Жас мамандар

«Жас Новатор-2022»

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 27 сәуірі күні өткізілген «Жас Новатор-2022» қалалық байқауына қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізген «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас мамандарын құттықтаймыз! Байқауда математика пәні мұғалімі Жарлыкапбаев Асет Канатович қазіргі таңдағы өзекті әлеуметтік желіні сабаққа пайдалануға және әртүрлі фигуралардың аудандарын оңай табатын формулаға арналған «Пик және Тикток» жобасын қорғады. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бүркітова Нұрболған Болатқызы мектеп базасына “EduStep” бағдарламасын енгізу жобасын таныстырды. Қазылар алқасы жоғары бағалаған бұл жұмысымен Н.Болатқызы І орынды иеленсе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бердибай Альбина Сабитовна «Использование креолизованных текстов в обучении русскому языку» тақырыбында жобасын қорғап, ынталандыруға қол жеткізді. Аталмыш жоба қазақ тілді мектептерде оқушылардың орыс тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жоба мақсаты оқушыларға шетелде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы ақпарат беру, шетелдік оқу орындарына (грант, стипендиялар) түсуге көмектесу. Еңбек жолын енді бастаған жаңашыл жас мамандарымызды мақтан тұтамыз!

21 жалпы білім беретін мектеп

Жаса ұстаздардың шығармашылық тобы

Шугаева Мадина Бериковна

Тарих пәнінің мұғалімі Жас мұғалімдер жетекшісі

Зейнеп Бекмолдақызы

Мектеп директорының орынбасары

Дәрібекұлы Досат

шығармашылық құрамы