Мектеп директоры: Мамутова Зарухан Коскуатовна

  Ақтау қалалық  білім бөлімінің  «№ 21 жалпы  орта  білім беру мектебі»         коммуналдық мемлекеттік  мекемесі  директоры Мамутова Зарухан Коскуатовна 

         

Еленген еңбек жемісі 📖🏅

Бірімізге біріміз сәрсенбінің сәтті күнін тілеп бастаған бүгінгі күніміз мектебіміз үшін, ұжым үшін жақсы жаңалықпен қорытындыланды.

Білім саласында 30 жылдан аса қызмет етіп, ұлағатты ұстаздық жолға бар күш-жігерін салып, “Білім” мұхитында ұстаздар мен шәкірттерді жетелейтін “Мектеп”атты алып кемеге мұхиттың сан-қилы толқындарына қарамастан жол көрсетіп келе жатқан, еңбек жолы жемісті жетістіктерге толы мектебіміздің басшысы Енсегенова Гулзада Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

Құрметті, Гүлзада Еңсегенқызы!
Сізді ерекше еңбегіңіз үшін берілген лайықты төсбелгіңізбен, айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Абыройлы қызметіңізге жеміс пен табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Білім саласында бір шәкіртті тәрбиелеу арқылы бүкіл ұлтты тәрбиелейміз деген ұстанымдағы етіп жатқан еңбегіңіз елене берсін!

Ізгі ниетпен: Мектеп ұжымы

🗓24 тамыз, 2022 жыл.