2021 – 2022 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

    Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: Аманжолова К.С.

Ақтау қаласы, 2022 жыл

Ақтау қалалық білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие жұмысы есебі

2022 – 2023 оқу жылы

Шағын футболдан мектепішілік жарыс⚽️🏃🏻‍♂️🏃🏻🏃🏻‍♂️🏃🏻

«Балалар жылы» аясында Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Т.Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің дене тәрбиесі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларының арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
3 сағатқа созылған жарысқа 12 команданы құраған 100ге жуық оқушы қатысты.
Жеңімпаз командалар да, «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша анықталған оқушылар да арнайы дипломмен марапатталды.

🗓️16 қыркүйек, 2022 жыл.

Интернеттен діни білім алу қауіпті ме?📱📲

Мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына аталмыш тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының «Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы»КММ басшысының ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.Қ. Қалмұрзаев оқушыларға төмендегі мәселелер бойынша түсіндірді⤵️
✅Әлеуметтік желідегі түрлі діни ағымдарды насихаттаушы парақшалардағы ақпараттар мен мәліметтер, бейнероликтердің шындыққа жанаспауы мүмкін екендігі жөнінде;
✅ Кәмелетке толмаған жасөспірімдер әлеуметтік желілерде лақап аттармен діни тақырып қойып парақша ашу мен жарнамалау немесе тарату бойынша құқықбұзушылық заңдарымен қаралатындығы жөнінде;
✅ Шет елге оқу туралы ойы бар оқушыларға діни сауаттылық болмаса, барлық ақпараттар мен ермелікке жол бермеу жөнінде;

Оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, әлеуметтік желіні тек пайдалы жағынан ғана пайдалануға шақырды.

Ақтау қалалық білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие жұмысы есебі

2021 – 2022 оқу жылы

Тәрбие бағыттары
р/с
Іс-шаралар
1
І. Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие және құқықтық тәрбие Мақсаты: патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
«Кел,балалар,оқылық!» атты алғашқы қоңырау салтанаты «1 Қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай мектебімізде «Кел,балалар,оқылық!» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1-сыныпқа қабылданған 274 оқушы мен барша ұстаздар, ата-аналар қатысты. Қазақстан Республикасының Гимні орындалып ашылған жиын мектеп директоры Г.Е. Еңсегенованың құттықтауымен басталып, одан әрі 1-сынып жетекшілерін таныстырумен жалғасын тапты. «Кел,балалар,оқылық!» әнін 1-сынып оқушылары хормен орындап, 1 «ә» сыныбы оқушылары бимен әрледі. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндер мерекеге орай тақпақтарын айтып, 1 «в» сыныбы оқушысы Сырымбай Бақдәулеттің орындауындағы «Мереке» әні салтанатты жиынды одан әрі көңілдендіре түсті. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығады деп бөбегінің қолынан жетектеп келген ата-аналар атынан, немересін қызықтап, қуанышқа бөленіп тұрған ата-әжелердің атынан аяулы әже Узганбаева Баян Төрәліқызы ақжүрек тілегін арнап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сыңғырлаған қоңырау үнін еститін сәт те жетіп, 1 «а» сыныбының оқушысы Әмірбекқызы Айшолпан, 1 «в» сыныбының оқушысы Ибескі Нұрасыл керемет әуен аясында қоңырау соғып, мектеп маңы қуанышқа бөленді. Биылғы оқу жылының асыға күттірген ерекше сәті «Әліппе» табыстау кезеңі ертегі кейіпкерлерінің «Әліппе» әніне арналған биімен өте тамаша көрініс орын алып, әр сынып жетекшісі лентасын қиып, оқушыларға ұсынды. Еліміздегі пандемияға байланысты алдын-алу шаралары бойынша карантиндік талаптарды сақтау мақсатында мектеп ішіне, оқу кабинеттерге оқушылар әр сынып өз жетекшілерімен ғана жеке-жеке жіберілді. Қамтылған оқушы саны: 290
«Қауіпсіз мектеп», «Мектепке жол» акциясы
Мектебіміздің 1-5-сынып оқушыларына жолда жүру және қауіпсіздік ережелерін сақтау, мектепке келерде және үйге қайтарда күнделікті қауіпсіз жол ережелеріне бағынуды үйрету мақсатында мектеп инспекторы Ә.Т.Игілік, мектеп ДТЖО-лары К.С.Аманжолова, Ж.Ш.Картбаева, тәлімгер А.Тілекбергенқызы және сынып жетекшілерінің бірігуімен бір күн бойы әр сыныпта «Мектепке жол» атты таным сағаты өткізілді. Мектеп инспекторы арнайы бағдаршам және жол картасы арқылы оқушыларға жол қауіпсіздігін сақтау ережелерін (автобустан түскеннен кейінгі ереже, бағдаршамға бағыну ережесі, жаяу жүргіншілер жолында велосипед,сомакаттармен қалай өту, жүгірмеу және сол жаққа,оң жаққа қарау т.б) түсіндіріп, жағдаятты сұрақтар қойып, оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ көлік жүретін жол мен жаяу жүргіншілер жолында ескеру керек ережелер ескертелді. Қамтылған оқушы саны: 1390

«Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті»

         Оқушыларды сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске баулу мақсатында оқу жылы барысына «Адал ұрпақ» ұйымының жоспары жасақталып, тәлімгер А.Тілекбергенқызының ұйымдастыруымен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған слайд арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс өткізілді. Кездесу барысында ерікті түрде «Адал ұрпақ» ұйымы мүшелері тағайындалды. 24 оқушыдан құралған ұйымды 9-11 сынып оқушылары құрады.

Қамтылған оқушы саны: 900

“Жас ұлан”, “Жас қыран” ұйымына қабылдау рәсімі

         ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мектебімізде Ұланбасы және оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымымен бірге мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін “Жас Ұлан” ұйымының қатарына 57 оқушы қабылданды.

Рәсімнің ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі “Жас Ұлан” ұйымы қатарына қабылданушы Қалабаев Нұрбекке берілді. Мектеп әкімшілігі мен ардақты ұстаздар “Жас Ұлан” ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстап, құттықтау тілектерін арнады.

Қамтылған оқушы саны: 80

«Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі»

         «22 Қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне» орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі  пәні бірлестігі оқушылардың үш тілді пайдаланатын жоғары білімді тұлға болуға баулу мақсатында бірлескен үш күндік өткізді. Үш күндік барысында 8-10 сынып оқушылары дәліз бойында бір-біріне қазақша да, орысша да, ағылшынша да сұрақтар қойып жарысты. «Өз»н-өз» басқару» ұйымының ұйымдастыруымен  таңертеннен бастап оқушылар  ұстаздардың алдынан күтіп алып, бір қазақ тіліндегі сөзді айтып, үш тілді аудармасын сұрады. Сөздікті үш тілде де айтқан оқушыларға да, мұғалімдерге де қалам сыйға берілді.

Қамтылған оқушы саны: 85

«30 жылдық – 30 марапат»

          ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мектеп басшысының ұжымды мерекелік құттықтау және марапаттау кеші өтті. Мектеп директоры Г.Еңсегенқызы 30 жылдық мерейтойға орай 30 қызметкерді марапаттап, білім және ғылым саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбектері үшін алғыс білдіріп, барша ұжымды атаулы мерекемен құттықтады.

«Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет»

           Мектебіміздің  9 – 11 сынып оқушыларымен (ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек) Ақтау қаласының Дін Істер Басқармасының арнайы мамандары, теолог мамандарымен бірлескен жоспарлы үш күндік өткізілді.  Дінтану сабақтарының мектептегі рөлі, діни көзқарастар, діни ағымдарды ажырата білу, иманды сауаттылық жөнінде жалпы дін тарихынан әңгімеленген кездесу барысы оқушылардың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына шешімін тауып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар мысал келтіре отырып жауап берді.

Үш күндіктің алғашқы күні оқушылармен танысу, сұрақ-жауап алмасу, слайд арқылы ақпарат беру, жалпы кіріспе бөлім ретінде жүргізілді.  Екінші күні 7-8 сынып оқушыларымен де осылай кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал үш күндіктің соңғы күні өз тарапынан өтініш білдіріп, сұрақтарымды жеке қоям деп ұсыныс білдірген оқушылармен дөңгелек үстел форматында өткізілді. Үшінші күнге жоспарланған кездесуде оқушылар мен теолог маман ғана болды. Нәтижесінде мектебімізде діни тұрғыдан өрескел сұрақ қойған, немесе әрі қарай жұмыс жүргізу керек дейтіндей оқушы тіркелген жоқ. Арнайы мамандармен өткен үш күндік өте мағыналы, мәнді өтті.

Қамтылған оқушы саны: 380

Интернеттен діни білім алу қауіпті ме?

          Мемлекетіміздің зайырлылық қағидаттарын және “Интернеттен діни білім алу қауіпті ме?” тақырыптарын түсіндіру мақсатында Ақтау қалалық дін істер басқармасы басшысының орынбасары Ж.Қалмұрзаев және Бөлім басшысы   Н.Ордаған   9 — 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде “Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы” ақпараттық түсіндіру және қарсы насихат бөлімінің басшысы Н.Махмутұлы оқушыларға деструктивті діни ағымдардан сақтану, әлеуметтік желіде діни білім іздену барысында ДДА топтардың құрығына түсіп қалмау, ақпарат бөлісуде мұқият болу мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.

Қамтылған оқушы саны: 350

«Ұлттық теңге – мемлекет келбеті»

       Мектебімізде тарих пәні бірлестігінің «Ұлттық теңге мәртебесі» атты 10-сынып оқушыларының арасында сыныптан тыс шағын шара өткізілді. Шара танымдық ойын түрінде ұйымдастырылды. Оқушыларға «Ғажайыптар алаңы» ойынын өткізудің негізгі мақсаты- ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау еді. Шараның қорытынды кезеңінде оқушылар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізінің бірі — теңге екендігін айқындап, тарихқа үңіліп, қызықты, тартысты сабақ өтті.

Қамтылған оқушы саны: 28

«Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол»

         Оқушыларды елінің мұрасын қастерлеп,қасиетті жерлерінің мәдени- географиялық белдеуін сақтап, қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында аталмыш тақырыпта барлық сыныптар бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарынан соң әр сынып жетекші оқушыларды мектеп төріндегі аса құнды жәдігер, қазан айында тігілген киіз үйге саяхат жасап, киіз үй жабдықтарымен таныстырды.

Қамтылған оқушы саны: 1-11 сынып оқушылары.

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу»

          Мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты, инспектор Ж.Дүйсенов кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүруі, кәмелет жасқа толмағандарға рұқсат етілмеген, денсаулыққа зиян келтіретін темекі бұйымдарын пайдалану, оның ішінде қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отырған электронды темекіге әуестік, көше бұзақылығы, қаңғыбастық, кешкі мерекелеу, жол қауіпсіздігін сақтау, жолдан өткенде мұқият сақтықты қадағалау, барлық тәртіпбұзушылықтың салдары мен ата-аналар тартылатын жауаптылық, тиісті шаралары жөнінде түсінік жұмысын жүргізді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер, мінез-құлықтар туралы айтылды.

Қамтылған оқушы саны: 396

«Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыздық пен панасыз қалудың алдын алу»

         Қыркүйек айының 29 жұлдызынан бастап мектебіміздің 5-8 сынып оқушыларына аталмыш тақырыпта  мектеп инспекторы Ә.Игілік, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.Аманжолова, педагог-психолог Г.Исамбай және 5-8 сынып жетекшілері мен оқушыларының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың жалпы тәртібін қадағалау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Түсіндірме жұмыс барысында оқушылардың өздерінен кіші сынып оқушыларына әлімжеттік жасауға (ақша сұрау,тиісу,топтасып жиналу т.б) болмайтындығы, бір-бірінің киімдеріне, заттарына (сөмке,кітап,дәптер) зиян келтірмеуі керек екендігі түсіндірілді.

Қамтылған оқушы саны: 870

«Елім деп соққан жүрегім»

          Мектебімізде 10 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Елім деп соққан жүрегім» атты ардагерлермен кездесу кеші, мерекелік шара өтті. Желтоқсаншылар Жақып Көшерұлы, Фазылбек Өтегенұлы кездесу кешіне арнайы қонаққа келіп, Ақтау қалалық “Оқу-әдістемелік орталығы” мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ерлан Шаулекенұлы және қала бойынша білім ордаларынан келген ұстаздар мен оқушылар қатысты.
«Желтоқсаншылармен сұхбат» айдарында жас тілшіміз Қартбай Диляра сұрақ-жауап алмасып, содан соң мектебіміздің жас ұстаздары яғни жас мамандар дайындаған көрініс сахналанды. Сағаттан аса уақытқа жалғасқан кездесу кеші өте мағыналы әрі әсерлі өтті. Облыс көлемінде жоғары марапаттарға ие болып жүрген Жұмалы Алдияр өлең оқыса, Асылбек Айым скрипкамен өнер көрсетіп, республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Нұрлы-Арай» би тобы шаңырақ бейнесін бейнелеп,  7-сынып оқушылары мерекелік хор айтты. Өз дәрежесінде мағыналы өткен шара көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қамтылған оқушы саны: 90 

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік»

           «15 Ақпан – Ауған соғысы ардагерлері күніне» орай мектебіміздің барлық сыныптары бойынша сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастырып, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып тарихи оқиғалар туралы мәліметтер беру мақсатында тарих пәні бірлестігі

5-8 сынып оқушыларына мектеп актзалында лэдэкран арқылы арнайы тарихи деректі фильм көрсетіп, шағын киноtime ұйымдастырды. Деректі фильмде ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан ауған соғысы ардагерлері мен сол қиын шақтардың тарихи оқиғалары бейнеленген. Фильм аяқталған соң тарих пәні мұғалімі Қ.Балапанова мен О.Қалмұрзаева оқушыларға әңгімелеп беріп, сұрақ-жауап алмасты. Қамтылған оқушы саны: 480 

«Бейбіт елде – сән бөлек»

        “Балалар жылы” аясында “1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесіне орай мектебіміздің 5-сынып оқушылары мерекелік көңіл-күйге толы «Ынтымағы жарасқан туған елім — Қазақстан!» атты шара өткізді.
Мектебіміздің 5-сынып оқушыларынан «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері шараның тізгінін ұстап, жүргізушілікті атқарды. Ұлт өкілдерінің дәстүрлі билері мен әндері орындалып, қазағымыздың өлеңдері оқылып, домбырамыз күй шертті. 

Қамтылған оқушы саны: 243

«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»

        Балалар жылы аясында «7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай 25744-ші әскери бөлімде мектеп оқушыларына арналған «Сарбаз болғым келеді» атты экскурсия өткізілді. Оған мектебіміздің «Жас сарбаз» клубы мүшелерін әскери жетекші, АӘД мұғалімі Қоңыратбаев Мұратбек апарды. Болашақ Отан қорғаушылар жаңа әскери қарулармен, солдаттардың өмір салтымен, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Тәрбиелік мәні зор шарадан көп нәрсе үйреніп, тамаша әсер алып қайтқан жас жеткіншектердің әскери өмірге қызығушылығы арта түсті.

Қамтылған оқушы саны: 15

Адалдық сағаты

        Қазан айының екінші апталығының дүйсенбі күні 1-11 сынып оқушыларына «Адал жүріп, адал тұр», «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді», «Адалдық пен әділдік» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту мақсатында ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері басты негізге алынды. Сонымен қатар мектеп оқушыларының арасында орын алып жүрген «ақша жинау» мәселесі сынды бұрыс әрекеттердің соңы өкінішке ұрындыратындығы, жасы кіші іні-бауырға әлімжеттік жасауға болмайтындығы, заң алдында ол үшін жауапкершілікке тартылатыны жан-жақты түсіндіріліп, өмірмен байланыстыра дәріс жүргізілді. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.Аманжолова 5-8 сынып оқушылар арасында «ақша жинау» мәселесінің орын алып жатқандығы жөнінде ата-аналармен бірлескен кездесу өткізіп, Ж.Картбаева осы мәселенің алдын алу шаралары негізінде оқушылармен сынып бойынша жұмыстар жүргізді.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы

          Балалар жылы аясында мектебімізде “7 Мамыр — Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы өтті. Оқушылар АК-74 автоматын бөлшектеп-жинаудан және винтовка атудан жарысты. Командалық есепте І орын мен Чемпион кубогын 10 «Г» сыныбының оқушылары иеленді. Жеке жарыстарда І, ІІ, ІІІ орындарды Жолдыбай Абылай, Нағим Абзал, Атағазы Мақсат, Әділхан Ардақ, Джанғазы Айсұлу, Ағартуева Мадина, Махмут Надира, Джанғазы Айсұлу, Талғатова Мадина иеленді.

Қамтылған оқушы саны: 50

«Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды!»

                    « 9 Мамыр — Жеңіс күні» мерекесіне орай «Өзін өзі басқару» ұйымының мүшелері,  мектебіміздің «Еріктілер» тобы ерікті түрде сбор ашып, оған мектеп ұжымы мен ата аналардың қосқан үлесінің арқасында жиналған қаражатқа ардагерлерге және отбасына сыйлық тарту етті. Ардагер  аталарымыздың батасын алып, Маңғыстау облысының әкімі Н А Ноғаевтың алғысына бөленді.

Жол қауіпсіздігі — балалар қауіпсіздігінің алдыңғы шарты🚦🚔

        Оқушыларымыздың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгін мектебіміздің оқушыларымен «Тоталь Е Энд П Дунга ГМБХ» компаниясынан мамандары және АҚББ “Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы” КММ директоры Ақмарал Жалғасқалиқызының қатысуымен кездесу өткізілді. Оқушылармен сұрақ-жауап алмасу арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілген іс-шара соңында көлік жарығына нақты көрінетін белгісі бар бейсболкалар оқушыларға үлестірілді. Бұл кездесу екі мәрте өткізіліп, 400-ге жуық оқушыны қамтыды.

«Бақытты балалық шақ — жарқын болашақ»

       Балалар жылы аясында “1 Маусым — Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай мектебіміздің жазғы

мектеп оқушыларына арнайы мерекелік көңілді шара ұйымдастырылды. Балаларды қорғау күні мереке

 ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар жасайтын маңызды мәні бар атаулы күндердің бірі.

Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Осы мақсатта ұйымдастырылған шара балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеріңкі еткен эстафеталық

 спорттық сайыстардан соң мерекелік атмосфераны одан әрі жандандырып, мектебіміздің асхана

 меңгерушісі, ЖК “Тасимова” директоры, жеке кәсіпкер Тасимова Шынар Сырымқызының

 демеушілігімен балаларға балмұздақтар үлестірілді. Көңілді шара бимен, әнмен жалғасын тапты.

Қамтылған оқушы саны: 350

ІІ. Рухани адамгершілік тәрбие

Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.

27
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35

«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» соңғыс қоңырау салтанатты жиыны

         Мектебімізде 2021-2022 оқу жылының қорытынды салтанатты жиыны соңғы қоңырау мерекелік шарасы өтті.  134 түлекті түлеп ұшырған жиынға қонақтар, мектеп ұжымы, ата-аналар қатысты. «Алтын белгіге» үміткер түлектер 2022-2023 оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға аманат тапсырып, қабылдау рәсімі, алтын ұя мектеп пен ұстаздарға алғыс айту, ән,би, мерекелік көңіл-күйге толы шараға сай тілектер, аталар мен әжелерден бата алумен жалғасын тапты. Түлектер вальсі биленіп, соңғы қоңырау да соғылды. Жолдары ашық болсын деген ниетпен көкке ақ көгершіндер ұшырылды. Қамтылған оқушы саны: 150

«Қарты бардың – қазынасы бар» 

         «1 Қазан – Қарттар күні» мерекесіне орай мектебіміздің жас мамандары қарттар үйіне барып, игі іс жасады. Қарттар үйі…Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар үй. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға толы қатты жүректі жібітіп, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын. Сол қарттар үйіне ата-әжелердің хәл-жағдайын сұрауға, тәттілерімен шәй ұсынып, аз да болса көңілдерін аулау үшін мектебіміздің жас мамандары барып, қайырымдылық пен мағынаға толы жарты күнді өткізіп келді.

                                                    «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
        Мектебімізде білім саласында қаншама жыл еңбек етіп, цифрларды сөйлетіп, формулаларды жіктеп,өз мамандығының жілігін шағып, майын ішкен математик, ардагер ұстаздар Ордалы Қосай, Мақуова Мәруа, Жұмағұлова Закон, Әбілханқызы Күләш сынды Шахта орта мектебінің 1954 жылғы түлектері, Шоңқалов Торғай, Рақмет Хисметовтың шәкірттері, Кеңес үкіметі кезінде жоғары оқу орындарында білім алып, 50 жыл бұрын мектептен қалай дос болып шықса, әлі күнге дейін әзілдері жарасқан құрбы болып келе жатқан үлгілі ардагер ұстаздарымызды ұлықтап, мұғалімдерге мотивация сыйлайтын мән-мағынаға толы керемет кездесу өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған кездесу барысында ардагер ұстаздардың балалық шақтағы мектеп қызықтарын еске түсіру мақсатында көрініс қойылып, жыр-термемен өрнектелді. Ордалы ағай математика терминдері мен цифрларды айтып, ұстаздық күндерін еске алса, көрермен мұғалімдер өздерін бір сәт оқушы сезініп, берілген тапсырманы ауызша орындаудың өзі керемет сәт болды. Мектеп басшысы Гүлзада Еңсегенқызы үлкендерге құрмет білдіріп, арнайы сыйлық табыстап, ардагер ұстаздарға арнайы дастархан жайылды. Ұстазы жақсы болса, шәкіртінің ұстанымы мықты болады деген сөздің тағы бір дәлелі осы кездесу болды. Қамтылды: мұғалімдер мен жас мамандар

«Мейірімі мол жандар»

          «29 Қазан — Қамқоршылар күніне» орай оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында «Жүректен жүрекке» тақырыбында мектебіміздің өзін-өзі басқару мүшелерінің бастамасымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге 6-7 сынып оқушылары ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат көп балалы ананың денсаулығына байланысты еміне берілді. Қамтылған оқушы саны:410

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

       Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында он күндік ұйымдастырылды.  Он күндік әр күн сайын ашық сабақтар, жоғары сынып оқушыларына психологиялық тренингтер, қайырымдылық жәрмеңкесі, ата аналар үшін ашық есік күні, кітапханамен бірлескен жұмыстарды қамтыды. Қамтылған оқушы саны: 1450

«Шын жүректен»

        Көктемнің алғашқы күнімен келетін “Алғыс айту” күні мерекесіне орай ұйымдастырылған “Шын жүректен” атты апталыққа оқушылар апта бұрын дайындық бастап, 10-сыныптың белсенділері, Еріктілер тобы, “Өзін-өзі басқару” ұйымы мүшелерімен бірлесе құрылған апталық жоспар өз жұмысын бастады. Алғашқы күнінде-ақ жанға жылу, жүзіңе күлкі ұялататын, алғысқа бөленетін “Алғыс айту” күнімен келген көктем мерекесімен құттықтай отыра, оқушыларымыз ең алдымен ұстаздарды мектептің кіреберіс дәлізінен жұмыс уақыты басталған сәттен күтіп алып, тілектер жазылған хат салынған шарларды жарып, мектеп басшысынан бастап барлық ұжымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қамтылған оқушы саны: 90

        Апталық барысында түрлі ойындар мен психологиялық тренингтер, сынып сағаттары мен еркін тақырыптағы «Көңілді дәліз» сұрақ жауап айдарлары ашық болды. Ұстаздарға оқушылар сабаққа қатысты көңілді сұрақтар қойды. Сонымен қатар оқушылар қарттар үйіне, балалар ауылына баруды жөн көрді.  Бұл жолы қарияларға немесе балаларға емес, бұл жолы сол қариялардың денсаулығын күні түні қадағалап, жағдай жасап отырған және балалардың жағдайын, тазалығын, тәрбиесін, тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етіп отырған үлкен ұжымдарға бардық. Ұжымға алғысымызды білдірдік, тілегімізді айттық, ұжымның да ризашылығын көріп қайттық. Қамтылған оқушы саны: 120

«Ұлт шамшырағына арналды»

         Биыл қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына-180 жыл. Аталмыш тақырыптағы шара бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға сарп еткен ұлт ұстазына арналды. Іс-шара жоспары аясында жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген танымдық-интеллектуалдық сайыстарда оқушылар Ы.Алтынсарин еңбектері мен білім беру жүйесін дамытудағы қызметіне қанықты. Орта буын оқушыларымен болған оқырмандар конференциясы, ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан, театрландырылған қойылымдар қою сайысында қатысушылар ақынның тілі шұрайлы, балалар ұғымына сай келетін, қиялын кеңейтетін, көлемі шағын, тәрбиелік-танымдық мәні жоғары шығармаларын сахнаға алып шықты. Ал жас суретшілер байқауында оқушылар жазушының портретін, шығармаларындағы табиғат көріністерін әсерлі бейнелеп, ұлы жазушы туралы танымдарын арттырды. Апталықтың соңғы күні әдеби-шығармашылық көлемді қортынды кеш ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Қамтылған оқушы саны:50

«Алашқа ортақ тұлға»

       «Алашқа ортақ тұлға» тақырыбындағы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі публицист ғалым, аудармашы Ә. Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай тарих пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.  Шараның мақсаты: Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, оның атқарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ал ұлт тәуелсіздігі  мен  мемлекеттің  жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде тәрбиелей көрсету. Дөңгелек үстел жүйесінде ұйымдастырылған сабақ  барысы 4-парақ арқылы өткізілді. Жоғарғы сынып оқушылары өзара Ә. Бөкейханның қызметін және қоғамдағы орнын талқыға салды. 11 «Г» сынып оқушысы Б.Базарбай «Ұлт көшбасшысы» тақырыбына баяндама жасады. 5″Ғ» сынып оқушысы Н.Нұрмұхамбед «Алашым» атты өлеңді мәнерлеп оқыды.  Қамтылған оқушы саны: 60

«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!»

          Оқушылар бойына қазақтың ұлттық аспаптарын, оның ішінде домбыраның маңызын, домбыра туралы әңгімелерді айта отырып тарихымен таныстыру, ұлттық аспаптарды, қазақтың домбырасын қастерлеуге баулу мақсатында аталмыш тақырыпта қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Д.Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Ф.Шарауова оқушыларға домбыраның қыр-сырын үйретіп, ноталармен таныстырды. Ф.Шарауованың киіз үй төрінде ұлттық аспаптың үнінен сыр шерткізіп, күй ойнатып өткізген сабағы оқушылардың домбыраға деген қызығушылығын арттырып, керемет көңіл-күй сыйлады. Қамтылған оқушы саны:30

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…»

         Хан Тәңірдің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай әдеби-сазды кештен әдемі бейнені назарларыңызға ұсынамыз! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі және кітапханашылар Қ.Бақытжанова, Ж.Қалиева ұйымдастырған әдеби -сазды кешке “Өзін-өзі басқару”ұйымындағы оқушылар толықтай ат салысты. Кеш барысында 5-9 сынып оқушылары ақиық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Мұқағали сөзіне жазылған әсем сазды әндерді жанды дауыста домбыра, гитара, жетігеннің сүйемелдеуімен орындады. Кеш қонақтарына Мұқағали өлеңдерінен үзінді тарту етілді. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын сүйіп оқитын оқушыларымыз үшін атаулы кеш рухани азық болды. Қамтылған оқушы саны: 75

«Тәуелсіздік — баға жетпес байлық»

       Әдеби  бағытқа жан -жақты тәрбиелейтін  мектебіміздің жанындағы “Рауан” аула-клубының “Асыл сөз» үйірмесінің жетекшісі Қайырқожа Алмагүл мектеп кітапханасымен бірлесе отырып, осы үйірмеге қатысатын оқушыларымызбен айтулы мерекеге орай «Тәуелсіздiк — баға жетпес байлық” атты мерекелік iс-шара өткізді. Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, патриоттық әндер айтты. Қамтылған оқушы саны:25

«Іңкәрім-ай»

          Ағымдағы жылы қазақтың жезтаңдай, күміс көмей әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толмақ. Аталмыш мерейтойға орай бүгін мектебіміздің сахна төрінде “Іңкәрім-ай” атты кеште Роза Бағланованың өмірбаяны айтылып, әндері шырқалып, рухани демалатын керемет кеш өтті. Кезінде орындалған әуезді әндер мен сыңғырлаған үнді мұғалімдеріміздің бүгінгі орындауда әдемі жеткізгені, Роза Бағланованы айнытпай сомдағаны соншалық, құдды бір шығармашылық кешіне келгендей күй кештік.

Шығармашылық жұмыс

          Аса көрнекті ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Ақтау қаласы бойынша “Үздік пән мұғалімі” байқауының “Бас жүлдесін” иеленген мектебіміздің эстетикалық бағыт бойынша пән мұғалімі Д.Дәрібекұлының оқушылармен бірлескен шығармашылық жұмысы. Қамтылған оқушы саны: 15

ІІІ. Ұлттық тәрбие 

Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.

36
37
38
39

«Қыз тәрбиесі — ұлт болашағы»

           Мектебіміздің 8-11 сыныптардың қыз балаларымен білім саласына қаншама жыл еңбек етіп, үлесін қосқан, тәрбие жөнінде 15 жылдан аса қызмет атқарған мектебіміздің үлгілі маманы Алма Бекқызымен жоспарланған кездесу өткізілді. Кездесу барысында Алма апайымыздың көптеген ақыл-кеңестері, сонымен қатар педагог-психологтар Г.Исамбай мен М.Тасболатова дайындаған тренинг сабағы, соңында тәрбие бөлімі күнделікті мектептегі тәртіптері мен мәдениеттілікті сақтау, өзін-өзі ұстауы, жалпы қыз баланың мінез-құлқы туралы айтып, арнайы дайындаған сауалнамалар алынды. Қамтылған оқушы саны:180

«Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі елім»

Отансүйгіштікке,  адамгершілікке,  Отанына,  халқынаадал  қызмет  ететін,  елінің  Туын,  Елтаңбасын,  Гимнді  қастерлеп, құрметтеуге,   халқының  тегін,   тарихын   білуге  тәрбиелеу мақсатында аталмыш тақырыпта сынып сағаттары мен рәміздерімізді ұлықтайтын тақырыптық шаралар өткізілді. «Өзін өзі басқару» ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен ұстаздар мен оқушыларға рәміздер жөнінде сұрақтар қойылып, бастауыш сыныптар бойынша ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Қамтылған оқушы саны: 120

«Дәстүрім асыл қазынам»

          Ұлттық тәрбиеге, қазағымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, ата-бабадан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнер мен шеберлікке баулитын көркем эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының көктеммен, наурыз айымен тұспа-тұс келуі мектеп атмосферасын құдды бір жайлауда жүргендей сезімге бөледі. Көнеліктің иісін жаңалықтың көшіне ілестіріп, қазірде мектебіміздің төрінде орналасқан киіз үйімізде мұғалімдер мен оқушыларымыздың қызу еңбектеніп жүргенін байқаймыз. Апталықтың ашылуында: сурет көрмесі, ұлттық тағамдардан дәм тату, оқушылардың қолөнерін тамашалау, жайлауға саяхат, ұлттық аспаптар макеті,  киіз үй ішіндегі көріністер болды.  Апталықтың кезекті күні ашық сабақтармен жалғасын тапты. Қамтылған оқушы саны: 60

«Амал тойы Наурыз тойға ұласып…»

«14 Наурыз – Амал күні» мерекесіне орай «Амал тойы Наурыз тойға ұласып …» атты мерекелік шара бастауыш сыныптары бойынша ұлттық тәрбие бағытында өткізілді. Наурыз- думанда балалар бата-тілектер айтып, ұлттық ойындар ойнады. Өнерлі өрендер өнерлерін паш етті. Бауырсақ пен шұбаттан дәм татты. Оқушылар мерекелік көңіл күймен көктемгі демалысын бастап кетті. Қамтылған оқушы саны: 120

IV.Отбасылық тәрбие

 Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.

40
41
42
43

«Отбасы бақыт тұрағы»

          «13 Қыркүйек — Отбасы күні» мерекесі қарсаңында “Отбасы — бақыт тұрағы” атты іс-шара жоспары негізінде “Әкем — тірегім, анам — жүрегім” атты мектепішілік сурет байқауы 1-4-сынып оқушылары арасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Нәтижесінде:

І орын — Орынбасарова Ақерке (4 “з”сыныбы)

ІІ орын — Нұрғали Баян (3 “и” сыныбы)

ІІ орын — Серікбай Нұрай (1”б” сыныбы)

ІІІ орын — Рустам Айшабибі (4”з”сыныбы)

ІІІ орын — Али Каусар (2”з”сыныбы)

ІІІ орын — Бекжан Каусар (3”ж”сыныбы) марапатталды.

Көркем еңбек пәні мұғалімі Д. Дәрібекұлының және бастауыш сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткен сурет байқауындағы отбасын бейнелеген әрбір сурет мағыналы әрі көңіл тойдырарлық әдемі шыққандығы тәнті етті.

Қолөнер,шеберлік сағаты(онлайн)

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде өткізілген «Отбасы — бақыт тұрағы» атты іс-шара жоспарына сәйкес «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген-тон пішер» тақырыбында қолөнер, шеберлік сағаты (онлайн) ұйымдастырылды. Қ.Балапанова жетекшілік ететін 5″а» сыныбының оқушылары Құттыбай Жайна, Жолдас Айшат, Ибрагимова Жания аналарымен бірлесіп керемет туындылар жасағаны көрініп тұр. Сондай -ақ А.Темирова жетекшілік ететін 6 «а» сыныбынан Сегізбаева Айғаным,  С.Изтурганова жетекшілік ететін 6″ғ» сыныбы оқушысы Ерхат Наргизаның да анасынан көріп отырып тіккен туындылары өте әдемі шықты. Әкесінен көргенін үлгі етіп жүрген 9″б» сынып оқушысы Жұмабай Рахимнің сынып жетекшісі Ұ.Имамединоваға, және осы «Бақытты балалығымнан бір күн…» атты бейнеролик түсіруші барша оқушылар мен жетекшілер отбасылық апталыққа белсене қатысты. Апталықта отбасылық спорттық сайыстар, кітап оқу акциясы, көңілді күннен бейнеролик, отбасымен серуендерден естелік бейнероликтері, «Анаммен асханада», «Әкеммен спортта» тәрізді онлайн байқаулар өткізілді.

Қамтылған оқушы саны:

Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер»

       Қазан айының 18-22 күндері аралығында апта бойы мектебіміздің тәрбие бөлімі яғни директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.Аманжолова, Ж.Картбаева 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып бойынша жеке-жеке кездесу жиналысын өткізді. Отбасылық тәрбие мен қоғамдық тәрбиені ұштастыра отырып қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында екіжақты байланыспен белгілі бір нәтижеге жетуді мақсат еткен бұл кездесу оқушының мектепте өзін-өзі ұстауы, жауапкершілік,уақытты тиімді пайдалана білуге үйрету, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың зиянды әрекеттерге баруы,денсаулыққа зиян келтіретін заттарды пайдалану,мектеп ережесін сақтамау, күнделікті сабақтан кешігу немесе себепсіз сабаққа қатыспау, әлеуметтік желідегі тәртіп-тәрбиеге кері әсер ететін көптеген дүниелерге еліктеу сияқты тағы да басқа тәртіп пен құқықбұзушылықтардың алдын алу жайында түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Нәтижесінде ата-аналар мектеп тәртібі ережелерімен танысты. Мектеп тарапынан тәрбие бөлімі оқушыларға қатысты қоғамдағы және мектептердегі белең алып тұрған кейбір мәселелерді бірлесе шешуге шақырды.

«Отбасы тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы»

            Мектеп басшысы Г.Енсегенова қамқоршылық кеңесі, ата-аналар мен мектеп ұжымына қаржының игерілуі туралы есеп берді. Ата-аналар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да әр түрлі мысалдар келтіріле отырып, мектеп жанында ата-аналар немесе оқушылар ақша жинау,сыйлық беру деген сияқты заңға қайшы әрекеттерге бармау жөнінде айтылды. Күн тәртібіне орай  мектебіміздің тәрбие ісі бөлімі де есеп берді.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Аманжолова 2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары негізінде жасалған жұмыстар жөнінде ІІ тоқсандық қорытынды мен нәтижелерге тоқталды.

«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды»

          «8 Наурыз — Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай мектебіміздің биылғы түлектері яғни 11-сынып оқушылары “Өзін-өзі басқару” ұйымымен бірлесе отырып ұстаздар мен аналарға, ару қыздарға арнап мерекелік құттықтау кешін ұйымдастырды. Мерекелік көңіл-күй сыйлау, құттықтау тілектер арнау мақсатында ұйымдастырылған кеш сценариінде:

💐 Мектеп басшысының құттықтау тілегі мен марапаттау сәті;

✨Аналар мен аруларға арналған әндер;

✨Мағыналы көрініс;

✨11-сынып жетекшілеріне арналған шағын маскашоу;

✨Караокемен зал толы көрермен ән айту;

✨Аналармен, ұстаздармен вальс;

✨Ойындар және күлкілі скетч;

✨Жанды дауыста, аспаптармен сүйемелденген әндер болды.

Мерекелік кеш өте жоғары деңгейде өтіп, жалғасы ұстаздар мен оқушылардың мерекелік той биімен жалғасты. Қамтылған оқушы саны:120

Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.

44
45

«Отбасы – Мектеп – Оқушы»

          Мектебімізде биылғы оқу жылының жан-жақты яғни оқу сапасы, жетістіктер, үйірме жұмыстары, мерекелік шаралар, әр-түрлі іс-шаралар жалпы оқу жылы бойынша мектеп басшысы Г.Енсегенова, қамшоршылық кеңесі төрағасы А.Қонарбаев және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.Аманжолованың ата-аналармен көлемді кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу бағдарламасы бойынша:

✔️”Отбасы — Мектеп — Оқушы”Ата-аналарға ең алдымен пән мұғалімдерімен ашық байланыс орнату ұйымдастырылды яғни ата-аналар тарапынан сұрағы бар барлық пән мұғалімдеріне тікелей байланыс жасау үшін дәліз бойына арнайы байланыс үстелдері қойылып, бірлестік жетекшілері қарсы алды;

✔️”Алып та анадан туады!”

Мектеп директоры Г.Енсегенова алғы сөз айтып, биылғы оқу жылының қорытындысына тоқталып, осы оқу жылында жетістікке жеткен оқушылардың ата-аналарына алғыс білдіріп, арнайы марапаттады;

✔️ Мектеп директоры Г.Енсегенова ата-аналармен кеңесе отырып, қамқоршылық кеңесінің құрамын жаңартуды ұсынып, қамқоршылық кеңес төрағасы Қонарбаев Аллаберген Әзірбайжанұлымен таныстырды;

✔️ Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.Санақбайқызы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған жұмыстар мен мәдени шаралар мен жылдық жоспар бойынша атқарылған жұмыстар есебін берді;

✔️ “Ереже — тәртіп үшін, мектеп ережесі — тәрбие үшін”

Аталмыш тақырыпта жас мамандар алдымен мектебімізде оқу жылы бойына қиындық келтірген мектеп формасына, оқу құралдар мен қадағалаусыз оқушылардың сынып ішінде, пән мұғалімдеріне тудырған  жағдаяттарды сахналады. Содан соң мектеп басшысының ата-аналарға деген үндеуімен алдағы оқу жылының мектеп формасы айқындалды;

✔️ “Тәрбиенің төте жолы — үлгі болу”

Педагог — психолог М.Амантайқызының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған тренинг өткізілді. Психологиялық тренинг арнайы ата-анадар мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасы тәрбиесі мен мектеппен байланыс орнатуға байланысты құрылды; 

✔️ Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп басшысы жауап беріп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды;  Оқу жылының қорытынды жиналысы өз дәрежесінде мақсатына жетті.

Мектеп басшысына, қамқоршылық кеңеске, ата-аналарға мектеп үйірмелері бойынша жылдық есеп беру ✅

       Мектебімізде 2021-2022 оқу жылы бойынша үйірмелердің жыл бойына жоспар бойынша атқарған жұмыстары мен жетістіктері жөнінде үйірме жетекшілері есеп берді. Мектеп директоры Г.Енсегенова, қамқоршылық кеңес төрағасы, ата-ана Аллаберген Қонарбаев және барша ата-атанар қатысқан есеп беру кездесуі өте жоғары дәрежеде өтті. Жоғары дәрежеде өтуінің басты себебі үйірме жетекшілерінің белсенді жұмысы мен үйірмелердің жыл бойына жасаған жұмыстары көптеген нәтиже беруінде. Екі сағатқа жуық өткізілген есеп берудің соңы ата-аналармен сұрақ-жауап алмасу және келер оқу жылына ұсыныс-пікір қабылдаумен жалғасын тапты.

V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналықатынасты қалыптастыру.

46
47

«Табиғатпен үндес мектеп»

             Оқушылар табиғатты қорғауға  және  экологиялық мәдениетін , туған өлке табиғатына сүйіспеншілігін білдіріп, жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілердің жұмысы зерттеу арқылы нығаяды.  Экологиялық проблемаларды зерттеу арқылы   шешуді  үйретуге баулу мақсатында жас өлкетанушылар қаламыздың ботаникалық саябағына барып саябақ ішін аралап, әр түрлә ағаш түрлерімен танысып, баптау жолдарын үйренді. Сондай ақ жылыжайларға да барып, ондағы өсімдік түрлерімен танысты. Табиғатты аялау арқылы қоршаған ортаға пайдасы мен үлесін қосатындығын үйренген оқушылар бағбай апайға сұрақтар қойып, қызығушылықтары артты.

Қамтылған оқушы саны: 25

«Еңбек түбі береке»

         «Экология және Біз» сәуір-мамыр айлық көгалдандыру, тазалық, сенбілік іс-шаралар жоспары негізінде мектебіміздің 5 — 10 сыныптар бойынша “Табиғат және мен” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға табиғатты аялау, қоршаған ортаны қоқыстан қорғау, жасыл желектің пайдасы, көшеттердің отырғызылып, баптау жолдары, Маңғыстау табиғатының ерекшеліктері туралы айтылды. Сынып жетекшілер алдағы іс-шара жоспарына сәйкес мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмыстарына оқушыларды белсене қатысуға шақырды.

Қамтылған оқушы саны:960

48

«Ең жасыл сынып бөлмесі» апталығы

        «Экология және Біз» іс-шара жоспары негізінде мектебімізде 04.04 — 08.04.2022ж. күндері аралығында мектептің ең жасыл сыныбын анықтау мақсатында ата-аналармен, оқушылармен бірлесе отырып бөлме өсімдіктерін баптау, көбейту, сынып бөлмесін көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылар:

🪴 Бөлме өсімдіктерінің күтімін;

🪴 Пайдасын, сынып атмосферасы мен әдемілігін қалыптастыруды;

🪴 Баптауды (суару, қураған жапырақтарын қию, топырағын жаңалау,қопсыту, жапырақтарын шаңнан арылту т.б) үйренді.

Сыныптарды мектеп директорының орынбасарлары, “Жас эколог” үйірмесінің жетекшісі және “Маңғыстау тарихы” үйірмесінің жетекшісі аралап шығып, «Ең жасыл сынып бөлмесін» анықтап, марапаттады.

🥇 6 “А” сыныбы.

Сынып жетекші: Темирова А.

🥈 2 “Ғ” сыныбы.

Сынып жетекші: Косжанова Т.

🥉 4 “В” сыныбы.

Сынып жетекші: Сағындықова Ж.

🥉 2 “Ж” сыныбы.

Сынып жетекші: Панакулова С.

Қамтылған оқушы саны: 260

49
50
51
52

«Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл»

       «Балалар жылы» аясында «Білімді ұрпақ ұлт болашағы» тақырыбында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова және Маңғыстау облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Қызылғұлова, Медициналық – әлеуметтік бағыт бойынша қоғамдық бірлестіктің директоры, жалпы дәрігер А.Сактаганова мектебіміздің 9 – 11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша, алдағы білім сынағына байланысты мотивация беру мақсатында  кездесті.

Алдымен мектебіміздің жобаларымен танысты. Оқушылардың киіз үй макетін құру сәтін  тамашалап, «Жас тілші» жобасының жұмыстарымен танысып, ұлттық жәдігеріміз киіз үйімізде өтетін қолөнер үйірмелерінің нәтижелерін көрді.

Қазағымыздың қара домбырасының күмбірлеген күйімен ашылған кездесу оқушыларымызға мамандық таңдауға шешім қабылдау, ал жас мамандарымызға өз мамандығының нағыз маманы болу үшін тұрақтылық керек екендігін ұғындырғандай болды. Кездесу барысы еркін форматта, мотивацияға толы, мән-мағыналы өтті. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын еркін қойып, мамандармен ерекше сұхбат орнатты. Естелік фотолар жасалып, ерекше көңіл-күймен қорытындыланды.

Қамтылған оқушы саны:120

«Ерте жастан экологиялық мәдениет»

         «Экология және Біз» сәуір- мамыр айлық іс-шара жоспары негізінде “Таза мектеп ауласы” акциясы аясында мектебіміздің барлық ұжымы мен оқушылары екі ай бойы әр аптаның сенбі күндері экологиялық маңызы зор көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.  Сенбілік бойы сынып жетекшілер экологиялық мәдениеттің төңірегінде, табиғатты, қоршаған ортаны тазалықта ұстаудың пайдасын түсіндіре жүріп жұмыс жасады. Апта сайын оқушылар сынып сынып болып шығып, мектеп ауласын күнделікті қоқыстан тазартып, ағаштарды суарды. Сонымен қатар мектеп басшысы да әр апта сенбілікке қатысып, оқушылармен бірге сенбілік жасай жүріп, табиғат тазалығының маңыздылығын түсіндіріп, табиғатты аялай білуге шақырды.  Қамтылған оқушы саны: 1350

«Білім көшеттері»

        “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын”деген мақалды ұстанатын мектебіміздің даярлық сыныбының жетекшісі Гүлшара Елеусінқызы сәуір айының алғашқы аптасын оқушыларымен бірге мектеп ауласына көшет отырғызумен бастады. Оқушыларға топырақ қопсыту, ағаш отырғызу, алғашқы суару жұмыстарын түсіндіре отырып, бірлесіп шие ағашын отырғызып, екі түп сирень өсімдігін екті. Оқушылар мәз-мейрам боп, алдағы уақытта өздерімен бірге қатарласып өсетін ағаштарын суарып, бақылап, баптап жүретін болды.Сондай-ақ мектебіміздің ауласына тағы да 14 түп көшет отырғызылды. 3 “Г” сыныбының оқушылары, ата-аналар және сынып жетекші Г.Шойтасова ұйымшылдықпен бірлесе отырып, оқушыларға өздері осы мектеп қабырғасында білім нәрінен сусындай отыра көшеттерін де өздері суарып, өздерімен бірге өсіп, жапырағы жайқалған тал болуына куә болсын, қоршаған ортаны көгалдандырудың пайдасын ұғынсын деген мақсатта күні бойы қызықты әрі пайдалы жұмыстар жасады. Мектебіміздің 4”Ә” сынып оқушылары мектеп ауласына 18 түп көшет отырғызды. Ішінде жеміс ағаштары да бар. Ата-аналармен, сынып жетекшімен бірлесе жұмыс жасаған оқушылар әбден еңбектеніп, өз қолдарымен көшеттер отырғызды. Тал егу — тек көгалдандыру ғана емес, сондай-ақ балалар арасындағы ауызбіршілік пен достықты, бірлесе жұмыс жасау арқылы еңбекқорлықты, татулықты нығайта түсері анық. Қосымша тағы да 5-8 сыныптар бойынша 9 көшет, 10 сыныптар бойынша 4 көшет отырғызылып, мектеп ауласы жаңадан 50-ге жуық жас «Білім көшеттері» отырғызлды. Қамтылған оқушы саны: 750

Өз ісінің мамандарымен өткен маңызды экскурсия

        «Балалар жылы» аясында мектебіміздің  4- сынып оқушылары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне бұрынғы экскурсиялардан тым өзгеше, маңызы бар, ерекше экскурсия жасап қайтты. Балаларға төтенше жағдайлардың алдын алу және оған жол бермеу, сондай-ақ төтенше жағдай орын алған жағдайда дұрыс іс-қимыл әрекеттерін жасау және адам өмірі, материалдық шығынды азайтуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған экскурсияда Маңғыстау облысы ТЖД бастығы подполковник Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы оқушылармен бірге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайын аралады. Оқушылар өрт сөндірушілер, судан құтқарушылар мамандарының әңгімесін тыңдап, жұмыстарын көріп, естігендерін талқылады. Балалардың қызығушылықтан туындаған қызықты көптеген сұрақтарына жауаптармен қатар көрсету арқылы түсіндіру жұмыстары болды. Оқушылар сол жерден алған әсерлерін мектепке, сабаққа келіп те біраз талқылап, таңқалыс сезімдерімен бөлісті. Қамтылған оқушы саны: 30

VI. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Мақсаты:әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

53
54
55
56

«Кибермәдениет. Менің желідегі байланысым»

         «Кибермәдениет.Менің желідегі байланысым» тақырыбында сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының форматы еркін түрде, сұрақ-жауап алмасу арқылы өткізілді. Еркін түрде өткізілген себебі оқушылардың әлеуметтік желідегі белсенділіктерін байқау, қандай желілерді көбірек пайдаланатыны, оның пайдасы мен зиянын ажырата білетіндігін анықтау, қаншалықты ұялы телефонсыз жүре алатындығы, отбасында тыйым салына ма, әлеуметтік желідегі ақпараттар мен мәліметтер қаншалықты пайдаға асып жатыр деген сұрақтардың жауаптарын алуға мүмкіндік берді.  Нәтижесінде 6-7 сынып оқушыларының оның ішінде қыз балалардың тик-ток және инстаграм желілеріне қатты бейімдігі анықталып, ата-аналарымен кездесу жиналысы ұйымдастырылды. Оқушыларға әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі зияны көбірек екені, уақытты босқа өткізудің себепкері екендігі түсіндірілді. Педагог-психолог М.Тасболатова оқушылардан сауалнамалар алды. Тәрбие бөлімі тарапынан 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, ұялы телефондардың қадағалануын, желілерге кез-келген видео жүктелмеуін бақылауды, мектеп ішінде,қоңырау сәтінде әр-түрлі  видеоға түспеу керектігін оқушыларға ата-ана тарапынан да түсіндірілу керектігі талап етілді.  Қамтылған оқушы саны:720

                                   Ғаламтордың қоғамға тигізер пайдасы мен зияны

            Аталмыш тақырыпта 8-сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді. «Денсаулық» пен «Заманауи» болып екі топқа бөлінген оқушылардың ойы,пікірі, ұстанымы да екіге бөлінді. Пайдасын айтатын топ шынында да пайдалы жағын дәлелдеп, ақпараттандырылған заманда телефон арқылы кітаптар оқуға болатындығын, іздегенін лезде таба алатындықтарын, тіпті суретке түсудің өзі секундтардан, видеоға керекті материалдарды сондай-ақ әр-түрлі онлайн сабақтарға қатысу мүмкіндігі жоғары екендігін алға тартса, зиянды жағын қолдап тұрған топ керісінше уақытты көп алатындығын, денсаулыққа зиян келтіретінін, көптеген жасөспірімдердің қай жағынан да жалқау болып бара жатқандығын дәлелге келтірді. Өте тартысты өткен, сағаттың үстіне созылған пікірталаста ұялы телефонның зиян келтіретіндігі, денсаулыққа зиян екендігі, қазіргі қоғамның әсіресе жасөспірімдердің діни ағымдарға байланысты жалған ақпараттануы мүмкін екендігі, көзге, құлаққа зиян, өсіп келе жатқан жеткіншектің дене бітіміне зиян екендігі айтыла келе, «Денсаулық» тобы жеңіске жетті. Оқушыларға пікірталас алаңында белсенді болғандары үшін сусын мен тәттілер берілді. Қамтылған оқушы саны: 205

                                «Қатігездік  пен  зорлық — зомбылықтың алдын алу»

         Аталмыш апталықтың жоспарына сәйкес  мектеп психологтары  және мектеп  кітапханашыларымен  бірлескен  түрде 5- сынып оқушыларына «Зорлық – зомбылықсыз  қоғам» тақырыбында  көрме  және шағын  дәріс сабағы  өткізілді. Оқушыларға  өз  құқықтарын  қорғау  туралы және  қоғамда  белең алып  жатырған  жағдайлардан  өздерін аулақ  ұстау  туралы  кеңес  берілді. Оқушыларға «Жанжал  және буллинг» түсініктерінің ерекшеліктерін , егер буллингке тап болған  жағдайда  кімнен, қалай  көмек сұрау керектігі түсіндірілді. Оқушылар ойларын  ортаға  салып,пікір алмасты.

Қамтылған оқушы саны:180

«Дебат — тәртіп пен тәрбие, сөйлеу әдебі мен сауаттылық»

         Мектебіміздің дебат жобасының жетекшісі Бүркітова Нұрболған 8-10 сынып оқушыларына дебат жөнінде қызықты әрі мотивация беретін мәліметтер берді. Арнайы слайд арқылы әлемге танымал тұлғалар, өз еліміздің беделді тұлғаларының көбінің қызмет жолдарының бастамасы осы пікірталас алаңынан басталғандығын айтып, оқушылардың дебат қозғалысына деген қызығушылығын арттыра түсті. Оқушылардың құлшынысы мен қызығушылығы таласа қойған сұрақтарынан-ақ байқалды. Алдағы уақытқа жоспарлар құрылды. Топқа жинақталып, топтың атауын ойластырып, онлайн топ(чат) ашылып, жоспарлар одан әрі пысықталды. Қамтылған оқушы саны: 190

VII. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

Мақсаты:жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру;

57
58
59

«Мұражай — жәдігерлер мекені»

          Мектебіміздің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымы мен «Адал ұрпақ» ұйымы жоспар бойынша Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады. Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі – киелі түбекті қашаннан мекендеген қаһарман халықтың өмір салтын бүкпесіз бейнелейтін жауһар жәдігерлерді жиып отырған қасиетті шаңырақ. 1975 жылы құрылған музей қорында 58 мыңға жуық ұлттық құндылық пен тарихи жәдігер жинақталған. Маңғыстаудың тұмса табиғаты мен тарихы және этнографиясымен таныстырып қана қоймай, халықты зиялы қауыммен табыстыратын рухани орталыққа айналған музей тек өз еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жиһанкездердің жоғары бағасына ие.

            Мұражайдың кіреберісіндегі көзге оттай басылатын жайлауда жайбарақат отырған бала. Бұл – жастайынан білімге құмар бала Әбіштің бейнесі. Оның сол жағында шағын лашық тұр. Бұл – жазушының туған жері Оңды ауылындағы кіндік қаны тамған баспанасы. Мұражай қызметкерлерінің сөзінше, мұнда танымал тұлғаның бүтін ғұмырын тоғыстыру оңайға соқпауда. Себебі осы нысанның ішінде жазушының шығармашылығы, саяси өмірі, достарымен қарым-қатынасы, тіпті балалығы да бар. Мәселен, мына әйнектің ар жағындағы ақпараттан абыз жанның саяси өміріндегі мүлдем басқа бейнесін көруге болады.

            Барлық балалар музейді үлкен қызығушылықпен аралады. Әсіресе, тірі және өлі табиғат, археология бөлімі балаларды таң қалдырды. Онда қыштан жасалған әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар, су құбырлары, шырағдандарды және де балбал тас мүсіндерін де тамашаладық. Шыныдан, қоладан жасалған әртүрлі бұйымдар, өткен тарихтан сыр шертетін ою — өрнегі ерекше кірпіштердің сынықтары да бізді ерекше сезімге бөледі.

            Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысқан оқушылар ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды. Сондай — ақ, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу міндет екендігін жете түсінді. Өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды.

Қамтылған оқушы саны:25 

Қолөнер және сурет көрмесі

       ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің көркем эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен 1-5 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп музейінде көз тартар, бірінен-бірі асып түсетін “Егемен елдің ертеңіміз” атты керемет суреттер көрмесі мен “Көк тудың желбірегені” атты қолөнер көрмесі өтті.

Қамтылған оқушы саны: 45

«КӨКТЕМ АРУЫ — 2022»

       Айналаны нұрға бөлеп, табиғатты жаңартып келетін көктем мезгілі мектебімізді де гүлдендіріп, көктемгі көңіл-күй орнатуда.

8-сынып оқушыларының арасында өткізілген арулар байқауы қысқаша бейнероликте. 3 сағатқа созылған ақылдылар пен сұлулар сайысқан байқау өте әдемі, өте мағыналы өтті.

Аруларымыз төмендегідей кезеңдерде сайысқа түсті:

🌺 Таныстыру;

🌺Салт-дәстүрлерден отбасылық (әжесімен, анасымен немесе жеңгесімен) көрініс;

🌺Қолөнер (өз қолынан шыққан қолөнерін дайындап, жасалу жолын видеомен көрсету);

🌺Бұрымды қыздың шашын өру;

🌺Берілген жеміс-жидекті әдемілеп дастарханға ұсыну;

🌺Салт-дәстүр, ырым-тыйымнан келтірілген сұраққа билет таңдау арқылы жауап беру және мақалды жалғастыру;

🌺Этностильдегі қазақ киімдері үлгісін көрсету;

Аталмыш кезеңдерден сүрінбей өткен аруларымыз Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орындармен және “Білімді ару”, “Қылықты ару”, “Ізденімпаз ару”, “Көрікті ару” номинацияларымен марапатталды. Бас жүлдені иемденген 8 “В” сынып оқушысы Қайнарбай Тоғжан сұлуға “Көктем аруы-2022” атағы беріліп, арнайы ТӘЖ кигізілді. Қамтылған оқушы саны: 210

VIIІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Мақсаты:салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.

60
61
62
63
64
65
66
67

«Театр — рухани байлық ордасы»

         Тәлімгер А.Тілекбергенқызымен бірге мектебіміздің жас ұландары мен жас қырандары, сондай- ақ @zhastilshi_21mektep_aktau үйірмесінің жетекшісі И.Сәтенбай мен қатысушылар рухани байлық ордасына, театрға барып “Мұқағали мен Фариза” қойылымын тамашалап, ерекше әсер алып қайтты.

Қамтылған оқушы саны: 35

«Деннің саулығы — жанның саулығы»

           Мектеп ауласында сағат 7:00ден бастап дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен сабақ уақыты келгенше оқушылар таңғы жаттығулар жасап, одан соң мектеп стадионында “Деннің саулығы-жанның саулығы” атты спорттық мектепішілік көңілді эстафета өткізілді.

Екі сағатқа созылған көңілді спорттық сайыста “Бүркіт” және “Сұңқар” командасы аса белсенділік танытып, фестиваль өз дәрежесінде, өте көңілді әрі тартысты өтті.

Әділ қазылар бағасын беріп,командалар марапатталды.

Қамтылған оқушы саны: 80

«Шынықсаң шымыр боларсың»

        Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында 5-сыныптар арасында шағын футболдан мектепішілік сыныпаралық сайыс өтті. Сайысқа 5-сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.

Нәтижесінде:

І орын – 5а сыныбы

ІІ орын – 5 ә сыныбы

ІІІ орын – 5е сыныбы

Үздік қақпашы: Н.Дүйсенбай

Үздік қорғаушы: М.Дүйсен

Үздік шабуылшы: Н.Сағынғалиев

Үздік ойыншы: Н.Тұрарбек

марапатталды. 100-ге жуық оқушыны қамтыған спорттық сайыс екі сағатқа созылып, командалар тартысты ойын көрсетті.  Қамтылған оқушы саны: 95

«Қазақтың ұлттық ойындары»

        Оқушыны жан-жақтылыққа, шапшаңдыққа, ұшқыр ойлылыққа, дене мүшелерінің ширауына зор пайдасын тигізетін ұлттық ойын түрлері қамтылған сабақтар ұйымдастырылды. Ұл балалар “Арқан тартыс” және “Асық ату” ойындарын көрсетті. Қыз балаларға “Сақина салмақ” ойынын өткізді. Сергіту сәті негізінде «Кім шапшаң?» ойыны ойналып, оқушылар қызықты әрі тартысты ойынға толы сабаққа белсене қатысты.  Балалар ұлттық ойындармен таныса отыра, үлкен қызығушылықпен ойнады.

Қамтылған оқушы саны:90

Шағын футболдан жарыс

        ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің 6-сынып оқушыларының арасында шағын футболдан жарыс өтті. Дене тәрбиесі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде 3 команда жүлделі орындармен және “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік шабуылшы” анықталып, арнайы марапатталды.

Қамтылған оқушы саны: 170

«Заман дерті — зиянды заттар мен ермелік»

        Бүгінгі күннің жасөспірімдер арасындағы белең алып отырған өзекті мәселесі электрондық темекінің зияны мен салдары жөніндегі түсінік жұмыстары мектебіміздің 5 — 11 сынып оқушыларын толықтай қамтып, түсіндірме сағаттары жүргізіліп, электрондық  темекіге көзқарастарын білу мақсатында онлайн форматта сауалнама алынды.  Оқушылар сауалнамаға ашық түрде  өз ойларын білдірген. Сынып жетекшілер тарапынан арнайы қойылған жағдаяттық сұрақтарға оқушылар көңіл көншітерліктей жауап беріп, өздерінің де электронды темекіге тосқауыл қою мақсатындағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Оның ішінде:

❗️ Электронды темекілерінің жарнамаларын жою;

❗️ Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдайтын бетшелерді бұғаттау;

❗️Кәмелетке толмағандарға темекі жалпы зиянды заттар сатқан адамдарға айыппұл салу;

Қамтылған оқушы саны:1380

Спорт🤾🏻‍♀️🏻 Жеңіс 🏆 Жетістік 🏅

       Ақтау қаласы бойынша мектеп оқушыларының арасында өткен мектеп лигасының қорытындысы бойынша алдыңғы қатардан бой көрсеткен спортшы оқушыларды марапаттау шарасы өткізілді.

Жеңімпаз спортшыларды марапаттау үшін

— Маңғыстау облыстық спорт басқармасың директоры Қ.Жұмабаев.

— Маңғыстау облыстық аймақтық дене тәрбие орталығының директоры Б.Ыбраев.

— Ақтау қалалық спорт бөлімінің бастығы Б.Досов.

— Ақтау қалалық білім бөлімінің дене тәрбие әдіскері Б.Наушин келді. 

🥇 Футбол — 9-11сынып оқушыларының құрама командасы Ақтау қаласы бойынша да, облыс бойынша да І орын иемденіп, республикалық лигаға жолдама алды.

🥇 Волейбол — 9-11 сыныптар бойынша ұлдар командасы.

🥈 Волейбол — 9-11 сыныптар бойынша  қыздар командасы Ақтау қаласы мектептері бойынша ІІ орын.

🥇Футбол — 5-6 сынып оқушыларынан құралған команда қала бойынша І орын.

🥈 Футбол — 5-6 сынып оқушыларынан құралған команда облыс бойынша ІІ орын.

🥉 Теңбіл доп — 9-11 сынып оқушыларынан құралған команда қала бойынша ІІІ орын.

🥇 Футбол — 7-8 сынып оқушыларынан құралған команда қала бойынша І орын.

🥉 Гандбол — 9-11 сынып оқушыларынан құралған команда облыс бойынша ІІІ орын.

🥇 Асық ату — 5-6 сынып оқушылары қала бойынша І орын.

🥈 Асық ату — 7-8 сынып оқушылары да,9-11 сынып оқушылары да қала бойынша ІІ орын.

🥇 Бес асық — 5-6 сыныптың қыздары арасында қала бойынша І орын.

🥇 Бес асық — 9-11 сыныптың қыздары арасында қала бойынша І орын.

🥉 Бес асық — 7-8 сыныптың қыздары арасында қала бойынша ІІІ орын.

Ұжымдық жарыс

       «8 Наурыз — Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай Аналар мен мұғалімдер арасында волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.  Спорттық жарысты мектеп басшысы Г.Еңсегенқызы аналарды мерекемен құттықтап және сәттілік тілеп ашып берді. Аналардан құралған “Жалын” және “Чемпион” атты қос команда мен мұғалімдерден құралған “Жігер” және “Озат” атты қос команда жеребе таңдау арқылы жарысқа түсті. Екі сағаттан аса уақытқа созылған ойын өте тартысты өтті. “Үздік қорғаушы”, “Үздік байланыстырушы” “Үздік ойыншы” номинациялары Аналарға бұйырып, арнайы дипломдармен марапатталды.

🥇”Жігер” командасы

🥈 “Озат” командасы

🥉 “Чемпион” командасы