«Тілші мұғалімдер олимпиадасы-2023»

Олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі , мектебіміздің түлегі, ардагер ұстаз Дәулетқали Санияның шәкірті Гүлшат Таңғали  ІІІ орын алып жүлдегер атанды. Болашағынан үлкен үміт күтеміз, жас маман дайындап сайысқа қатыстырған оқушылары да үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Куразова Акбаян қалалық кезеңнен үздік шығып, І орынды иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен бірге, Акбаянның шәкірті Есгалди Донья (10 сынып) жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының  екінші және үшінші кезеңінің  ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық « Математикалық регата-2023» сайысында мектеп математиктерінен құралған команда  жүлделі ІІІ орынды иеленді, ал қалалық команда құрамында облыстық кезеңіне қатысқан  жас маманымыз  Айбек Раймовты мақтан тұтамыз. Қараша айында өткен «Математикалық прогрессия» сайысында да ерекше көзге түсіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған  болатын.

Ақпан айында өткен «Сұлтан Бейбарыс-ұлы дала елінің барысы» қалалық эссе байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын алған педагог-шебер біліктілік санатты бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынгүл Косжанованың жұмысы білікті қазылар алқасының талқысынан жоғары бағаланды. Тұрсынгүл әлеуметтік желідегі парақшаларында педагогикалық жағдаяттарға арналған жазбалары,әдістемелік ұсынымдары және шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасып отырады.

Мектеп директорының орынбасары: З. Б. Қалаубаева

Құттықтаймыз!!!

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінің география пәні бойынша бірінші орын иегері  , олимпиаданың облыстық кезеңінде «Үздік сабақ» номинациясын иеленген әріптесіміз Айнұр Темірханованы  құттықтаймыз. Алар асуларың алда деп білеміз.

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінде математика пәні бойынша жүлделі екінші орын иеленген  әріптесіміз Аленова Саулені  құттықтаймыз.

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінде биология  пәні бойынша жүлделі екінші орын иеленген  әріптесіміз Майрамов Бексұлтанды   құттықтаймыз.

Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері олимпиадасының  қалалық кезеңінде физика  пәні бойынша жүлделі үшінші орын иеленген  әріптесіміз Джангалиева Анарды    құттықтаймыз.