Батырлар жырын жатқа айту бойынша «Жақсылар, дастан айтайын…» атты жас жыршылар байқауының қалалық кезеңінен ІІ орын иегері 7-сынып оқушысы Бақтыбаев Дәулет жетекшісі Абланова Ұлбала Муратбаевнаны құттықтаймыз!!!

21.11.2022 ж

"Зерде" республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырып, ұсыныныстарын дәлелдей білді. Тақырыбын аша білген оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды. Математика, қолданбалы математика секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Жауған Алдияр Технология және өнер секциясы бойынша топтық жұмыс 4-сынып оқушылары Киікбай Кәусар, Нурадинқызы Малика, ағылшын тілі секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Жауынбай Әмірлан. 18.10.2022 ж.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның қалалық кезеңінен адам және қоғам секциясы бойынша ІІІ орын алған 10-сынып оқушылары Қосай Ақбота, Қартбай Дильяра жетекшісі Калмурзаева Орынгул Кашкынбаевна, химия секциясы бойынша ІІІ орын алған 9- сынып оқушысы Рүстем Жасұлан жетекшісі Баенбаева Гулдарига Курманбаевнаны құттықтаймыз!!!

"Сен ғылымға болсаң ынтық"

"Сен ғылымға болсаң ынтық" атты республикалық байқаудың І дәрежелі диплом иегері 9-сынып оқушысы Қайнарбаева Тоғжан Жетекшісі Жүсіпова Қалбибі Абенқызын құттықтаймыз!!!

«Маңғыстаунама-2022» байқауының қалалық кезеңінен «Даусымды кеттім қосып» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Медет Миржан ІІ орын
Жетекшісі Тілекберген Айнамкөз
«Маңғыстаунама-2022» байқауының қалалық кезеңінен «Даусымды кеттім қосып» номинациясы бойынша Медет Миржан ІІ орын
Жетекшісі Тілекберген Айнамкөз

31.10.2022 ж. 

"Менің шағын Отаным" жас тарихшылардың V республикалық интеллектуалдық конкурс

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде туған елдің тарихын кеңінен тану, талантты оқушыларды, дарынды білім алушыларды анықтау мақсатында өткізілген «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың V республикалық интеллектуалдық конкурстың қалалық кезеңінен мектебіміздің 10-сынып оқушысы Нұрлыбай Жансая жүлделі ІІ орынды (жетекшісі Байталасова Мейрамкул), 9-сынып оқушысы Амангелді Гүлназ жүлделі ІІІ орынды (жетекшісі Думбаева Дамешті) жеңіп алды. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!!!

Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Республикалық 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиадасы

              Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

            Олимпиада жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде 5-6 сыныптар үшін математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндері бойынша өткізілді.

            Мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары мектеп дипломымен   марапатталды.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне мектепішілік кезеңде І орын алған 12 оқушы қатысты.

-Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-сынып оқушысы Құттыбай Жайна І орын Жетекшісі: Бердибай Альбина;
-Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 6-сынып оқушысы Көбеген Бақнұр ІІІ орын

Жетекшісі: Теңелова Мадина;
-Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6-сынып оқушысы Сатжанова Арайлым ІІ орын Жетекшісі: Сиражатова Алтынай.

           

Республикалық 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиадасы

І орын алған 5 сынып оқушысы Құттыбай Жайна қазақ сыныптарындағы  орыс тілінен      07.12.2021жылы күні облыстық кезеңге қатысты.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

          05.04.2022 жылы күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінен ІІІ орын иегері  8-сынып оқушысы Алпысбек Жанелия
Жетекшісі: Джангалиева Анар Бауржанқызы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадасы

            Олимпиаданың қалалық кезеңінен Өзін-өзі тану пәні бойынша ІІІ орын алған           9- сынып оқушысы Ерекенов Жалғас
Жетекшісі: Тасболатова Махаббат Амантаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иегері 9- сынып оқушысы Қартбай Дильяра
Жетекшісі: Жұбан Зоя Темешқызы
Орыс тілі мен әдебиеті бойынша І орын иегері 9- сынып оқушысы Қосай Ақбота
Жетекшісі: Ниязгалиева Рима Бухарбаевна

            Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 28-29 наурыз күндері қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Ақтау қаласындағы Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде өтті.

Орыс тілі мен әдебиеті бойынша ІІІ орын иегері 9- сынып оқушысы Қосай Ақбота
Жетекшісі: Ниязгалиева Рима Бухарбаевна.

 

  • «Абай оқулары» байқауы

            Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру, қазақ халқының ұлы ақыны, данышпаны – Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіре отырып, адамгершілік рухында тәрбиелеу, Абай сөздерін терең түсінуге баулу,  тума талант, табиғи дарындарды анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ұлтжандылық тәрбиені нығайту мақсатында өткізілген республикалық «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңіне №21 ЖББМ КММ-сінен «Ұлылыр әлемі» эссе жазу бағытына 8-сынып оқушысы Әлібек Әсет, «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Бөлек Аяжан қатысты.

            Республикалық «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңінен ІІІ орын иегері 11-сынып оқушысы Бөлек Аяжан «Көңілім әнді ұғады» жетекшісі Абланова Ұлбала Мұратбаевна

Республикалық «Ақберен» сайысының республикалық кезеңі

 

            Республикалық «Ақберен» сайысының республикалық кезеңі Ақтөбе қаласында өтті. Маңғыстау облысы бойынша командада №21 ЖББМ КММ-сінен 11-сынып оқушысы Түйебай Көркем, 10-сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

-«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша

11-сынып оқушысы Түйебай Көркем ІІІ орын

Жетекшісі: Абланова Ұлбала

-«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша 

10-сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке ынталандыру
Жетекшісі: Мұрсал Жұмагүл

 

 

Республикалық  «Ақберен»  байқауы

            Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, ұлтжандылық тәрбиені нығайту мақсатында Ақтау қаласы бойынша бөлімінің «№3 ЖББМ» КММ-інде ағымдағы жылдың 22-сәуір күні «Ақберен» байқауы өтті.

            Республикалық  «Ақберен»  байқауының қалалық кезеңінен

  • І орын — 10-сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша жетекшісі Мұрсал Жұмагүл Амантайқызы
  • ІІ орын – 8-сынып оқушысы Қайнарбай Тоғжан «Шешендік, білгірлік» номинациясы бойынша жетекшісі Таңғали Гүлшат Бекқалиқызы
  • Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі 2022 жылғы            28-сәуірде Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясында өтті. 

    • ІІ орын — 10-сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша жетекшісі Мұрсал Жұмагүл Амантайқызы

Математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы

            Математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысушы 6-сынып оқушысы Мусағалиев Нұрахмет жетекшісі Құлшықова Мөлдір

Облыстық 9-11 сынып оқушыларының ғылыми жоба сайысы

 

            Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде информатика секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Тлеген Саяжан          ІІІ орын
Жетекшісі: Сулейменова  Сабира

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген   мектеп лигасы жарысы

            Маңғыстау облыстық білім басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық мектеп лигасы жарысында Маңғыстау облысы білім басқармасы, Ақтау қалалық білім бөлімінің №21 жалпы білім беру мектебінің оқушылары топ жарды. Атап айтар болсақ, футболдан 9-11- сыныптар командасы І орын, 7-8- сыныптар командалық есепте І орын, 5-6 сыныптар командасы І орын, волейболдан 9-11 сыныптардың ұлдар командасы І орын, 9-11- сынып қыздар командасы ІІ орын, футболдан ІІІ орын иеленіп, мектеп мерейін өсірді.
Асық ату сайысында да оқушыларымыз намысты қолдан бермей, үздік өнер көрсетті.       5-6 сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы І орын, 5-6 сыныптардың қыздар командасы І орын, 9-11- сыныптардың қыздар командасы І орын, 9-11 сыныптардың ұлдар командасы ІІ орын, 7-8- сынып қыздар командасы ІІІ орын алды.

            Маңғыстау облыстық білім басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Теңбіл доп» облыстық мектеп лигасы жарысында мектебіміздің 9-11- сынып ұлдары командасы жүлделі І орынды иеленсе, гандболдан         ІІІ орынға тұрақтады. Футзалдан 5-6-сынып ұлдары командасы жүлделі    ІІ орынды еншіледі.
            ҚР чемпионаты алдындағы 2007-2008  жылы туылған қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысында мектебіміздің оқушы қыздарынан құрылған командасы             І орынды иеленді.Топ жаттықтырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі Қ.Егізқараев.
            Сондай-ақ 2008 жылы туған және одан жас спортшылар арасындағы Маңғыстау облысының чемпионатында ұлдар және қыздар арасындағы волейбол жарысынан мектебімізден қатысқан ұлдар және қыздардан құралған қос команда ІІІ орындарды еншіледі. Топ жаттықтырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш. Дүйсенбаев.

«Достық» олимпиадасының тестісі

            Ақтау қалалық білім бөлімі мен «Достық-Ақтау» білім беру орталығының ұйымдастыруымен 14.04.2022 жылы күні 5-сынып оқушылары «Достық» олимпиадасының тестін тапсырды. Тестілеу электронды форматта, edutest.kz сайтында орындалды. 220 оқушы қатысты.

Ақтау қалалық білім бөлімі мен «Достық-Ақтау» білім беру орталығы бірлесе ұйымдастырған «Достық» олимпиадасының 2- турына өткен оқушылар тізімі (қазақ тілінде оқытатын мектептер бойынша)

2-тур 23.04.2022 күні болды

Республикалық  Әбіш оқулары байқауы

 

            Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында республикалық  «Әбіш оқулары» байқауы өтті.

  • ІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Алиева Ақбота «Иллюстрациялық суреттер салу» бөлімі бойынша жетекшісі Дәрібекұлы Досат
  • ІІІ орын иегері 11-сынып оқушысы Шолдан Назерке «Зерделеу жоба» бөлімі бойынша жетекшісі Дәулетқали Сәния
  • ІІІ орын — №21 ЖББМ оқушылары командасы «Сахналық қойылым» бөлімі бойынша жетекшілері Тілекбергенова Айнамкөз, Теңелова Мадина

 

«Жасыл әлем, жасыл қала» байқауы

            Жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Семей полигонының жабылуының 31 жылдығы аясында «Жасыл әлем, жасыл қала» атты онлайн форматта сәуір айында өткен байқауының «Табиғатқа бірге көмектесейік» номинациясы бойынша қалалық кезеңнен І орын, облыстан ІІІ орын иеленген 7-сынып оқушылары Сұлтан Ақмоншақ, Сәндібек Мөлдір жетекшісі Шугаева Мадина.

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсы

          Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобаларының мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, сонымен қатар қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару мақсатында өтті.

Ережеге сәйкес зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды қорғау слайд түрінде өткізілді. Қорғауға авторға (бірлескен авторға) баяндама үшін 7-10  минут уақыт берілді.

            Мектепішілік кезеңге 18 оқушы 5 топтық жұмыс, 8 жеке жұмыс қорғалды. Оқушылар қазылар алқасының шешімімен қалалық кезеңге өткізілді.

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсы

-Қалалық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша І орын 2-сынып оқушысы Мурзахметова Амина
Жетекшісі Қосжанова Тұрсынгүл

-Облыстық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті секциясынан ІІ орын 2-сынып оқушысы Мурзахметова Амина
Жетекшісі: Қосжанова Тұрсынгүл.

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсы

-Тарих, өлкетану, этномәдениеттану секциясы бойынша ІІ орын 4-сынып оқушысы Сарсенғалиева Айым Қайратқызы

Жетекшісі: Өтелгенова Ұлдана Жолболдықызы

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсы

-Химия, биология секциясы бойынша ІІІ орын 9-сынып оқушылары Балшыбай Мөлдір, Алмурзина Кира

Жетекшісі: Сәрсен Алтынай Жетекқызы

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

            Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев «Халық бірлігі және реформалар-Ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында – «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс»-деп нақты атады.

            Ел экономикасын, оның ішінде ауылшаруашылығы саласын қарқынды дамыту үшін біліктілігі жоғары мамандар қажет екендігі бәрімізге мәлім.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университеті , АӨК және экономиканың басқа да салаларын мамандармен қамтитын жоғары оқу орны ретінде, 26 бакалавриат, 27 магистратура және 23 PhD докторантура мамандықтары бойынша қабылдауды жүргізеді. Қазіргі кезде білім алушылар контингентін 12 мыңнан астам студенттер, магистранттар, докторанттар құрайды, олардың 70% мемлекеттік білім гранттары бойынша оқуда. Университетімізде білім алушылар үшін сапалы білім алуға, жатақханада тұруға және сабақтан тыс уақытын өткізуге қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.

            Бүгінгі күні кәсіптік бағдарлау жұмысы оқушыларға мамандықтарды дұрыс таңдауға көмек көрсетуге, мамандықтардың қызметтік салаларын, сондай-ақ жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін түсіндіруге бағытталған.

            13.04.2022 жылы күні С. Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университеті өкілі 11-сынып оқушыларымен кездесіп, университеттегі мамандықтар туралы мағлұмат берді. Оқушыларға анықтамалық таратылды.

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

19.04.2022 жылы күні Ақтау қаласы 27 шағынауданда орналасқан Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің кәсіптік бағдар беруші Курсакбаева Әдемі Бекеновна №21 ЖББМ      9-сынып оқушыларына колледж туралы, күндізгі оқу бөлімінің мамандықтарымен, құжаттар тізбесімен таныстырды. Мектеп оқушыларын Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжіне оқуға түсуге шақырды. Оқушыларға анықтамалық таратылды.

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

20.04.2022 жылы күні Ақтау қаласы 9 шағынауданда орналасқан «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі» ЖШС кәсіптік бағыт-бағдар беру бағыты бойынша колледждің кәсіптік бағдар беруші мамандары Әбілмажанова Ш.М., Узакбаева А.С. №21 ЖББМ      9, 11-сынып оқушыларына колледж, АТК университеті туралы, күндізгі оқу бөлімінің мамандықтарымен, құжаттар тізбесімен таныстырды. Мектеп оқушыларын «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі» ЖШС-іне оқуға түсуге шақырды. Оқушыларға анықтамалық таратылды.

Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы

Жалпы білім беретін мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасынанҚазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор Қанипа Бітібаеваның мұраларын жетік меңгерген, білімді оқушыларды анықтау мақсатында ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «И. Жанболатова атындағы №15 ЖББМ» КММ-інде ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының қалалық кезеңі өтеді.

            Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының қалалық кезеңінде

  • ІІІ орын — 9-сынып оқушысы Қартбай Диляра жетекшісі Жұбан Зоя Темешқызы
  • ІІ орын — 11-сынып оқушысы Шолдан Назерке жетекшісі Дәулетқали Сания Сақанқызы

Республикалық Қадыр оқулары байқауы

             Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, Қадыр Мырза Әлі шығармалары негізінде өскелең ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, ақын өлеңдерімен оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, қатысушылардың орындаушылық шеберлігін шыңдау, ақындық өнерді дәріптеу мақсатында республикалық Қадыр оқулары байқауы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицейі» КММ-інде 10.02.2022 ж. күні өтті.

            Республикалық Қадыр оқулары байқауының қорытындысы бойынша:

-Ақындық номинация бойынша 11- сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке бас жүлде жетекшісі Мұрсал Жұмагүл

-Ән номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Қабылқақ Есіл  бас жүлде

жетекшісі Абланова Ұлбала,
-Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша
6-сынып оқушысы Қолғанатұлы Али ІІІ орын жетекшісі Абланова Ұлбала
Облыстық кезеңінен ән номинациясы бойынша  6-сынып оқушысы Қабылқақ Есіл           ІІІ орын

Республикалық  «Мағжан оқулары»  байқауы

 

            Жалпы білім беретін  мектеп  оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан Жұмабаев шығармаларыннасихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті жандандыру, дарынды балаларды анықтау, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында    
республикалық  «Мағжан оқулары»  байқауының қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 15 сәуір күні өтті.

 

Жалпы білім беретін  мектеп  оқушыларының  арасында өтетін 
республикалық  «Мағжан оқулары»  байқауының қалалық кезеңінен

 

  • ІІІ орын — 9- сынып оқушысы Ғабиден Алихан «Мағжан поэзиясы-метафоралық бейнеде» шығармашылық жұмыс бағыты бойынша жетекшісі Сейтова Айнагул Кенжешқызы

 

Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауы

            Ақтау қаласы бойынша жалпы білім беретіноқу орындары оқушыларының арасында республикалық «Мұқағали оқулары» байқауы өтті.

  • ІІ орын иегері — «Жыр эстафетасы» айдары бойынша 8-сынып оқушысы Аңшыбай Ботагөз жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каналиева Маншүк Турарбековна

Робототехника бойынша «Fist Robotics» Халықаралық біріншілігінің республикалық кезеңі

            Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің «Роботехника» үйірмесінің қатысушы оқушыларынан құралған «Smart Children» командасы 25-27.02.2022 жылы күндері аралығында Алматы қаласы, Қаскелең қаласында робототехника бойынша «Fist Robotics» Халықаралық біріншілігінің республикалық кезеңіне қатысып, 160 қатысушылар арасынан «Promotion and Comunication Award » кубогын және сертификатын иемденіп қайтты.