Мектеп директоры: Енсегенова Гулзада

  Ақтау қалалық  білім бөлімінің   

                                                             «№ 21 жалпы  орта  білім беру мектебі»

                                                             коммуналдық мемлекеттік  мекемесі 

                                                             директоры Енсегенова  Гулзадаға

         Енсегенова  Гулзада   1972 жылдың 4 қаңтарында  Маңғыстау  облысы  Түпқараған  ауданында  дүниеге  келген.  Ұлты – қазақ.

         1995 жылы Атырау педагогикалық  университетін  филология факультетін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні мұғалімі  мамандығы  бойынша  бітірген. Жоғары  санатты  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі.

           Еңбек  жолын  1992 жылы Шахта  орта мектебінде  аға вожатый  болып бастап,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі қызметіне  ауыстырылған.  1997 жылы  Ақтау қаласындағы  № 11 орта  мектепке  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  ретінде  жұмысқа  қабылданып, 2008 жылы  мектеп директорының  тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары болып  тағайындалды. 2013 жылдың  қазан айынан бастап  «№ 11 мамандандырылған  физика – математикалық  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  директоры  болып  қызмет  атқарды.  2018 жылдың  6 қарашасынан  бастап  «№ 21 жалпы орта білім беру  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің директоры. 

             Енсегенова  Гүлзаданың  ұстаздық  қызметі  2 тағаннан тұрады: бірі- шәкірттерін ана тілі мен әдебиетінің  мөлдір бастауларынан  сусындату, екіншісі —  мектеп  басшысы  ретінде мектептің  білім сапасын  көтеру.

             Қай істе де білімділік  пен инабаттылықты, шеберлік пен парасаттылықтың  үлгісін көрсетіп жүрген тәжірибелі  маманға әріптестері дән риза. 

             Марапаттары, атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы алған жылын көрсете отырып

  1. 2016ж. Қалалық «Мектеп директоры-2017» байқауы. І ОРЫН. 
  2. 2016ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ. 
  3. 2016ж наурыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АЛҒЫС ХАТЫ. 
  4. 2017ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының АЛҒЫС ХАТЫ.
  5. 2017ж желтоқсан. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ.
  6. 2017ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ. №21208.
  7. 2017ж қазан. Маңғыстау облысы әкімінің «Үздік қала мектебі-2017» премиясының жүлдегері. 
  8. 2018ж тамыз. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының АЛҒЫС ХАТЫ. АХ № 000781.
  9. 2018ж қазан. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ.
  10. 2019ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ. ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ. 



Еленген еңбек жемісі 📖🏅

Бірімізге біріміз сәрсенбінің сәтті күнін тілеп бастаған бүгінгі күніміз мектебіміз үшін, ұжым үшін жақсы жаңалықпен қорытындыланды.

Білім саласында 30 жылдан аса қызмет етіп, ұлағатты ұстаздық жолға бар күш-жігерін салып, “Білім” мұхитында ұстаздар мен шәкірттерді жетелейтін “Мектеп”атты алып кемеге мұхиттың сан-қилы толқындарына қарамастан жол көрсетіп келе жатқан, еңбек жолы жемісті жетістіктерге толы мектебіміздің басшысы Енсегенова Гулзада Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

Құрметті, Гүлзада Еңсегенқызы!
Сізді ерекше еңбегіңіз үшін берілген лайықты төсбелгіңізбен, айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Абыройлы қызметіңізге жеміс пен табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Білім саласында бір шәкіртті тәрбиелеу арқылы бүкіл ұлтты тәрбиелейміз деген ұстанымдағы етіп жатқан еңбегіңіз елене берсін!

Ізгі ниетпен: Мектеп ұжымы

🗓24 тамыз, 2022 жыл.