби тақырыптарға қатысты  формальды және формальді емес  қарым-қатынастарды           ұйымдастыру

Мәселені бірлесе отырып талқылау,  талдау, ақпарат бөлісу.

Үздік педагогикалық тәжірибелерді  тарату.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау;

Оқу  мен  оқыту  сапасын  көтеруде  критериалды  бағалау  жүйесін  қолдану  жұмысын  жалғастыру.

Мектептегі  мұғалімдердің  қоғамдастыққа  деген  сенімділігін коучингтер, тренингтер   жүргізу  арқылы  дамыту.

Оқу  мен іс-әрекетті  зерттеуде  «Lesson Study» зерттеу әдісін қолдану.

Желілік  қоғамдастық  арқылы  тірек  мектептермен әдістемелік байланыс орнату.

Ақпараттық  кеңістіктің мүмкіндіктерін пайдалану,жергілікті, облыстық, республикалық  басылымдарға  материалдар  жариялау.